Қыр 28, 2021 18:47 Asia/Almaty

Егер үкіметтің әрекеті немесе әрекетсіздігі халықаралық міндеттеменің бұзылуына әкелсе, халықаралық жауапкершілік туындайды.

 

Біз алдымен халықаралық құқықтағы мемлекеттердің халықаралық жауапкершілігі және оны құру шарттарына назар аудартамыз. Халықаралық жауапкершілік халықаралық құқықтың негізгі принципі болып табылады және мемлекеттердің теріс қылықтарын көрсетеді. Мұндай жағдайда, бұл елдің жауапкершілігі дәлелденсе, ол халықаралық құқыққа егер сәйкес келтірілген шығынды өтеуі тиіс. Яғни іс-әрекет, шығын мен оны өтеу міндеттемесі арасында байланыс бар. Халықаралық қауымдастықтағы жауапкершіліктің маңыздылығы мен ұстанымы ішкі қоғамнан әлдеқайда жоғары, себебі халықаралық қауымдастық - бұл елдердің егемендігіне сүйене отырып еркін шешетін орта. 

Халықаралық соттар мен ұйымдар халықаралық жауапкершілікті реттейтін ережелерді зерттей отырып, үкіметтің жауапкершілігіне баса назар аударды. Осыған байланысты, Халықаралық Сот 1949 жылы 11 сәуірдегі «БҰҰ-на келтірілген залал» ісі бойынша өзінің консультациялық қорытындысында БҰҰ-на мүше немесе мүше емес  мемлекетке қарсы шығынды талап етуге құқылы екенін мәлімдеді. 2001 жылғы мемлекеттердің халықаралық жауапкершілігі жобасының 1 және 2-ші баптарына сәйкес, мемлекеттің кез келген құқыққа қайшы әрекеті оның халықаралық жауапкершілігін тудырады. Халықаралық жауапкершілік халықаралық құқықты бұзу әрекеттен кейін пайда болады.

Халықаралық жауапкершілікті құру тақырыбында БҰҰ-ның Халықаралық құқық жөніндегі комиссиясы халықаралық құқықтың біртіндеп дамуы жөніндегі ғылыми орган ретінде 2001 жобада  мемлекеттердің халықаралық жауапкершілігін қарастырады. Бұл жобаға сәйкес үкіметтің халықаралық жауапкершілігі халықаралық құқық бұзушылықты іске асыру арқылы пайда болады. Әрине, алдымен «меншіктену» мен «міндеттемені бұзу» екі элементі белгіленуі керек. Бұл алдымен бастапқы міндеттеменің бұзылғанын тексеруді білдіреді. Мемлекеттің әрекеті жауапкершілікті тудыратыны халықаралық құқықпен анықталады. Осылайша, егер әрекет халықаралық құқыққа қайшы келсе, онда ішкі құқық нормаларының бұл әрекеттің заңдылығына ешқандай қатысы жоқ, өйткені әмбебап консенсус принципі бойынша халықаралық құқықтағы актілер халықаралық ережелер бойынша бағаланады.

Шәһид Сулейманиді жерлеу рәсім

Егер кез келген үкімет көрші елге заңсыз күш қолданса, жауап береді. Осыған байланысты біз Ирактың Иранға басып кіруіне немесе Ирактың Кувейтке шабуылына сілтеме жасай аламыз. Ирак үкіметі екі жағдайда да кінәлі деп танылды және осы екі елге жасалған агрессия үшін жауап берді. Сондай-ақ, егер мемлекет өз аумағынан автономды қарулы топтардың көрші елге қарсы заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қоймаса, оған жауапкершілік жүктеледі. Жауапкершілікке тарту үшін заңға қайшы әрекет немесе әрекетсіздік халықаралық құқыққа сәйкес мемлекетке жатқызылуы тиіс. Басқаша айтқанда, бұл әрекетті үкімет жасауы керек.

