Қыр 14, 2021 15:34 Asia/Almaty
  • Иран: Ақда ауылы (125)

Ақда ауылы Иранның орталық бөлігіндегі Йезд облысының Ардакан ауданында орналасқан.

Ақда – Ардаканның орталық бөлігіндегі ең ірі әрі көне ауылдардың бірі. Оның исламға дейінгі дәуірге тиесілі 6000 жылдық тарихы бар. Ақдада 1100 жылдық базар мен монша сияқты тарихи ғимараттар, қамалдар мен керуенсарайлар, желтартқыштардың болуы оны Йезд облысындағы ең тартымды ауылдардың біріне айналдырды. Ауылдың архитектуралық құрылысы Йезд қаласының дәстүрлі тарихи қалыбына ұқсайды. Ауылдың көшелері саман кірпіштен салынған үйлерге толы.

 
Ақда ауылы
Ақда ауылындағы күз
Ақданың көшелері
Ақда ауылы тұрғындарының өзіндік әдет-ғұрыптары бар. 
Олар мұхаррам айына он күн қалғанда оны қарсы алуға дайындалып, "Ашур Мослем" деген жерге жиналып, аза тұту рәсімін өткізеді. 
Ақдада көне желтартқыштар бар. 
Ауылдың көне архитектуралық құрылысы көз тартады. 
Ақда көшелері
Ақдадағы "Саме" қамалы
Ақда ауылындағы "Анар" қонақ үйі
Жыл сайын қонақ үйге турист көп келеді. 
"Бумгарди" дәстүрлі қонақ үйі туристерге ауылда тұру сезімін сыйлайды. 
"Бумгарди" қонақ үйінің ғимараты 300 жыл бұрын салынған. 
Ақда ауылының қолөнер бұйымдары - қалы кілемдер, анар мен бадам ағаштарының тілімдерінен тоқылған себеттер. 
Ауылдың басты ауылшаруашылық өнімі - анар.
Ақда анарының сапасы мен дәмі Иран бойынша теңдессіз.