Қаз 09, 2021 22:45 Asia/Almaty
  • Иран: Уәкіл моншасы (128)

Уәкіл моншасы (Vakil Bath) – Шираз қаласының ең маңызды туристік тартымдылықтарының бірі.

Ол Ширазда Зендтер заманында салынған Уәкіл базары мен мешітінің жанында орналасқан. Зендтер заманында Кәрімхан Зендтің тікелей бұйрығымен салынған моншаның ауданы 11 мың шаршы метр, ал инфрақұрылымы 8660 метрді құрайды. Тарихи ғимараттың ұзындығы 120 метр, ені 80 метр.

Уәкіл моншасы бүгінде бай этнографиялық мұражайға айналды. Онда Шираздың байырғы халқының әдет-ғұрпы, киім-кешегі мен мәдениеті таныстырылады.

Уәкіл моншасы
Мамандардың айтуынша,  бұл монша өз заманындағы ең үздік архитектуралық принциптермен салынған.
Көне моншалар тек жуынатын жер болмаған.
Көне моншалар халық жиналып, түрлі рәсімдер өткізетін жер болған.
Зендтер заманынан қалған құнді ескерткіш
Уәкіл моншасында көне тұрғындардың мүсіндері бар.
Уәкіл моншасы
Уәкіл моншасы
Монша бағаналары мен қабырғаларының үстіне әдемі суреттер салынған.  
Бұл суреттерде Иран халқының қызығушылықтары, армандары, дәстүрі мен діні туралы баяндалған.  
Барлық бедерлер Ежелгі Ираннан Сефевилер заманына дейінгі парсылардың мәдениеті мен өркениетінен бастау алады.
Уәкіл моншасындағы алебастрдан ойып жапсырылған өрнектер мен суреттер теңдессіз үлгі саналады.