Жел 12, 2021 23:09 Asia/Almaty

АҚШ-тың халықаралық қатынастар, ұлттық мүдделер кеңесі, Атлантикалық кеңес және Брукингс сараптамалық орталықтарының бірқатар сарапшылары генерал Солеймани мен оның қасындағылардың өлтірілуін Трамптың Иранның жоғары шенді әскери қолбасшысын өлтіруі халықаралық құқық нормаларын бұзып, Американың Батыс Азиядағы және әлемдегі саяси беделіне нұқсан келтіретінін мойындайды.

 

Халықаралық құқық сарапшысы Джон Беллингер 2020 жылдың 6 қаңтарында Халықаралық қатынастар кеңесінің сайтында «АҚШ-тың Солейманиді өлтіруі құқықтық нормаларды бұзады ма?» деген мақаласын жариялады. Блингер бұл қастандықты  АҚШ-тың ішкі заңнамасы мен халықаралық құқық тұрғысынан қарастырып: «Ақ үй бұл шабуылдың ішкі заңнамасының негізін анықтамағанын және Конгресстің мұндай шабуылға рұқсат бермегенін ескере отырып, Дональд Трамп қарулы күштердің бас қолбасшысы және атқарушы басшы ретіндегі өзінің конституциялық ықтиярларына сүйенген болар. Шамасы, Трамп 2001 және 2002 жылдары Конгресс қабылдаған «Қарулы күштер басқармасы» (AUMF) заңына  сүйенбеген сынды. 2001 жылы бектілген AUMF заңы 11 қыркүйектегі шабуылдарға жауапты елдермен, ұйымдармен және жеке тұлғаларға қатысты, сондықтан ол генерал Сүлейманиге қарсы күш қолдануға лицензия емес»,- деді. Блингер халықаралық құқық тұрғысынан генерал Солейманидің өлтірілуінің заңдылығына күмән бар деп санайды. БҰҰ Жарғысына сәйкес, егер қарулы шабуылдан қорғану немесе қарулы шабуылдың алдын алу үшін  болмаса мемлекеттердің келісімінсіз және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рұқсатынсыз басқа елге қарсы күш қолдануға тыйым салынады. АҚШ-тың сол кездегі Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео шабуыл өзін-өзі қорғау мақсатында жасалды деп мәлімдеді, бірақ үкімет әлі дәлел келтірген жоқ. Егер АҚШ үкіметі шабуылды өзін-өзі қорғау әрекеті ретінде қарастырса, АҚШ Жарғысының 51-бабы Қауіпсіздік Кеңесіне дереу есеп жіберуі керек еді, бірақ олай етпеді.

Генерал Солеймани ДАИШ-ке қарсы күресте Иракты қолдауда  маңызды рөл атқарды

Дэвид Медникофф 2020 жылы 13 қаңтарда  АҚШ-тың ұлттық мүдде институтында жарияланған «АҚШ-Иран қақтығысы және халықаралық бұзушылықтың салдары» деп аталған мақаласында генерал Солейманиге қарсы террордың АҚШ-на әсері туралы ақпаратты көтеріп, оларға жауап беруге талпынды. Медникоффтың пікірінше, АҚШ-тың ирандық әскери қолбасшыға қарсы шабуылы халықаралық құқықты бұзу саналады. АҚШ-тың ешқандай қауіп-қатерсіз немесе шабуыл қаупінсіз басқа елдің рәсми басшысын өлтіруі заңсыз және соғыс әрекеті болып табылады.  Ирактың келісімінсіз басқа елдің шенеунігін Ирак жерінде өлтіруі АҚШ-тың тағы бір проблемасы. АҚШ-тың Ирак жеріндегі әрекеті екіжақты келісімге негізделгенімен, бұл Вашингтонға Ирак жеріндегі басқа елдердің басшыларына еркін шабуыл жасауға мүмкіндік бермейді. Халықаралық құқықта күш қолдану қажеттілік, шұғыл және орындылық сияқты мәселелерді ескеруі керек. Бірақ халықаралық қауымдастық АҚШ-тың Ирак жерінде Иранның ресми әскери қызметкері генерал Солейманиді өлтіруінен бұл үш мәселенің ешқайсысын көрмеді. Шын мәнінде, Иранның ядролық келісімге табанды болуы және генерал Солейманидің ДАИШ пен әл-Қаида лаңкестігіне қарсы күресуі генерал Солеймани мен Иран үкіметінің АҚШ үшін қауіп болмағанын көрсетеді.

