Жетекшілік хадисы 44
Ислам діні адамды өзіндей адамдармен қарым-қатынас орнату арқылы дамып, кемелдікке жететін қоғамдық жаратылыс деп санайды. Туыс-туған және жақындармен, әсіресе балалармен қарым-қатынас орнату сонымен бірге оларға мейірімді болу исламдық түсініктерде «туыстық байланыс» деп аталады.
Бірлік пен түсіністік Ислам дініндегі ең көркем әрі ең жақсы бағдарламалардың бірі саналады. Түсіністік басында жанұяда, содан соң туыстар арасында, кейін исламдық қоғам деңгейінде қалыптасады. Иманды адамдардың түсіністігі мен ынтымақтастығы қоғамның күшейіп дамуы үшін қажет. Өйткені жанұя сынды кішкентай бірліктердің қарым-қатынастарының жақсаруы арқылы қоғам өзін өзгертеді. Сол себепті ислам туыстар арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуды қуаттап, олардың араларын жақындатуды илаһи құндылық ретінде уәжіп етті. Алла Тағала «Ниса» сүресінің 36-шы аятында жақындарға жақсылық жасауды Өзіне құлшылық етумен бір қатарға қойып: «Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар»,- деп айтты. Бұл аятта жанұяның негізгі мүшелеріне жақсылық жасаудан кейін туыс-туғанға жақсылық жасау қуатталған. Біріншіден, ата-ана, апа-қарындас пен аған-іні, содан соң басқа туыстарға махаббат білдіріп, олармен қарым-қатынас орнату қарастырылған. Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы: «Жақсылық жаса: ата-анаңа, қарындастарың мен бауырларыңа, содан соң жақындарыңа»,- деп айтқан болатын. Туыс-туғандармен араласып, олармен кездесу адамдардың рухы мен көңіл-күйін көтеріп, материалдық-рухани мәселелердің шешілуіне себеп болады. Имам Садық (ғ.с.) туыс-туғандарен араласып, олармен кездесу туралы: «Туыс-туғандармен қарым-қатынас орнату іс-әрекеттерді тазартып, оларды арттырады; қиындықтарды шешіп, есепті жеңілдетіп, ажалды кейінге қалдырады; өмірді ұзартып, ахлақты жақсартып, жүректі жадыратып, көңіл-күйді көтереді»,- деп ескерткен болатын. («Усул Кафи», 6 және 12-ші хадистер). Әрине туыстық байланыс тек жақындар мен мүміндерге ғана қатысты емес. Бұл жалпы ахлақи және адами міндет. Рауаяттардың бірінде бір адамның Алла елшісіне: «Менің туыстарым бар. Мен оларды жақсы көремін, бірақ олар маған қорлық көрсетеді. Енді олармен ісім болмайтындай қатынасты үзгім келеді»,- дегенде хазірет: «Олай болса, Жаратушы сендерді ұмытады»- дейді. Ер адам пайғамбардан не істеуі керектігін сұрайды. Пайғамбар: «Сені махаббаттан мақұрым еткенді кешіріп, сенімен қарым-қатынасын үзген адаммен қарым-қатынас орнат. Саған зұлымдық жасағанды кешір. Айтқанымды орындасаң, Алла Қолдаушың болады»,- деп жауап береді. («Бихар әл-Анвар», 74-ші том, 3-ші бөлім). Алла елшісінің келесі хадистерінің бірінде хазіреттен: «Ең жақсы садақа не?»- деп сұраған кезде ол: «Саған дұшандық білдірген жақының берген садақа»,- деп жауап қайтарған. Басқа хадисте Алла елшісі: «Жақындармен қарым-қатынас орнату қалаларды абадтандырып, өмірді ұзартады»,- деген болатын. («Сафинат әл-Бихар»,1-ші том).
Туыстық қарым-қатынас – әр адамның жеке орындайтын уәжіптердің бірі. Имам Әли (ғ.с.) туыстық байланыстардың маңыздылығы туралы: «Діндарлардың белгілері бар. Олардың біріне туған-туыспен байланыста болу жатады»,- деген. Исламның ұлық пайғамбары туыстық қарым-қатынасты діннің бір бөлігі деп атап: «Туыстық қарым-қатынасты сақтамаған адамның діні толық емес»,- деп айтқан. Пайғамбардың кезінен имам Бақер (ғ.с.)-ға дейін өмір сүрген хазіреттің сахабасы Джабер бен Абдолла Ансари Алла елшісінен: «Өзімнің бүкіл үмбетіме қиямет күніне дейін, тіпті бір-біріне жақындағанша бір жыл уақыт өтсе де туыстармен байланыста болуды ұмытпауды насихаттаймын. Өйткені туыстық қарым-қатынас діннің маңызды мәселесі»,- деп жеткізген. («Бихар әл-Анвар», 74-ші том).Туыс-туғандармен араласып, олармен кездесу мейірімді арттрыып, түсінбеушіліктер мен арадағы кекті азайтады. Бұл илаһи ғамал Алла мен оның елшісінің ризалығына себеп болады. Қасиетті хадистен: «Мұсылманды зиярат етуге барған әр мұсылманның сыйы Менің мойнымда. Бұл сый – жәннәт»,- деп оқимыз. («Сафинат әл-Бихар», 1-ші том). Керісінше жақындар мен туыстар арасындағы қарым-қатынасты бұзу Исламда айыпталатын іс. Алла Тағала жақындары арасындағы қарым-қатынасты бұзатындарды лағынет етеді. «Мұхаммад (с.ғ.с.)» сүресінің 22-ші аятынан: «Егер іс басына келетін болсаңдар, (немесе бет бұрсаңдар,) сендерден жер жүзінде бұзақылық істеу, жақындық байланысын үзу ғана үміт етілмей ме?»- деп оқимыз. Сол себепті туыстармен байланысты сақтау әр мұсылманның міндеті болып саналады. Имам Садық (ғ.с.): «Өзіңнің туыстық қарым-қатынастарыңды мүмкіндігінше нығайт. Оларға қызмет етудің ең жақсы жолы оларға қорлық көрсетпеу болып табылады»,- деп айтқан болатын.