Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 1
Ислам тарих бойында, нақтырақ айтқанда кемінде 14 ғасыр бойы миллиондаған адамның жүрегі мен ойын билеп, адамдардың болмысына тамыр жайды.
Тарих бойында ойшылдар мен басшылар қоғамды өзгертуді көздеп, өз заманының адамдарын жоғары мақсаттар мен армандарға қарай шақырған. Бірақ олардың әртүрлі салалардағы әсері бірдей болмады. Кейбіреулері шектеулі кезеңде немесе шектеулі салаларда ғана әсер етіп, тарихи және қоғамдық тұрғылардан аса маңызды болмады. Бірақ олардың басқалары кең ауқымды әсер етіп, тіпті ұзақ уақыт бойы ұмытылмай, азғана адамдардың арасында тамырын жайып, өз өмірлерін жалғастырды. Мұндай қозғалыстар өз кезінде және өз саласында маңызды болғандықтан сараптауға тұрады. Алайда барлығынан маңызды, барлық салаларда дамып, алға ілгерілеген шақырулар мен қозғалыстар болды. Олар жан-жақты әсер етіп, ғасырлар бойы ұмытылмай, өз өмірлерін жалғастырып, адамзаттың ой-пікірі мен рухын тереңдетті. Мұндай шақырулар тек пайғамбарларға ғана тән. Тарих ешбір мектеп пен философияның илаһи үлкен діндер сынды ғасырлар бойы, нақтырақ айтқанда кемінде 14 ғасыр бойы миллиондаған адамның жүрегі мен ойын билеп, адамдардың болмысына тамыр жайды. Бұл маңызды ерекшелік пайғамбарлардың тікелей немесе жанама түрде тарихтың негізгі факторлары болуына себеп болды. Басқаша айтқанда, егер адамзат қоғамын теңізге теңесек, ғылым, ахлақ, өнер және басқа да салаларда орын алған әрбір оқиға оның бетінде толқын тудырады. Бірақ кейбір толқындар онша тұрақты болған жоқ. Алайда кейбір толқындар дауылға себеп болып, жолдағы барлық кедергіні жойып, толқын тудыруды жалғастыруда. Ең ұзақ уақытқа созылған толқындар қоғамдық және діни толқындар болды. Бұл толқындар мен қозғалыстар адамзаттың өмірі және ойымен араласып, басқа кез келген құбылыспен салыстырғанда баянды болады. Ешбір басқа қозғалыста өмірге қажетті күштер мұншалықты дамыған жоқ. Ислам тарихы ғибратқа толы. Исламның ұлық пайғамбары өз бойындағы өзгерістерді, яғни пайғамбарлық міндетін сезіп, Меккедегі Хира үңгірінен шыққан кезде илаһи әрі рухани күш-қуатқа ие болып, тауһид, яғни тек бір Аллаға құлшылық етуге шақырды. Бұл толқын мен шақырудың дауысы басында шектеулі болып, тек үш адамға, атап айтқанда Алла елшісі, хазірет Хадиджа мен имам Әли (ғ.с.)-ға ғана таралды. Бірақ көпке ұзамай сол кездегі қоғамның наным-сенімі мен мінез-құлқын өзгертіп, 10 жылдан кейін Меккенің шекарасынан асып, Мединеге де әсер етіп, бірте-бірте тек араб түбегіне ғана емес, жарты ғасырға жетпей әлемге таралды. Исламның ұлық пайғамбарының тауһид дауысы адамдардың құлағын жарып, «Алладан басқа Құдай жоқ» деген жолдауды жеткізді. Бұл толқын күннен күнге өрістеп, әсер ететін кеңістігі мен күш-қуатын арттырып, әлемнің әртүрлі жерлеріне ықпалын тигізді. Бүгінгі әлем де оның күнделікті күш-қуатының артуына куә болуда. Құран Кәрім Алла елшісі мен хазіреттің кейбір жақтастарының ерекшеліктерін баяндаған соң: «...