Сәу 02, 2021 19:06 Asia/Almaty
  • Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (19)

«Зүмәр» сүресінің 69-шы аяты: وَ أَشْرَقَتِ الْأَرْضُ بِنُورِ رَبِّها: و زمین

 

«Зүмәр» сүресінің 69-шы аяты: «Жер жүзі Раббының нұрымен жарық болады...».  

Қиямет күнінің ерекшеліктерінің бірі - жердің Алланың нұрына бөленуі. Сол күні перделер алынып тасталынады және заттардың негізі мен адамдардың істері, жақсылығы пен жамандығы, мойынсұнушылығы,  шындығы мен жалғандығы әшкереленеді. Алайда кейбір рауаяттарда хазірет Мәһдидің (ғ.с.) көтерілісі де түсіндірілген. Рауаяттың бұл түрі хазірет Мәһди (ғ.с.) келген  кезінде әлемнің қияметтің мысалы болатындығын және Алла Тағаланың қалауымен жер бетінде Пайғамбардың (с.ғ.с.) мұрагері шынайы имам арқылы әділеттіліктің орнатылатынын қуаттайды.

Мофазал бен Умар: «Имам Садеқ (ғ.с.) «Зумәр» сүресінің 69-аятының тәпсірінде: «Біздің басшымыз келгенде, жер Раббысының нұрымен жарқырап, қараңғылық жойылып, адамдар имамның нұрына бөленеді»,- деді.  Сондай-ақ басқа рауаятта былай деп айтылды: «Бір адам имам Резадан (ғ.с.): «Уа, Алла Елшісінің ұлы! Сіздің Аһле бейтініздің келетін құтқарушы кім?»- деп сұрады. Имам Реза (ғ.с.): «Менің перзенттерімнің төртінші ұрпағы  арқылы Жаратушы жерді зорлық-зомбылық пен қылмыстан тазартады. Құтқарушы - халық бұл дүниеге келгеніне күмәнденетін және өзі біраз уақыт ғайыпта болатын перденің артынан шыққан кезде, жер илаһи нұрмен жарқырап, адамдар арасында әділеттілікті таратады.

 

Тегтер