Сәу 18, 2016 16:11 Asia/Almaty
  • Батыстағы адам құқығының бұзылуы: болжамнан ақиқатқа дейін 2

Еуропаға ағылған босқындардың саны көбейген сайын, кейбір еуропалық мемлекеттерде, соның ішінде Данияда шекараларды бақылау күшеюде.


Бүгінгі күні миграция, босқындық және пана іздеу 21-ші ғасырдың маңызды мәселелерінің қатарын құрап отыр. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша әлемде кемінде 59 миллион адам соғыс, климаттық өзгерістер, құрғақшылық, кедейшілік және жұмыссыздық немесе басып-жаншу әрекеттерімен кезігіп, туған жерлерінен қашып, қоныс аударуда.
 Еуропа құрлығы – босқындардың бет алған ең маңызды жерлерінің бірі. Өткен бір-екі жылда Еуропаның ішіндегі миграцияның толқыны артып, бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Еуропаға ағылған босқындардың саны көбейген сайын, кейбір еуропалық мемлекеттерде, соның ішінде Данияда шекараларды бақылау күшеюде. Дания үкіметінің соңғы  әрекеті, яғни пана іздеп келгендердін мүлкін тартып алу туралы заңның бекітілуі босқындар мен адам құқығының белсенділерін үмітсіздікке душар етті. 2015-ші жылы Данияда 21 мыңға жуық босқын тіркелді. Даниямен көршілес  Швецияда бұл сан 163 мың адамға жетті. Дания өткен айларда  бұл елге босқындарды кіргізбеу үшін бар күшін салды. Сондай әрекеттердің бірінде бұл елдің үкіметі ливандық газетте араб тілінде мәлімет жариялап, босқындардың Данияға келуін бұл мемлекет үшін дұрыс емес деп дәлелдеді. Дания үкіметінің бұл елдің босқындар үшін қызық емес екенін дәлелдеу үшін әртүрлі тәсілдерді пайдаланатындығы туралы айтуда. Адам құқығы белсенділерінің көбінің наразылықтарына себеп болған жаңа әрекет Дания Парламентінің пана іздеп келгендердің мүлкін тартып алу туралы жобаны бекітуі болды. Дания Парламенті 2016-шы жылдың 26-шы қаңтарында  сол елдің басшыларына  босқындардың ақшасы мен мүлкін алып қоюға рұқсат ететін  шешім қабылдады. Дания басшылығына пана іздеп келгендердің  құнды мүлкі мен ақшаларын тартып алуға рұқсат беретін жанжалды  жоба 26-шы қаңтарда Дания Парламентінде 81 «оң» және 27 «қарсы» дауыспен қабылданып, заңға айналды. Пана іздеп келгендердің мүлкін тартып алу жобасы Данияның оңшыл либералдық үкіметінің миграция заңына өзгерістер енгізу және мигранттардың бұл елге кіруіне шектеу салу жобасының бір бөлігі саналады. Сөйтіп, мигранттар Данияға кірген кезде тексерістен өтеді. Егер Данияға келген кезде  олардың қолында  10 мыңнан астам даниялық крон, яғни 1340 еуродан артық ақша болса, ақшасы алынады. Бұл ақша мен мүлік келешекте мигранттардың қаржыларын қамтамасыз ету үшін мигранттардың қорына салынады. Сондай-ақ мигранттар жанұяларын әкелу үшін 3 жыл күтулері керек болады. Парламенттегі үкіметтің қарсыластары, азаматтық құқық белсенділері мен Дания және басқа елдердегі адам құқығы ұйымдары мигранттардың мүліктерін тартып алу ісінің Данияның негіздерін құрайтын құндылықтарды қорлау болып табылатынын және бұл елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретінін ескертті. Олардың кейбіреулері бұл жобаны нацистер кезіндегі  аз санды халықтарға қарсы адамгершіліктен жат әрекеттермен салыстырды. БҰҰ-ның Босқындар жоғары комиссариаты бұл жобаның бөгделерден үркіту жобасына себеп болатыны туралы ескертті.  Бақылаушылардың пікірінше Данияда мұндай заңның бекітілуі келешекте басқа еуропалық мемлекеттерге зиян келтіреді. Айта кететін жәйт, Дания үкіметі бұл жобаға қарсы сындарға қарамастан, оны қорғап: «Бұл әрекетті заң ретінде бекітудің мақсаты мигранттарға қажетті қаржыны қамтамасыз етуді жеңілдету»,- деді. Дания Премьер-министрі Ларс Лёкке Расмуссен бұл жобаны «мемлекеттің тарихындағы күдік-күмән тудыратын жоба» деп атады. Бұл жоба бекітілместен бұрын Дания үкіметі «Вашингтон пост» газетінің сұрақтарына берген жауабында: «Бұл жоба бойынша мигранттардың құнды заттары одан алынады, бірақ аса қымбат болмаса, сағат, ұялы телефон, әшекей бұйымдары өздерінде қалады»,- деді. Сондай-ақ, мигранттар материалдық құндылықтар саналатын  естеліктерді өздерінде қалдыра алмайды. Негізінде мигранттар басқа адамдар сынды әлемдік адам құқығы жарлығында қарастырылған барлық құқықтарға ие. Әлемдік адам құқығы жарлығының 17-ші бабы бойынша: «Әр адам жеке немесе қоғамдық түрде мүлікке ие бола алады. Ешбір адамды өз еркімен мүлікке ие болу құқығынан айыруға болмайды». 