Нау 27, 2021 16:21 Asia/Almaty
  • Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (13)

«Әнбия» сүресінің 105-ші аяты: و لَقَدْ کَتَبْنا فِی الزَّبُورِ مِنْ بَعْدِ الذِّکْرِ أَنَّ الْأَرْضَ یَرِثُها عِبادِیَ الصَّالِحُونَ

«Әнбия» сүресінің 105-ші аяты: «Расында Тәураттан кейінгі Зәбүрде: “Жерге игі құлдарым мұрагер болады” деп жаздық».

Бұл аятта әлемді болашақта әділ қызметшілердің бірінің билейтіні және оның залымдар мен жаман адамдардың орнына келетінін жариялайды. Бұл тақырыптың хазірет Дәуіттің  кітабы Забурде айтылуы хазірет Дәуіттің кең үкіметінің ақиқат, әділеттілік және адам мүдделері жолында  болғанына байланысты болуы мүмкін. Әрине, оның билігі бүкіл әлеге таралмады. Бірақ Забур кітабында оған әлемді азаттық, қауіпсіздік пен әділеттілік  орнатуды көздеген  үкіметтің басқаратыны туралы ескерілді. Яғни, адамдар жеткілікті лайықты болып, Алланың лайықты  құлдарының шынайы үлгісіне айналғанда, олар жердің барлық мұралары мен сыйлықтарына иеленеді. Көптеген рауаяттарда жердің мұрагері болатындар әділ құлдардың хазірет Мехдидің (ғ.с.) серіктері екендігі туралы айтылды. Имам Бақир (ғ.с.) бұл аят туралы: «Олар ақыретте Мәһдидің (ғ.с.) серіктері болады. Өздерін тәрбиелеген ерлер мен әйелдер жер бетіндегі барлық мұралардың иелері  және олар осы ұлы миссияға лайық болады»,- деді. Бір қызығы, қазір Ескі өсиет (Тора) кітаптарының бір бөлігі болып табылатын хазірет Дәуіттің Забур кітабында бұл тақырыптың әртүрлі түсіндірулерін көруге болады. Мысалы, Забурдың 37-ші бөлімінен: «Залымдар жойылады, ал Аллаға иман келтіргендер жерді мұра етеді»,- деп оқимыз.

 

Тегтер