Шіл 07, 2021 19:11 Asia/Almaty
  • Имам  Хомейнидің мектебінде (33)

Имам Хомейнидің пікірінше, жақындармен қарым-қатынастарын сақтап, жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру қажет.

 

 

Имам Хомейни жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру парызын орындау үш кезінді қажет етеді және әр кезеңнің мақсаты келесі деңгейге шығумен аяқталады деп санады. Имамның пікірінше, бірінші кезең тілмен айтылмайтын кезең. Бұл кезеңде жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіретін адам зұлымдықты  жүрегімен қабылдамайтынын көрсететін әрекет жасау керек. Ол қарамау, реніш білдіру, теріс қарау, шеттеу сынды әрекеттерімен жиіркенішін білдіреді. Имам Хомейнидің пікірінше,  залым басқарушылар әділеттіліктің жолын азайта алатын тәсілге сәйкес өзгеруі мүмкін деп санайды. Имам бұл салада: «Егер дін ғұламалары мен дін жетекшілерінің залымдар мен залым патшалардан алшақтатуы, зұлымдықты азайтуға  тиімді болып, олардан бас тарту оларға міндетті болып табылады»,- деді.

Имам Хомейнидің пікірінше, жақындармен қарым-қатынастарын сақтап, жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру қажет. Басқаша айтқанда,  бірінші деңгейдегі сақтыққа немқұрайдылық көрсету яғни туыстарымен қатынасты үзуге әкеледі. Ол ғибадатын орындамайтын және құмар ойындар, есірткі алып-сату және мектеп қасиеттеріне тіл тигізетін  туыстарымен қарым-қатынас орнату туралы сұраққа берген жауабында: «Қарым-қатынасты тоқтатпаңдар, мүмкіндіктерінше, дұрыс жолға бағыттаңдар»,- деді. Имам Хомейни сондай-ақ барлық тұрғыдан шариғатты ұстанбайтын және перзентінің айтуынша, «барлық жақтан кәпір» әкесі туралы сұраққа: «Туыстық байланысты үзбей, тіпті мүмкін болмасада, оны дұрыс жолға бағыттауға талпыныңдар»,- деп жауап берді. Имам Хомейни басқа бір жерде: «Шариғат бойынша, адам әкесі, анасы, апа-қарындасы және басқа тақуа емес, намаз оқымайтын және революцияға қарсы туыстары арасындағы туыстық қатынасын үзе аладыма?»- деген сұраққа: «Туыстық қатынасты бұзуға рұқсат етілмеген, бірақ оларды жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру қажет»,- деді.

Имам Хомейни жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендірудің екінші кезеңің сөзбен айту деп біліп: «Егер ол бірінші кезеңмен мақсатқа қол жеткізілмейтіндігін білсе, әсер ету ықтималымен екінші кезеңге өту міндетті болып табылады.  Егер мақсатқа уағыздаумен, дұрыс жолға нұсқаумен және жұмсақ сөйлеу арқылы жету мүмкін болса, бұл міндетті орындау және оны бұзуға жол берілмеуі»,- деді. Жақсылыққа жігерлендіру мен жамандықтан жирендіруді сөзбен жасау кезінде, ол сөйлеу деңгейлері мен дәрежелерін сақтау қажет   және жұмсақ әрі ашық тілмен уағыздауды бірінші кезектегі міндет деп санап: «Жұмсақ және ашық тілмен уағыздау мен басшылық тиімді болса немесе әсер етуі мүмкін болса және бұл кезең қарым-қатынастан аулақ болу және кету кезеңінен аз мазалайтын болса, осы тәсілді пайдалану қажет. Сондықтан жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіруді жұмсақ кезеңнен бастау керек»,- деп мәлімдеді.

Имам Хомейнидің айтуы бойынша жақсылыққа жігерлендіру және жамандықтан тыйудың үшінші кезеңі практикалық болып табылады. Бұл кісі бұл салада: «Егер екі кезеңде мақсатқа қол жеткізілмейтіндігі  белгілі және оған сенімді болса, үшінші кезеңге өту міндетті болып табылады. Үшінші кезең - күш пен әлсіздіктің әртүрлі кезеңдерін байқау арқылы билікті жүзеге асыру. Ол жақсылыққа бұйыру және жамандыққа тыйым салу міндеттерін орындау саласындағы практикалық кірісуді ерекше және қиын жағдайлар үшін қарастырды. Ол екінші жаққа зиян тигізуге немесе түрмеге отырғызуға және шектеуге әкеп соқтыратын жағдайларда жақсылыққа жігерлендіру мен жамандықтан тыйу үшін  шариғат заңгерінің рұқсатын қажет деп санайды. Имам Хомейни жақсылыққа бұйыру және жамандықтан тыйу парызын орындау кезінде   сүйіспеншіліктің сақталуын қуаттап, хазірет Мұса мен Харунның қатынасына тоқталып: «Жаратушы сөзін тыңдамаған, бұзақылық жасаған пендесін құтқару және дұрыс жолға нұсқау үшін пайғамбарын жіберіп, оған жұмсақ сөзбен жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіруді бұйырды»,- деді. Имам Хомейни жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыю міндетін орындаған кезде адамдар оларға еруі үшін  діни ғұламаларға киім кию тәрізіне назар аударуға және жаманнан аулақ болуға  шақырды.