Иранның мұражайлары (4)
Иранның Ұлттық зергерлік қазынасы
Иранның Ұлттық зергерлік мұражайы - Теһранда орналасқан әлемдегі ең әдемі мұражайлардың бірі.
Иранның Ұлттық зергерлік қазынасы болып табылатын Иранның зергерлік мұражайы - іс жүзінде Иран Орталық банкінің жертөлесінде орналасқан үлкен сейф. Мұражай 1960 жылы салынған және оның есігі тарих пен зергерлік бұйымдарға қызығушылық танытқан адамдар үшін ашық. Иранның Ұлттық зергерлік қазынасы әртүрлі тарихи кезеңдердің өте құнды жәдігерлерін сақтайды. Мұражайдағы заттардың көбі Сефевид, Афшари, Каджар және Пехлеви заманына қатысты. Әрқайсысы туралы көптеген таңғажайып және тарихи оқиғалар айтуға болатын туындылар бүгінде ұзақ құлдырау және шарықтау кезеңдерден кейін осы мұражайда жинақталды. Бұл мұражайдағы барлық зергерлік бұйымдар құнды, бірақ олардың кейбіреулері ерекше танымал. Оларға «Жарық теңізі алмазы», «Күн тағы» немесе «Тауыс тағы», «Сирек кездесетін тақ», «Алмаз глобус» сынды сирек кездесетін бұйымдар жатады. «Жарық теңізі алмазы» - әлемдегі ең әйгілі гауһар тастардың бірі. Оның атауы әрқашан «Нұр теңізі алмазы» жанында келеді. Бұл асыл тастарды Афшар шах Үндістанға әскерімен барған кезде әкелді. Бірақ бұл екеуінің ішінде тек Нұр теңізі алмазы - ұзақ жолынан кейін бүгін осы қазынада сақталады. Алмаз теңізі түрлі түсті, салмағы 182 карат, ол зергерлік жақтауда орналасқан. Кейбіреулер бұл алмаздың екіге бөлінгенін айтады, ал екіншісі-Пехлеви дәуіріне тиесілі жартылай тәжге орнатылған «Нур Аль-Айн» деп аталады. Бұл мұражайдың тағы бір құнды бұйымы Афшар шахтың өзімен бірге әкелген тауыс тағынан өзгеше «Тауыс тағы». Надер Шах қайтыс болғаннан кейін үнді тауыс тағы бөлшектеніп, оның ешқандай белгісі жоқ. Иран зергерлік мұражайының тағы бір құнды туындысы болып табылатын «сирек кездесетін тақты» Фатх Али Шах сапар кезінде өзімен бірге алып жүру үшін 12 бөлек ағаштан жасалған. Екі жағындағы екі айдаһар және арыстан табанның алдыңғы тақтасына сүйенген. үстіндегі екі тауыс барлығы алтын жалатылған және асыл тастармен безендірілген. «Зергерлік глобус»-бұл мұражайдың тағы бір құнды жәдігері, ол 1912 жылы Насер ад-Дин Шах Каджар кезінде қазынадағы алтынмен салынған. Бұл глобустың географиялық жағынан міні болуы мүмкін, бірақ оның сұлулығы ирандық жасаушылардың өнерін көрсетеді. Бұл шар 34 кг алтын мен алмаз, зүбәржат және лағылдың 51 366 бөлшегін құрайтын 3656 грамм асыл тастан жасалған.