Олардың Тәуратта да сипаттары, Інжілде де сипаттары бар; бұл бас жарып, сосын қуаттанып, жуандап, өз сабағында тік тұрған егін сияқты. Бұл (мысал) егіншілерді таңырқатып, онымен кәпірлерді ызаландыру үшін. Алла олардан иман келтіріп, ізгі іс істегендерге жарылқау, зор сыйлық уәде етті»,- деді. («Фатх» сүресі 29-шы аят). Мұндай даму мен таңырқататын ілгерілеушілік тарих бойында әртүрлі ұлтшыл, діни, саяси, мәдени, экономикалық және әскери толқындармен бетпе-бе келді. Исламның бастапқы кезіндегі кесір, ырымшыл және надан араб халқы бұл қасиетті толқынның алдынан бөгеттер мен дуалдар көтерді, бірақ Алланың қалауымен олар бірінен соң бірі қирады. Осы күні идеологиялық соғыс кезінде хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның пәк Исламы олар үшін лайықты қарсылас болып, сындарлы тағылымдарымен әсер етуде. Исламның ұлық пайғамбары сауатсыз халықтың арасынан, надандық, бұзақылық пен менмендік таралған жерден шығып, сындарлы қозғалыс ұйымдастырып, ұлы өркениет құрып, адамзат әлемінің тағдырын өзгерте алды. Осыған орай Исламның ұлық пайғамбарының өмірбаяны мен хазіреттің жеке және қоғамдық өмір сүру тәсілдерін Құран тұрғысынан зерттеудің қажеттілігі ерекше сезіледі. Ұлы Алла бұл ақиқаттың қажеттілігін уәһи сөзінде былай жеткізді: «Расында сендер үшін, Алланы да, ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар». Айта кететін жайт, бұл илаһи нұсқауда ұлы Алла пайғамбардың үлгі болуына шектеу қоймаған. Тіпті хазіреттің барлық салалардағы ғамалдарын өмірімізде іске асыратын бағдарлама ретінде көңіл аударуымыз қажеттігі туралы жолдауды жеткізеді. Нақтырақ айтқанда Исламның ұлық пайғамбарының жеке адам, қоғам, ахлақ, саясат және әскери мәселелер саласындағы ғамалдары адамдар үшін үлгі болуы керек. Өйткені Исламның бастапқы кезіндегі мұсылмандар осылай жасап, бақытқа жеткен.
Исламның ұлық пайғамбарының сипаттары туралы көркем үлгілердің бірін хазіреттің Эфиопия жеріне жіберген арнайы елшісі Джафар ибн Абиталебтің қысқа әрі маңызды сөзінен байқауға болады. Сол жердің патшасы Наджаши Исламның негізі және Алла елшісінің шақыруы туралы сұраған кезде ол: «Біз пұтқа табынған, өлік жеген, бұзақылық жасаған, туыс-туғандарымызбен араласпаған, көршілерімізбен дұрыс қарым-қатынас орнатпаған надан халық болдық. Билік басындағыларымыз қоғамның әлссіз таптарын құлдықта ұстады. Сол кезде Алла Тағала өзіміздің арамыздан бұрыннан баршаға аманатқа беріктігі және шыншылдығымен танымал азаматты пайғамбарлық міндетке сайлады. Ол бізді тек Бір Аллаға табынуға және әкелеріміз табынған пұттардан алыстауға шақырды. Ол бізге шындықты айтуды, аманатқа қиянат жасамауды, туыс-туғанды құрметтеп, көршілерімізге жақсылық жасауды, тыйым салынған харам нәрселерден аулақ болып, соғыс пен қантөгістен бас тартып, жамандық жасамауды, өтірік айтпауды бұйырды. Қазір намаз оқып, зекет беріп, ораза тұтамыз. Оның дұрыс айтатынын көріп, оның пайғамбарлық міндетін растап, оған иман келтіріп, оған Алла тарапынан жіберілген тағылымдарды қабылдап, оның жақтастарының қатарына қосылдық. Біздің ақсүйектеріміз оған қарсы шығып, дінімізден бас тартып, пұттарға табынуға және надандықты қайтару үшін бізге азап-қорлық көрсетуде. Олар зорлық-зомбылық көрсетіп, біздің өмірімізге қысымдарды күшейтті. Сондықтан сіздің елге қоныс аударып, қолдауыңызды күтіп, қорлық көрсетпеуіңізге үміттенеміз»,- деді. Исламның ұлық пайғамбарының өмірбаянын әртүрлі тұрғыдан зерттеу бүгінде көптеген қиындықтармен бетпе-бет келіп отырған адамзат үшін теңдессіз үлгі бола алады.