Сәу 07, 2021 19:33 Asia/Almaty
  • Құрандағы имам Мәһдидің (ғ.с.) бейнесі (24)

«Мүлк» сүресінің 30-шы аяты: قُلْ أَ رَأَیْتُمْ إِنْ أَصْبَحَ ماؤُکُمْ غَوْراً فَمَنْ یَأْتیکُمْ بِماءٍ مَعینٍ

 

«Мүлк» сүресінің 30-шы аяты: «Оларға: “Көрдіңдер ме? Егер суларың құрып кетсе, сендерге, бір аққан суды кім келтіреді?”- де».

Құран аяттарының тәпсірінің сыртқы және ішкі мағнасы бар. Осыған орай сыртқы тұрғыдан бұл аят Алла елшісіне мүшіріктер мен пұтқа табынушыларға наразылық білдіруге арналған. Бұл аятта тұзшы су Мекке мен оған жақын жерде ағатын болғандықтан, олардың оны пайдалана алатындары туралы айтылып, бұл тұзшы мөлдір суды сендер үшін кім жібере алады деген сұрақ қойылады. «Мүлк» сүресінің аталмыш аятының терең тәпсіріне тоқталсақ, имам Бақер (ғ.с.) былай деген: «Бұл аят Алланың әділеттігімен келетін имам туралы. Сондықтан сіздердің имамдарын ғайып болса және онымен қарым-қатынас орнатылмаса, сіздер үшін аспандар мен жердің хабары мен Алланың халалы мен харамын белгілейтін имамды кім жібереді. Алламен ант етемін, бұл аят орындалмады, бірақ соңында орындалады». Имам Бақер (ғ.с.) бұл аяттың терең тәпсірінде, суды имам деп санайды. Өйткені имамның өмір сүруі су сияқты өте маңызды. Ол ізбасарларына рухани өмір сыйлайды.

Аммор Ясер: «Соғыстардың бірінде Алла елшісімен бірге болдым. Бұл соғыста хазірет Әли (ғ.с.) күпірліктің туын көтерушісін өлтіріп, басқаларын ыдыратты. Алла елшісінің қасына барып: «Уа, Алла елшісі! Әли (ғ.с.) Алланың жолында жиһад  құқын орындады»,- дедім. Алла елшісі: «Иә, солай, ол менен кейінгі менің орынбасарым. Алла Тағала жол нұсқаушы имамдарды, олардың соңғысы Мәһдиді (ғ.с.) жібереді»,- деді. Пайғамбардан (с.ғ.с.) Мәһдидің (ғ.с.) кім екенін сұрадым.  Алла елшісі: «Уа, Аммор! Алла пәк имамдарды Әлидің (ғ.с.) перзенттерінен сайлады және халыққа көрінбейтін олардың соңғысы Мәһди (ғ.с.). Ол туралы Жаратушы «Мүлк» сүресінің 30-шы аятында: «Оларға (кәпірлерге): “Көрдіңдер ме? Егер суларың құрып кетсе, сендерге, бір аққан суды кім келтіреді?”- де»,- деп айтылды»,- деп жауап берді». 

         

 

Тегтер