Сәу 20, 2016 13:02 Asia/Almaty

Адам қоғамның мүшесі болғандықтан әрқашан әртүрлі адамдармен қарым-қатынас орнатады. Егер ол басқалардың жұмысын тар көзқараспен мұқият қарайтын болса көптеген кемшілік табатыны хақ.

Кемшіліктерге назар аудару қарым-қатынастардың нашарлауына себеп болады. Шын мәнінде оларға аса қатты назар аудармай-ақ өмірдегі келеңсіздіктер мен алаңдаушылықтардан құтылуға болады. Ислам кешірімділік мәселесіне ерекше назар аударатындықтан ол мүмін адамдардың жақсы сипаты саналады. «Тағафул» деген адам қатені көре, біле және одан хабардар бола тұра өзін бейқам және хабарсыз көрсету дегенді білдіреді. Екінші жақ болса ол адам оның қатесінен хабарсыз деп ойлайды. Бұл ахлақтық құндылықтың маңыздылығы сондай ол туралы көптеген хадистерде айтылған. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Біреудің кішкентай және жаман істерін байқамаған сыңай танытып, өз қадірің мен беделіңді көтер. Кемшіліктеріңді теруші көбеймес үшін көмес істерге аса ден қоймаңдар. Егжей-тегжейлерге мұқият назар аудармай, жәуәнмәрттіктеріңді көрсетіңдер»,- деп айтқан болатын. Адамдар өз өмірлерінде аз болсын, көп болсын, қасақана немесе байқаусызда үлкенді-кішілі қателіктерге ұрынады. Әдейі жасалмаған немесе ауыр күнә мен қылмыстың шекарасына жетпеген қателіктерді маңызды емес санау дұрыс емес. Мұндай жағдайда «тағафул», яғни қателіктердің бұл түрінен хабарсыз көрсету кешірім жасаудан жоғары. Алла Тағала «Нұр» сүресінің 22-ші аятында: «...Кешіріп, басқалардың осалдығына мән бермеу керек. Алланың кешіргенін жақсы көрмейсіңдер ме? Алла Тағала Кешірімді және Рақымды»,- деп айтқан болатын. Бұл аятта "кешірімділік" деген сөзден кейін «сафх» деген термин қолданылды. «Сафх» терминіне кешірімділікпен бірге күнәға назар аудармау жатады. Рауаяттарда «тағафул» термині назар аудармау және басқалалардың ғамалдарын кешіру деген мағынада қолданылған. Имам Саджад (ғ.с.)-ның танымал хадисінде: «Халықпен бейбітшілікте және ымырашылықта өмір сүрудің екі жағы бар: бір жағы – қырағылық, екінші жағы «тағафул»»,- деген. Бұл рауаят біріншіден, қырағы, ояу болу және бейқамдықтан алыстауды қуаттайды. Яғни, адам маңызды, тағдырды шешетін мәселелерге немқұрайдылық көрсетпеуі керек. Керісінше, оларға мұқият қарап, жақсылық және мүддесіне сай болса оны сақтауы қажет. Діни тағылымдарда қуатталған және Ислам әулиелері өз жақтастарын оны сақтауға жігерлендірген «тағафул» – ақыл мен мәслихат және ахлақ пен жақсылықтардың туындысы. Жеке істерде «тағафул» етуге бұйыру кемшілік болып табылады. Оны жасырған жөн. Сол себепті оның жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан тыю мен сындарлы сынаудан айырмашылығы жоқ. Өйткені жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан тыю әшкере түрде тапталып жатқан уәжіптер мен тыйым салынған нәрселерге қатысты. «Тағафул» – Ислам дініндегі тәрбие тәсілдерінің бірі. Ол абырой негіздеріне сүйенеді. Әр адамның күштілігі мен осалдығы оның абыройын сақтау сезіміне қатысты. Әр нәрседен кемшілік іздеу, ашу-ыза танытып, кейбір айыптаулар мен айыптарға және әр нәрсеге оңай қарау мен мән бермеу сынаушы адамға қатысты құрметті бұзады. Мұндай зардап шекпеу үшін «тағафул» жасаған жақсы. Имам Садық (ғ.с.): «Өздеріңнің қадірлерің мен беделдеріңді «тағафулмен» көтеріңдер»,- деп айтқан болатын. Басқалардың қателіктерін байқамай өтпеген адам өзінің беделіне нұқсан келетін жағдайға түсуі мүмкін. Мұндай жағдайда аңдаусызда арсыздық пен лас жолдарға түсу алыс емес. Имам Әли (ғ.с.) «тағафулдың» маңыздылығы туралы: «Істердің көбіне «тағафул» етпеген адам тыныштығынан айырылады»,- деген. «Тағафул» – төзімділік пен сабыр сақтаудың бір түрі. Басқалардың қателіктерінің алдында сабыр сақтау керек. Төзімділік пен сабыр сақтау – ақылдың белгісі. Сол себепті имам Әли (ғ.с.) сабыр сақтаудың ең жақсы белгісін «тағафул» деп санаған. Хазірет: "Ешбір шыдамдылық көзжұмбайлық таныту сынды емес" деген болатын. Күндердің бірінде имам Әли (ғ.с.)-ның бірнеше дұшпаны хазіретті балағаттайды. Хазірет Құранның мүмін пенделері туралы: «Олар өтірікке айғақ болмайды. Бос сөз кездессе, маңғазданып өтеді»,-деген аяты бойынша олардың қасынан өтіп, олардың қылықтарына наразылық білдірген достарына: «Олар мен туралы айтып жатқан жоқ» дейді.