Жетекшілік хадисы 33
Адам не істерін білмейтін жағдайға тірелген кезде ол әлемнің Жаратушысы мен Оған деген иманы және діни міндетінен алыстайды. Егер мұндай жағдайы жалғасатын болса, оның жүрегін надандық пен күмәннің таты басады.
«Мәида» сүресінің 32-ші аятында: «Кімде-кім адамды тірілтсе, бүкіл халықты тірілткендей және кімде-кім бір адамды өлтірсе, бүкіл халықты өлтіргендей»,- деп айтылған. Имам Садық (ғ.с.) бұл аяттың тәпсірінде: «Егер кімде-кім адасқан адамды дұрыс жолға нұсқаса, бүкіл халықты тірліткендей, егер кімде-кім адамды дұрыс жолдан бұрмалап, адастырса, бүкіл халықты өлтіргендей болады»,- деген болатын. Егер бір адам мұсылманның күнәға батуын көрсе, оған ақыл-кеңес айтып, оны сөзбен күнә жасаудан қорқытуы керек немесе оның қаржысы мен жанына қатер төнсе, оған қатер туралы хабарлауы керек. Исламның ұлық пайғамбары: «Қияметтегі ең жоғары дәреже халыққа жақсылық жасайтындарға тиесілі»,- деп айтқан болатын. Имам Әли (ғ.с.) да насихат айтушысы және насихатты тыңдаушысы жоқ қоғамды қайырымдылық пен жақсылықтан кенде қоғам деп атап: «Насихатшысы мен насихатты тыңдаушы жоқ қоғамда қайырымдылық жоқ»,- деген. Имам Бақер (ғ.с.) насихат айтудан бас тарту туралы: «Ақыл-кеңесін жасыратын ғалым қиянат жасаушы»,- деді. Кейбір уақытта адамға ақыл-кеңесті қабылдау оңай емес. Кейде адам насихатты естіп, реніш білдіреді. Бірақ бұл ренішке төзімділік білдіру керек, өйткеніоның соңы жақсылықпен аяқталады. Имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.): «Сені жылатып, саған жақсылық тілейтін адамды тыңда, але бетіңе күліп, жамандық тілейтіннен абай бол»,- деген еді. Келесі мәселе, ол адам өзін әрқашан басқаның жақсылық тілеуін қабылдайтындай тәрбиелеуі керек екендігінде. Ақыл-кеңеске құлақ салмай, жақсылыққа жігерлендіру мен жамандықтан алыстатуды өзіне тіл тигізу деп санайтындар, расында өз қолымен өздерін өлімге және адастыратын жолға итереді. Хазірет Әли (ғ.с.): «Насихатқа қарсылық білдіріп, оны қабылдамау адамды өлімге тірейді»,- деп айтқан болатын. Насихат айтушы адам насихат тыңдаушы адамды азырақ азаптайтындай және қабылдаған жағдайда жоғары көтерілетіндей ғамал етуге міндетті. Ислам діні басқаның қателігін түзету үшін оның қателігін тікелей айтпай, құрметпен, тұспалдап, жанама түрде айтуды насихаттайды. Исламның ұлық пайғамбары: «Ең жақсы бауырларың сендерге кемшіліктеріңді сый сияқты сыйлайтындар»,- десе, басқа бір сөзінде: «Мүмін – мүміннің айнасы, сондықтан ол қиындықтарды одан алыстатады»,- деген. Расында айна адамның кемшіліктерін азайтпай және көбейтпей, тура көрсетеді. Айна мөлдір болған сайын, кемшіліктерді анығырақ анықтайды. Мүміннің жүректері бір-біріне пәк болған сайын кемшіліктерді дұрысырақ баяндайды. Басқаларды құрметтеу мәселені шешетін келесі жәйт. Өйткені адамның рухани және психикалық алаңдаушылықтарын құрмет көрсету арқылы шешіп, оларды дұрыс жолға нұсқауға болады. Расында адамдарды құрметтеп, сыйлау қоғамдық өмірге таңқаларлықтай әсер етеді. Құран Кәрім мен пайғамбар әулетінің мектебінде басқаларды құрметтеуге ерекше назар аударылған. Діни бауырды құрметтеу Алла мен Алланың елшісін және хазіреттің әулетін құрметтеу болып саналады. Исламның ұлық пайғамбары: «Мұсылман бауырын құрметтеген адам Алла Тағаланы құрметтегендей»,- деп айтқан болатын. Имам Садық (ғ.с.) да: «Егер кімде-кім біздің достарымыздың бірін құрметтесе, оның Алланы, содан соң пайғамбарын құрметтеп, бізді қуантқаны»,- деген. Басқа жақтан діни бауырларды құрметтеу көпн сауапқа ие. Пайғамбар: «Мұсылман бауырын жылы сөзімен құрметтеген және қиындықпен бетпе-бет келген кезде оған көмектескен адам илаһи рақымдылыққа бөленеді»,- деп айтқан болатын.