Жеке адамдар мен ұйымдардың әрекеті мемлекетке жатқызылады, бұл тақырып халықаралық құқықпен белгіленеді. Ирандағы құқық зерттеуші  доктор Самад Қаемпанох: «Халықаралық құқық жеке тұлғалар мен ұйымдардың мәртебесін анықтау үшін ішкі құқыққа сілтеме жасай алатынына қарамастан, соңғы шешім халықаралық жүйеге байланысты. Жалпы ереже - мемлекет органдарының актісінен шығу актісі мемлекетке жатады. Сондықтан үкімет армия, полиция, сот, мемлекеттік органдар мен департаменттер сияқты өз органдарының әрекеттеріне жауап береді. Бұл органның әрекеттері үкіметтің іс-әрекеті болып саналады, тіпті егер олар өздерінің жауапкершілік аймағынан тыс әрекет еткен болса да. Мысалы, егер полиция шетелдік азаматқа полиция қызметінде зиян келтірсе, полиция өз құзыретінен тыс әрекет еткен жағдайда да үкімет жауап береді. Сондықтан, аталған орган үкіметтің атынан әрекет еткендіктен, оның әрекеті үкіметті жауапкершілікке итермелейді, ал өкілеттілік шегінен шығу үкіметті жауапкершіліктен босатпайды»,- деді. Ол генерал Қасем Сулеймани мен оның айналасындағылардың 2020 жылдың 3 қаңтарында өлтірілуі тікелей бұйрық бойынша жасалды, сондықтан бұл қастандықтың АҚШ-қа қатысы бар екеніне еш күмән жоқ. АҚШ өзінің мемлекеттік терроризм тәсілімен БҰҰ Жарғысы бойынша міндеттемелерін және халықаралық құқық нормаларын бұзды.

Халықаралық құқық негіздеріне сәйкес генерал Сулеймани мен оның айналасындағыларды өлтіруге АҚШ үкіметі жауапты. Террор АҚШ-тың халықаралық құқық пен халықаралық жауапкершілік бойынша шарттары мен әдеттегі міндеттемелерін бұзу ретінде қарастырылады. Сондықтан, онда заңдылық элементі жоқ және жалпы американдық халықаралық жауапкершілікке әкеледі. Нақтырақ айтсақ, Халықаралық құқық комиссиясының 2001-ші жобасының 1-ші бабына сәйкес АҚШ генерал Сулейманиді өлтіру кезінде халықаралық құқықты тікелей бұзды, сондықтан                           халықаралық құқық бойынша жауап беретін ел болып табылады. Сондықтан генерал Сулеймани мен оның айналасындағыларды өлтіру заңсыз және террористік әрекет үшін АҚШ үкіметі жауапты. АҚШ үкіметі мен Дональд Трамп пен басқа американдық басшылар мойнына  жеке және халықаралық жауапкершілік жүктеледі.

АҚШ үкіметі генерал Сулеймани мен оның айналасындағыларды өлтіргені үшін халықаралық құқық негіздеріне сәйкес жауап беруге міндетті. Сондықтан халықаралық құқыққа сәйкес АҚШ үкіметі шара қолдану керек. Халықаралық құқық нормаларына сәйкес, АҚШ үкіметі Иранның халықаралық соттарға, оның ішінде Халықаралық Сотқа берген шағымына жауап беруі тиіс. Сондай-ақ, халықаралық қылмыстық құқық пен Рим жарғысына (2002 ж.) сәйкес террорға қатысы бар АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен басқа қолбасшылары заңды қудалау мен қатаң жазаға тартылады. Халықаралық қылмыстық құқық бойынша шенеуніктердің немесе қолбасышлардың қолсұқпаушылық құқы олардың адамзатқа қарсы   қылмыстары үшін жазаға тартылуына кедергі бола алмайды. Осыған байланысты, заңгер және Иранның Сақшылар кеңесінің өкілі доктор Аббас Али Кадходаи, 27 ақпан 2021 ж.: «АҚШ үкіметі мен Трамптың өзі жасаған қылмыс адамзатқа қарсы қылмыс болды.  Демократия мен адам құқығы  туралы уәж айтатын мемлекет өзінің заңсыз мүдделерін жүзеге асыру үшін ешбір қылмыстан бас тартпайды және осындай айуандық әрекетке барады. Иранның сот жүйесі мен Сыртқы істер министрлігі бұл мәселені екі құқықтық және қылмыстық тұрғыда қарастыруда»,-  деді.