Аятолла Хаменеи шәһид Солеймани мен оның қасындағылардың жаназа намазын оқыды 

Ұлттық мүдделер орталығының сарапшысы Медникофф мақаласының жалғасында Иранның Ирактағы АҚШ базаларына зымыран атықлауы туралы: «Халықаралық құқық өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді және Иранның жауабы да осы заң шеңберінде болды. Бұған қоса, Трамптың ресми басшыны өлтіруін соғыс деп бағалаудың да мәні бар. Сондықтан заңды қорғаныс пен өзін-өзі қорғаудың шеңбері Иранға өзара жауап беруге мүмкіндік береді және Иранның жауабы АҚШ-тың шабуылына және оның әскери мақсаттарына қарсы болды.  Америкалықтардың, соның ішінде Трамптың әрекеттері халықаралық құқыққа қайшы болған кезде, халықаралық қоғамдастық халықаралық құқықтың бұзылуын елемейді. АҚШ-тың халықаралық құқықты бұзуы басқа елдердің Вашингтонға деген сенімін қатты әлсіретеді. АҚШ-тың әскери әрекеті қарсыластарды ашуландырып, олардың жігерін арттырады. Иранның барлық топтары генерал Солейманидің өлтірілуіне  бірауыздан наразылық білдірді. Ирандықтар АҚШ-қа қарсы бұрын-соңды болмаған деңгейде ынтымақтастық пен ашу көрсетті. Сонымен қатар, бір мемлекет халықаралық құқықты бұзса, басқа елдер ашуланады. Халықаралық тәртіп өзара ынтымақтастық пен сенімді қажет етеді. АҚШ-тың халықаралық құқықты бұзуы басқа елдерді иммиграция, сауда және халықаралық қылмыспен күрес сияқты мәселелерде Вашингтонмен ынтымақтастыққа құлықсыз етті»,- деді.

 

Атлантикалық кеңестің аға мүшесі Аббас Каземнің «Генерал Солейманидің Трамптың бұйрығымен өлтірілуі, Ирак Конституциясын және АҚШ-пен жасалған стратегиялық келісімді бұзу» атты мақаласында: «Ирак парламентінің американдық әскерлерді шығаруға  дауыс беруі генерал Қасем Солеймани мен Хашд аш-Шааби халық күштері қолбасшысының орынбасары Әбу Мохандес әл-Мәһдидің өлтірілуі Иракты бұрын-соңды болмаған жағдайға қойып, АҚШ-Иран шиеленісін одан сайын арттырды және АҚШ-Ирак қарым-қатынастарын  қиындықтарға тіреді. Ирак парламентінің дауысы  өте маңызды болды. Ирак бұрынғыдай ұлттық мүддеден гөрі өз егемендігінің тәуелсіздігін артық көреді. Ирак парламенті ирактықтарды оқытып, лаңкестікпен күресуді мақсат еткен АҚШ-тың Ирактағы әскери орналасуын тоқтату үшін әрекет жасады. Өйткені бұл орналасу Ирак Конституциясы мен АҚШ пен Ирак арасындағы стратегиялық келісімді бұзу болып табылатын Солейманиге шабуыл жасай сияқты басқа мақсаттарға пайдаланылды.

 

 Иран мен Ирак сардар Солейман мен Әбу  Мохандес әл-Мәһди және олардың қасындағыларға қарсы террор үшін кек алу құқығына ие

Брукингс институтының сарапшысы Махдия Афзал жазған генерал Сүлейманидің өлтірілуіне қатысты талдауларының бірінде  генерал Қасем Солейманидің өлтірілуі өте жиіркенішті, өйткені ол Иранның әскери өкілі болған. Теһран мұны соғыс әрекеті деп санайды. Брукингс институтының Томас Райттың «Трамптың Иранның қорлауына қатысты алаңдаушылықтары» атты басқа мақаласында: «Генерал Солейманиді өлтіру – стратегиялық қателік. Бұл АҚШ үшін қысқа мерзімді қуаныш болуы мүмкін, бірақ ол Батыс Азия аймағындағы және одан тыс жерлерде АҚШ-тың мүдделеріне нұқсан келтіреді. Оқиғалардың көптеген жағымсыз өлшемдері Трамп үшін елеусіз және мұндай көзқарас қауіпті. Трамп ДАИШ-тің қайтып оралуын анықтай алмайды. Ол Сауд Арабиясына қазір бұрынғыдан көбірек қауіп төніп тұрғанын түсінбейді. Оған қоса, халықаралық құқықта ресми қайраткерді өлтіру теріс әсертигізетіні ол үшін маңызды емес»,- деп жазылды.