Сәу 20, 2016 12:24 Asia/Almaty

Біреудің кемшілігін іздеу жаман сипаттардың бірі саналады. Ол адамды тыныштықтан айырады.

 Біреудің мінін іздеу әртүрлі адамдар арасындағы күмән мен кекке, оқшаулануға, тіпті қатыгездікке жол ашуы мүмкін. Бұл жаман әдеттің салдарынан қаншама әріптестер, достар, жанұялар мен әртүрлі қоғамдар арасындағы қарым-қатынастар бұзылды. Кемшіліктерді іздеу ахлақтық тұрғыдағы аурулардың бірі болып, басқаның құрмет, беделін бұзуға себеп болады. Кемшіліктерді іздеушілер өздерінің ахлаққа қарсы әрекеттерімен халықтың абыройын төгіп, адамдарды бір-біріне күдіктендіріп, бұзақылық тудырады. Бұл жаман сипат ислам дінінде үлкен күнәләрдің бірі саналады. Алла Құран Кәрімде жамандықты тарататын адамдарды азаптау туралы туралы уәде береді. «Хумаза» сүресінің 1-ші аятынан: «Бүкіл қорлаушы,өсекшіге нендей өкініш!»,- деп оқимыз. «Хамз» негізінде «бұзу» деген сөз. Өйткені ,кемшілікті іздейтін адам басқа адамның болмысына нұқсан келтіреді. Бұл сүреде лағынет айтудың Алла тарапынан басталатыны туралы ескертілген. Лағынет басқалардың кемшілігін іздейтіндерді нысанаға алады. Алайда мүміннің кемшілігін іздеп, оның абыройын төгетін әр адамның әр сырын Алла Тағала әшкерелейтінін ұмытпаған жөн. Исламның ұлық пайғамбары: «Мұсылмандардың кемшіліктерін іздемеңдер. Бауырының кемшіліктерін іздеген әр адамның кемшіліктерін Жаратушымыз біледі»,- деген болатын. Кемшілік іздеу бірлік пен достыққа да теріс әсер етеді. Сол себепті Алла Тағала «Хужурат» сүресінің 10-12-ші аяттарында мін теру мен адамдардың бір-бірінің өмірінен кемшілік іздеуін тілеулестік пен ауызбіршіліктің жойылуына әсер ететін факторлар деп есептейді. Қоғамның қиындықтарының көбісі адамның басқалардың істеріне араласуы мен басқалардың кемшіліктері мен осалдықтарынан туындайды. Бірақ басқалардың кемшіліктері мен қателерін іздеу олардан хабардар болумен шектелмейді, керісінше үлкен күнә саналатын айыптармен жалғасады. Құран Кәрім бұл туралы «Нұр» сүресінің 19-шы аятында: «Расында сондай мүміндердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы көргендерге; дүние, ақыретте күйзелтуші азап бар. Алла біледі. Сендер білмейсіңдер»,- деп айтқан. Назар аударатын мәселе, бұл жерде Құран мүміндер арасында жамандық тарататындарға азап тартасыңдар деп айтпайды. Қасиетті кітап: «Мүміндер туралы бос сөз таратуды жақсы көретіндер азапталады»,- деп айтады. Бұл мәселе Алланың алдында мұсылмандардың абыройының маңызды екендігін көрсетеді. Құран сонымен бірге мұсылман туралы айтылған және естілген әр нәрсені басқаларға таратуға рұқсат бермейді. Өйткені әр адам басқаның айтуы бойынша ғана емес, тіпті күнәнің іске асырылуын өз көзімен көрсе де, сырды әшкерелеуге құқығы жоқ. Рауаяттардың бірінде бір адамның имам Мұса бен Джафар (ғ.с.)-ның қасына келіп: «Құрбаның болайын, діни бауырларыңның бірі мен жақтырмаған іс жасады. Өзінен сұрағанымда, мойындамады. Бірақ бұл мәселені бірнеше адам айтты. Имам: «Мұсылман бауырың туралы естігендерің мен көргендерінді қабылдама. Тіпті 50 адам «ол бұл істі жасады» деп ант бергенімен, оның өзі теріске шығарса, адамның өзінің сөзін ғана қабылдап, басқалардығ айтқанын қабылдама. Адамның абыройын төгетін еш нәрсені қоғамда таратпа. Алланның айтуы бойыншанша «жамандықтарды мүміндердің арасында таратуды жақсы көретін адам бұл дүние мен ақыретте азапқа түседі»»,- деді. Ислам діні адамдардың абыройына ерекше көңіл бөлетіндіктен адамдардың жеке өміріне араласуға рұқсат бермейді. Бірақ кейбір кезде кемшіліктердің көбісі айқын болады. Адамның өзі бұл кемшілігіне назар аудармайды немесе толық хабардар болмайды. Осыған орай жақсы достың міндеті досына оның бұл кемшілігі туралы айтып, оны түзетуге көмектесу болып табылады. Алайда бұл маңызды мәселе адамға зардап келтірмес үшін баршаға жарияланбай, жеке түрде орындалады. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) бұл туралы: «Діни бауырына жасырын ақыл-кеңес берген адам оның зейнеті саналады. Бірақ, егер насихатын басқалардың алдында айтса, оның беделінен айрылуына себеп болады»,- деген. Имам Садық (ғ.с.) «Діни бауырлармының арасында кемшіліктерімді айтатын адамдарды жақсы көремін» деп айтқан болатын. Кемшілікті іздеудің жаман әрі харам саналғаны сынды оларды теріске шығару да қиянат болып табылады. Өйткені мүмін айна сынды болып, жамандығы мен жақсылығын басқаларға емес адамның өзіне көрсетуі керек.