1951-ші жылдың 28-ші қаңтар күнгі  мигранттардың жағдайына қатысты  конвенция  мигранттардың мүлікке ие болу құқығын құрметтеп, олардың мүлкіне шабуыл жасамайды. Сондықтан  халықаралық заңдар негізі бойынша Дания үкіметінің бұл әрекетін ақтауға болмайды. БҰҰ Мигранттар агенттігінің аймақтық баспасөз хатшысы Зоран Стеванович: «Дания дәстүрлі түрде адам құқығы стандарттарын анықтау тұрғысынан басқа мемлекеттерге  үлгі болды. Ынтымақтастық білдіріп, босқындарды паналатудың орнына  біржақты шешім мен шектеу қоюға шоғырланды. Біз мигранттарға шектеу қойылып, жанұяларының оларға қосылуы жолында қиындық туындағандарына алаңдаудамыз. Сондай-ақ  мигранттар арнайы мекендерде тек бір жыл ғана өмір сүре алады, ал жанұя мүшелерін алдырту  туралы тек үш жылдан кейін ғана өтініш алатындығы да алаңдатарлық мәселе»,- деді. Зуһре 21 жасар ауғандық босқын бойжеткен бұл заң іске асырылған соң көздері жасқа толып, «Гардин» газетінің  тілшісіне: «Мен Данияға қоныс аудару туралы ойлап жүрген адамдарға айтарым, Еуропаға, әсіресе Данияға келмеңдер. Дания үкіметі күннен күнге мигранттарға қатысты заңдарын қиындатуда. Мұнда келген адамдар қыдырып келмейді. Олар өз елдерінде көптеген қиындықтармен кезіккендер. Мен Ауғанстаннан  кету туралы шешім қабылдаған кезде баратын елімді әдемілігі немесе байлығы үшін таңдаған жоқпын. Мен бұл жерді қауіпсіздікте өмір сүру үшін таңдадым. Бізде  тек жаңа өмірді бастау үшін қажет аз ғана ақшамыз бар»,- деді. Жан Клод Мангомба Данияға Конгодан келген 48 жастағы ағылшын тілінің мұғалімі және армияның бұрынғы офицері. Ол: «Халықтың көбі соғыстан қашуда. Олар елдерінен қашқан кезде қажет әрі көтере алатын нәрселерін өздерімен бірге алып жүреді. Бұл нәрселер оларды бай немесе қылмыскер етпейді.  Егер олар өздерімен ақша әкелсе, бұл ақша Дания үкіметіне көмектеседі. Өйткені олар ақшаларын Данияның кронына айырбастап, осы елде жұмсайды. Мен Дания үкіметінің мигранттардың ақшасы мен заттарын не үшін алып қойғысы келетіні түсінбеймін. Бұл шешім ақылға сай келмейді. Жаңа заң өте жаман. Олар бізді елдерімізге қайтарғылары келеді. Шын мәнінде  мен бұл жерге келемін деп бұрын ойламағам. Мен елімнің өте нашар жағдайына байланысты  елімнен қашып, бұл жерге келдім. Тіпті үйімнен кетіп, қауіп-қатерді қабылдадым. Мен бағым жанып, аман-есен бұл жерге жеттім. Әйелім мен үш баламды көрмегеніме үш жыл болды. Жаңа заңның бекітілуіне байланысты жанұямды көру үшін көп жыл өтеді. Мен үмітімнен айрылдым. Мигранттарға қатысты жағдай бұл жерде оларды біртіндеп өлтіреді»,- деді.
Шын мәнінде әлемдегі 59 миллион мигрантпен салыстырғанда Еуропаның үлесі өте аз. Мәселен, Сирия дағдарысында көршілес елдер екі жылдан кем уақытта төрт миллионнан астам босқынды қабылдауға  мәжбүр болды. Түркиямен бірге босқындар толқынымен кезіккен Иордания  мен Ливан өз халқының бестен немесе алтыдан бір бөлігін  құрайтын бір миллион босқынға пана берді. Алайда Еуропада  мигранттар  мәселесі кейбір саяси топтар оларды өз мүдделері үшін пайдаланғысы келген кезде шиеленіседі. Басқаша айтқанда, кейбір еуропалық мемлекеттердегі оңшыл пайдакүнем топтар алаңдап, мигранттарға қарсы толқындарды күшейтуде. Экономикалық дамуы салыстырмалы жоғары Словакия сынды мемлекет көптеген қысымдардан кейін тек 200 христиан мигрантты қабылдауға дайын екендігін жариялады.