Сәу 06, 2021 19:45 Asia/Almaty
  • Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (23)

«Сафф» сүресінің 8-ші аяты: یُریدُونَ لِیُطْفِؤُا نُورَ اللهِ بِأَفْواهِهِمْ وَ اللهُ مُتِمُّ نُورِهِ وَ لَوْ کَرِهَ الْکافِرُونَ

«Сафф» сүресінің 8-ші аятында: «Олар, Алланың нұрын өшіруді қалайды. Кәпірлер жек көрсе де Алла нұрын тамамдайды»,- деп айтылды.

«Сафф» сүресінің 8-ші аятына дейінгі аяттарда Ислам пайғамбарының шақыруының нақты қағидалары мен дәлелдеріне қарамастан оған қарсы тұрып, оларды теріске шығарған  қыңыр топ туралы айтылды. Алла Тағала шындықтың дұшпандарының Оның дінін жоя алмайтынын көрсету үшін: «Олар жарқыраған күн сәулесін үрлеп өшіргісі келетін адамға ұқсайды.  Олар көздерін күнге жауып, түнгі қараңғылыққа батып, жарық пен білімнің қайнар көзіне қарсы тұра алады деп ойлайтын жарқанаттар»,- деді.

Ислам тарихы Құрандағы үлкен мақсаттарға жететін мәңгі құжат болып табылады. Өйткені ислам келген алғашқы күннен бастап оны жою үшін түрлі қастандықтар жасалды. Ислам дұшпандары әрдайым әртүрлі мазақтау мен қудалау, экономикалық қоршау, әртүрлі соғыстар және екіжүзділердің ішкі қастандықтары және т.б. жолдармен бұл таза дінді жоюға талпынды. Бірақ Алланың қалауы илаһи нұрды тарату болды.

Мұхаммад бен Фазил: «Мен имам Мұса бен Джафардан (ғ.с.) «Сафф» сүресінің 8-ші аяты туралы сұрағанымда, имам (ғ.с.): «Нұр – имамның өзі. Олар имам Әлидің (ғ.с.) велаятын үрлеп өшіргісі келеді. Алла нұрды тамамдайтының өзі екені туралы айтты. Алла Тағала имаматты тамамдаушы. Яғни Ғайып (ғ.с.) имамның велаятын кемел етіп, имам Мәһди (ғ.с.) келген кезде бұл дінді басқа діндерге басым етеді.