Шіл 15, 2021 22:49 Asia/Almaty
  • Иран: Насир ул-Молк мешіті (123)

Насир ул-Молк мешіті – Иранның Шираз қаласында Қаджарлар заманынан қалған ең әдемі көне мешіттердің бірі. Мешіт жоба, түс және нақыш түрғысынан өз түрінде теңдессіз.

Насир ул-Молк мешіті халық аузында «Қызғылт мешіт» деген атпен танымал. Оның құрылысында үлкен қызғылт шынылар мен қыш тақташалар қолданылған. Мешіт Шираз билеушісі «Насир ул-Молк» деп аталып кеткен Мырза Хасан Әлиханның бұйрығымен сәулетші Мырза Мұхаммед Хасан мен Мұхаммедрезаның қолымен салынды. Мешіт құрылысы х.ш.ж.с.б. 1255 жылдан 1267 жылға дейін 12 жылға созылған.

 

 

Насир ул-Молк мешіті
Бұрын бұл діни ғимарат толығымен жеке меншікте болған. Жалпы халық оны қолданбаған.  
Мешітте қолданылған қызғылт түс адамға сабырлық пен төзімділік сезімін сыйлайды.
Мешіт 150 жылдан аса уақыт бойы халықтың ғибадат ететін орны ретінде қолданылып келеді.
Мешіттің бұралған бағандары – Шираздың тарихи орындарындағы ең әдемі бағандардың бірі.
Мешіттің тас бағандары 6-дан екі қатарда салынған. Олардың саны 12 имамның санына сәйкес.
Мешіттің қабырғасына ойылып жазылған тақташа
Мешіттің кең ауласы оның солтүстік жағында орналасқан.
Мешіттің кіреберісінде түрлі түсті тақташалармен безендірілген үлкен арка бар.
Мешіттің сырлы тақташалары өз түрінде теңдессіз.
Мешіттің айрықша ерекшеліктерінің бірі қызғылт қыш тақташалардың қолданылуында.
Мешітте күмбез жоқ.
Мешіттің таңқаларлық сұлулығы шетелдік туристер мен фотосуретшілерге қолайлы жер тудырды.
Жыл сайын өте көп шетелдік турист мешітті көріп қайтады.
Ирандық сәулет өнерінің көрнекті элементтерінің бірі – дәліз.
Мешіт ғимаратының айналасы жеті түсті қыш тақташалармен көмкерілген.