Сәу 20, 2016 12:49 Asia/Almaty

Иба сақтау – ахлақи мәселе. Ол туралы Құран Кәрімде айтылған. Ибалық пен ар-ұят адамға жүрегіндегі кез келген нәрсені ауызбен айтуға және іске асырауға тыйым салатын бөгеттердің бірі.

Ар-ұяттың пердесін жыртып, адамдардың алдында күнә жасайтындар исламның көзқарасы бойынша абырой мен құрметтен айрылады. Имам Садық (ғ.с.) ар-ұят пен оның психикалық әсері туралы Мофзаль бен Омарға: «Егер ар-ұяттың әсері болмағанда қонақтарды сыйлау және уәдеге берік болу орындалмайтын істер болар еді. Егер иба мен ар-ұят болмағанда басқа қажеттіліктерге жетіп, жақсылық жасап, жамандықтардан алыстау мүмкін болмайтын еді. Ар мен ұят тек ахлақтық міндеттерді орындау үшін ғана маңызды емес, діни міндеттердің көбі де солардың арқасында іске асырылады. Өйткені кейбір адамдар иба сақтамағанда халықтың сөзінен қорқып, қаймықпай, ата-ана мен туыс-туманың құқықтарын орындамайтын еді. Егер ар-ұят болмағанда халықтың аманаттарына қиянат жасалып, әр қисынсыз әрекетке көзжұмбайлық танытылмайтын еді»,- деген болатын. Барлық жағымды сипаттарды іске асырумен бірге оларды орындау басымдылық болып саналады. Егер теңдік өзінің шекарасынан шықса, айыпталады. Иба мен ар-ұятқа да осы ереже қатысты. Исламның ұлық пайғамбары ұятты екі түрге бөліп: «Ұяттың екі түрі бар: ақылды және ақымақ ұят»,- деп анықтаған. Ақылға сай ұят орынды әрі жағымды. Бұл сипат Ислам дінінде ерекшелік болып саналады. Ұяттың келесі түрі ақылға сай келмейтін әрі айыпталатын ұят. Бұл орынсыз ұялшақтық. Ол нәпсінің осалдығынан туындайды. Исламның ұлық пайғамбарының басқа бір хадисінде: «Ұят екі түрлі: бір түрі осалдық, екінші түрі кемелдік пен иманның белгісі»,- деп айтылған. Адамның осалдығын көрсететін ұят надандық пен ойдың тарлығының белгісі. Керісінше, күш-қуат пен иманның белгісі саналатын ұят адамның ақылын көрсетеді. Имам Әли (ғ.с.) ең ақылды адамдарды ең ұятты адамдар деп санаған. Ұят кейде орынсыз болып, ақылға сай келмейді. Олардың кейбіреулері толық айыпталады. Айыпталатын ұят ақымақтықтан туындап, адам ақыл мен шариғаттың ақиқатына назар аудармай, халық жаман деп санайтын нәрседен ұялады. Мәселен, шындықты айтудан ұялмау керек. Имам Әли (ғ.с.): «Шындықты айтуға ұялатын адамның ой-өрісі төмен»,- деген. Адам ойының қате және әрқашан шайтанның түркілерімен бірге болатындығы қандай жаман... Міндетін орындаған кезде шайтан адамға ұятты есіне салып, «егер сөз айтса, беделі азаяды» деп көрсетуге әрекет жасайды. Бірақ адам шындықты айтуымен сырт көзге жаман көрінгенімен оның несібесіне илаһи ғиззаттың келетіндігі туралы ұмытпағаны жөн. Орынсыз ұялу ақылсыздық әрі адамның ойының таяздығын көрсетеді. Шариғат кейбір кезде адам айтуға немесе ол туралы сұрауға ұялатын мәселелерді түсіндіреді. Діни міндеттерге қатысты ұялу Алланың ахкамының орындалмауына душар етеді. Ғылыми мәселелер туралы сұрауға ұялу да дұрыс емес. Адам білмеген нәрсесін үйренуден ұялмауы керек. Адамдардың көбісі «білмеймін» деген сөзі айтуға ұялады. Білім алу саласында ұялу дұрыс емес. Имам Әли (ғ.с.): «Сіз білмейтін нәрсе туралы сұраған кезде «білмеймін» деп айтуға ұялмаңыздар»,- деп айтқан болатын. Кешірім сұраған кезде де ұялмау керек. Егер адам қате іс жасаса ол кешірім сұрауы керек және кешірім сұраудан ұялмағаны жөн. Сондай-ақ, өз құқығын талап еткен кезде де ұялу қажет емес. Имам Әли (ғ.с.): «Үш жұмыстан, атап айтқанда қонаққа қызмет етуден, әке мен ұстаздың алдында орыннан тұрудан және хақты талап етуден ұялмау керек»,- деген болатын. Ұялуды қажет етпейтін келесі мәселеге адал кіріс табу жатады. Жанұясының тыныштығы мен тұрмысын қамтамасыз ету үшін адал табыс табыудың соңына түскен адам ұялмауы керек. Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Адал мүлікті талап етуден ұялмайтын адамның қаржылық шығыны жеңілдеп, Алла Тағала оның жанұясына нығметін сыйлайды»,- деп айтқан болатын.