Маусым 26, 2021 18:49 Asia/Almaty
  • Иран мұражайлары (1)

Мұражай - тарихқа саяхат жасай алатын және адамдар мен жер құрлығындағы басқа тіршілік иелерін таныстыру қызметті атқаратын мекеме.

 

Мұражай -  тарихқа саяхат жасай алатын және адамдар мен жер құрлығындағы басқа тіршілік иелерін таныстыру қызметті атқаратын мекеме.

Мұражай сөзі, грек тілінде museіon – муза сарайы мағнасын білдіреді. Музалар - ежелгі грек мифологиясында ақындар мен өнер адамдарын шабыттандырушылар болды. Ежелгі сөздерге сәйкес,  Грецияда тарихи төбе болған және адамдар оған ғибадат етуге барған және оны Мозин деп атаған.  

ЮНЕСКО қарамағында жұмыс істейтін Халықаралық мұражайлар кеңесі (ICOM): «Мұражай - ешбір материалдық мақсаты жоқ, есігі барша үшін ашық, тұрақты жұмыс істейтін мекеме және ол қоғам мен оның дамуына қызмет етеді»,- деп сипаттады.  Бұл кеңестің пікірінше, мұражайлардың мақсаты - адам мен оның қоршаған ортасынан қалған жәдігерлер мен дәлелдемелерді зерттеу, сондай-ақ  мұраларды сақтап, жинақтап, көрмелерге қойып,  ғылыми-танымдық қызмет атқаратын  мекеме.

*******

Мұражайлар әртүрлі формада болады және әрқайсысы құнды заттарды сақтайды.

Әлемдегі ең маңызды мұражайлар - Лувр мұражайы, Нью-Йорктегі Метрополитен мұражайы, Лондондағы Британ мұражайы, Афиныдағы Акрополь мұражайы және Мадридтегі Прадо мұражайы, олардың әрқайсысы жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген туристерді қабылдайды.

Иранда  мұражайға алғаш рет ХІХ ғасырда назар аударылды. Иранның алғашқы мұражайы Нассер ад-Дин Шах Қаджардың бұйрығымен Гүлстан сарайында құрылды. Әрине, ол жеке мұражай болғандығынан оның жәдігерлері   патшалық және тарихи құралдар мен аспаптар болды. 1916-1918 жылдары қарапайым адамдар да бара алатын «Иран Маареф» атты мұражай құрылды. Бүгінгі таңда Иранда әртүрлі типтегі жүздеген мұражайлар бар. Бірақ Ирандағы ең маңызды мұражай - 1937 жылы салынған және  жыл сайын  Ира және әлемнің түпкір-түпкірінен көптеген туристерді қабылдайтын Иранның Ұлттық музейі деп айтуға болады. Иранның басқа маңызды мұражайлары ретінде Гүлстан мұражай сарайы, Ұлттық зергерлік мұражай, Әйнек мұражайы және басқаларын атап кетуге болады.