Сәу 20, 2016 12:34 Asia/Almaty

Пәктік – әйелдердің жаратылысымен етене жақын қасиет. Имам Садық (ғ.с.) ар-ұят пен пәктік туралы: «Ар-ұят пен ибалықтың он бөлімі бар. Олардың тоғызы әйелдерде, бір бөлімі ерлерде»,- деп айтқан болатын.

Исламның ұлық пайғамбары рауаяттарының бірінде: «Ұят – жақсылық, бірақ әйелдерде ол жақсырақ»,- деген. Аталмыш хадис қоғамның пәктігін сақтау міндетінің үлкен бөлімінің әйелдердің міндетінде екенін көрсетеді. Сол себепті әйелдердің хиджабты сақтауда, сөзі мен жүріс-тұрысы және басқа да іс-әрекеттерін іске асырған кезде өздеріне ерлерден артығырақ абай болғандары абзал. Құран аяттарында әртүрлі тәсілдермен әйелдердің ар-намысы туралы айтылған. «Нұр» сүресінің 31-ші аятында ар-ұятты әйелдің бөтен ердің алдында хиджабын сақтайтыны туралы баяндалған. Яғни, ұят пен иба сақтаудың белгілерінің біріне әйелдің киімінің жабық болуы жатады. Аталмыш аятта осы мәселе туралы айтылып, әйелдерден іс-әрекеттерінде абай болып, иба сақтау талап етілген. Мүмін әйелдің бөтен ерлердің алдында өзінің сұлулығын көрсетпеуі оның болмысындағы ар-ұят пен ибалықтың белгісі. Исламның ұлық пайғамбары әйелдің бөтен ерлердің алдында хиджаб сақтауын әйелдің беделін көтереді деп атап: «Сендердің араларыңдағы ең жақсы әйелдер зейнетін тек жұбайларына ғана көрсетіп, тек солардың алдында ғана әдеміленіп, ал бөтен ерлердің алдында жабық киініп жүретіндер»,- деп айтқан болатын. Басқа бір хадисте хазірет: «Ең жаман әйелдерді таныстырмаймын ба? Ең жаман әйелдер бөтендердің алдында сәнденіп, жұбайларының алдында жабық киім киіп, қажетті түрде сәнденбейтіндер»,- деген болатын. Құран Кәрімнің «Қасас» сүресінде хазірет Мұса өмірінің бір бөлімі мен хазірет Шұғайыптың қыздарымен қарым-қатынас орнату хикаясы көрсетілген. Хазірет Шұғайыптың қыздары өз ғамалдарын пәктік пен иба сақтап қалыптастырған. Хазірет Мұса Мысырдан Мәдинеге келген кезде өз қойларын суғару үшін құдықтан су алуға келген қыздарды көреді. Бірақ бұл жерде ерлердің жиналуына байланысты олар кейінірек тұрған еді. Хазірет Мұса хазірет Шұғайыптың қыздарына құдықтан су алып береді. Хазірет Шұғайыптың қыздары әкелеріне бөтен бірақ мейірімді адамның көмегі туралы айтып барады. Хазірет Шұғайып қыздарының біреуін Мұсаның қасына жіберіп, үйіне шақыруды бұйырады. Қыз бала хазірет Мұсаның қасына барып, әкесінің шақыруын оған жеткізеді. Құран Кәрім қыздың хазірет Мұсаның қасына қалай келгеніне тоқталып, ар мен ибалық мәселесі туралы: «Екі қыздың біреуі хазіреттің қасына келді. Ол ибалығын сақтап: «Әкем қойларымызды суаруға көмектескен ақыңызды төлейін деп, сізді шақырып жатыр»,- дейді. Құранда Алланың тарапынан хазірет Шұғайыптың қызының ибалығы туралы баяндалу ибалық пен ар-ұяттың әйелдің ең маңызды ерекшелігі екенін қуаттайды. Хазірет Шұғайыптың қызы ибалығын сақтап, ешбір артық сөз қоспай, ең қысқа сөйлеммен әкесінің шақыруы және шақыруының себебін жеткізді. Әйел мен ердің қоғамда қарым-қатынас орнату тәсілі өте маңызды. Иба сақтау Алла тарапынан пайғамбардың әйелдеріне: «Әй Пайғамбардың әйелдері! Сендер әйелдерден әлде біреу сияқты емессіңдер. Егер тақуалық қылсаңдар, қылымсып сөйлемеңдер. Онда жүрегінде дерті бар әлде кім дәмеленеді. Әдеттегі сөзді сөйлеңдер»,- деп айтуын қуаттау болып табылады. («Ахзаб» сүресі 32-ші аят). Әрине аятта жолдау тікелей пайғамбардың әйелдеріне жасалғанымен, үкімді тек оларға қатысты деп айтуға болмайды. Олар бүкіл мұсылман әйелдерге қатысты. Иба сақтау сөйлеген сөздің сапалы болып, түрткілерге себеп болмауын қуаттайды. Сол себепті діни ғұламалар әйелдің бөтен ерлермен сөйлесуін немесе сөйлескен кезде даусының қатты шығуын харам деп санайды. Әйелдер мен ерлердің жөн-жосықсыз әзілдесуі оларды пәктіктен алыстатады. Әбубасир: «Куфе мешітінде бір әйелге Құран үйретіп отырған кезде онымен бір рет әзілдестім. Күндердің бірінде Мәдинеде имам Бақер (ғ.с.)-ды көріп, хазіретке әйелмен әзілдескенім туралы айтып бердім. Имам мені айыптап: «Кімде-кім күнә жасаса, Алла Тағала оған көңіл бөлмейді»,- деді. Мен ұялып, басымды төмен түсірдім. Хазірет: «Тәубеге кел. Бұдан кейін бөтен әйелмен әзілдеспе»,- деді. Исламның ұлық пайғамбарының сүйікті қызы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) барлық тұрғылар бойынша мұсылман әйелдің кемел үлгісі. Ол иба сақтау мен пәктікті өзінің ғамалдарының үлгісі ретінде қалыптастырды. Хазірет Фатима (ғ.с.) бөтен ерлер түгілі зағип ердің алдында да толық киініп отырды. Имам Әли (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: «Күндердің бірінде хазірет Заһра (ғ.с.) Алла елшісінің қасында отырған еді. Сол кезде зағип ер адам кіруге рұқсат сұрады. Пайғамбар қызының орнына тұрып киінгенін байқайды. Пайғамбар: «Қызым! Бұл ердің көзді көрмейді ғой»,- дегенде хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.): «Әкежан, ол мені көрмегенімен, мен оны көремін. Ол әйелдің иісін сезеді ғой»,- деп жауап қайтарады. Алла елшісі: «Сен менің тәнімнің бір бөлігі екендігіңе куәлік етемін»,- дейді.