Сәу 20, 2016 12:44 Asia/Almaty

Имам Садық (ғ.с.): «Ар мен ұят – иманнан шыққан нұр; Алланың мағрифаты және таухидке сәйкес келмейтін әр нәрсеге қарсы адамның болмысында пайда болатын қарсылық сезім»,- деп айтқан болатын.

Имам Садық (ғ.с.)-ның айтуы бойынша, ар-ұяты бар адам таухидке сай келмейтін іс пен шешім, жымиыс және көзқарасты көрсе, одан алыстайды. Өйткені ол өзін Алланың алдында өмір сүремін деп санап, жанұя мен қоғамда ұятқа қалмауға тырысады. Адамның басқалармен қарым-қатынас орнататын ең маңызды жолдарының біріне оның сөз арқылы байланысуы жатады. Адамның сөзі қоғамдағы ар-ұятқа маңызды әсер етеді. Әдепті сөз деген дұрыс әрі орынды сөйлеуді білдіреді. А..Т.. көптеген аяттарда қалай сөйлеуге тоқталып, сөйлеудің жақсы әрі жағымды негіздерін баяндады. «Бақара» сүресінің 235-ші аятында сөздердің бірін «танымал сөз» деп атайды. Бұл, яғни шариғат қабылдайтын хақ сөз. «Бақара» сүресінің 83-ші аятында «көркем сөз» деген термин қолданылады. Бұл әділ ғамалдар арқылы Аллаға бағынуға шақыратын сөз. Тілдің әдебі туралы исламның ұлық пайғамбары әулетінен көптеген аят жетті. Имам Саджад (ғ.с.) «Құқық ресалесінде» тілдің құқығы туралы: «Тілдің құқығын сақтау үшін жаман сөздер мен балағат айтудан абай болу қажет. Оны жақсылық туралы айтуға үйретіп, пайдасыз, бос сөздерден алыстатып, дін мен дүниенің мүддесіне сай болмаған жағдайда сөйлемей, тілдің құрметін сақтау керек. Егер тілді қадағалап отырсақ, көптеген күнәлардың алды алынып, адам азырақ зардап шегетін болады. Тіл адамның ақылы мен болмысының сұлулығын көрсетеді»,- деп айтқан болатын. Ар-ұятты ұмытпай қадам басу ­– адамның ішкі жаратылысы мен психикасының көрінісі. Біздің жүрісіміз қарапайым әрекет болып саналғанымен адамның ішкі ахуалы мен ахлағын көрсетеді. Адамның рухы оның іс-әрекетінен байқалады. Кейбір кезде бір кішкентай ғамалдың өзі адамның тамыр жайған рухын білдіреді. Исламның ұлық пайғамбары жүргенде байсалды түрде қадам басатын. Құран Кәрімнің «Фұрқан» сүресінің 63-ші аятынан: «Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: “Сәлеметшілік” деп, дұрыс жауап береді»,- деп оқимыз.і»,- деп айтқан. («Нұр» сүресі 27-28-ші аяттар). Алла Елшісі қызы хазірет Фатима (ғ.с.)-ның үйіне кірерден бұрын тоқтап, рұқсат алатын. Тіпті күндердің бірінде пайғамбардың қасында Джабер бен Абдолла болған кезде хазірет ол үшін де рұқсат алған. Әдептіліктің келесі белгісі қарт адамдарды құрметтеу болып табылады. Осы ретте Алла Елшісі: «Егер жас адам қарт адамға құрмет білдірсе, Алла Тағала. оның сыйын береді» деп, келесі бір сөзінде: «Алла Тағала қарттың азап шеккенінен ұялады» деген болатын. Сонымен бірге «Ақсақалдарды құрметтеңдер. Оларды құрметтегендерің Алланв құрметегендерің. Қарт адамдарға құрмет көрсетпейтіндер біздерден емес»,- деп айтқан болатын.