Нау 28, 2021 14:46 Asia/Almaty
  • Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (14)

«Нур» сүресі 55-ші аят: وَعَدَ اللَّهُ الَّذِینَ آمَنُوا مِنْکُمْ وَ عَمِلُوا الصَّالِحاتِ لَیَسْتَخْلِفَنَّهُمْ فِی الْأَرْضِ کَمَا اسْتَخْلَفَ الَّذینَ مِنْ قَبْلِهِمْ وَ لَیُمَکِّنَنَّ لَهُمْ دینَهُمُ الَّذِی ارْتَضى لَهُمْ وَ لَیُبَدِّلَنَّهُمْ مِنْ بَعْدِ خَوْفِهِمْ أَمْناً یَعْبُدُونَنی لا یُشْرِکُونَ بی شَیْئاً وَ مَنْ کَفَرَ بَعْدَ ذلِکَ فَأُولئِکَ هُمُ الْفاسِقُونَ

«Нур» сүресі 55-ші аятында: «Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге; өздерінен бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Сондай-ақ олар үшін өзі разы болған дінін нығайтып, қауіп-қатерден кейін бейбітшілікке айналдырады. Олар, Маған құлшылық қылады. Маған еш нәрсені серік қоспайды. Кім бұдан кейін қарсы келсе, міне солар, бұзақылар»,- деп айтылды.

بقیه الله خیرلکم

Алла Тағала бұл аятта «иман келтіріп, ізгі іс істегендерге» жер бетінде үкімет етуді және илаһи діннің орнатылуы уәде етті. Алланың уәдесі шындық екені анық және адамдардың Оған еркін құлшылық етіп, оның бұйрықтарына бағынатын және онымен ешбір серіктесті серік етпейтін күн туады және таза тауһид  барлық жерде таралады.  Пайғамбарлардың үздіксіз үгіт-насихаттары мен ақыл-кеңестері уәде етілген пайғамбарлар тегі және Алланың елшісінің (с.ғ.с.) таза перзенті хазірет Мәһди (ғ.с.) келген кезде жүзеге асатыны анық.

Рауаяттардың бірінде имам Саджадтың (ғ.с.) бұл аятты оқыған соң: «Алламен ант етемін, бұл мүміндер біздің Аһле-бейтіміздің шиіттері. Алла Тағала солар арқылы және біздің отбасымыздан шыққан  хазірет Мәһди (ғ.с.) арқылы сол халифатты жер бетінде орнатып, дінге билік береді»,- деді. Исламның ұлық пайғамбары: «Егер бұл дүниенің  бір-ақ күн өмірі қалған болса, Алла сол күнді  менің отбасымнан аттас адам келіп, зұлымдыққа толы жерді  әділдікке толтыратындай уақытқа созады»,- деген болатын.

 

Тегтер