Сәу 20, 2016 13:23 Asia/Almaty

Қасиетті ислам діні арағайындық және басқалармен татуласу мәселесін ерекше маңызды санайды.

 Алла Тағала «Ниса» сүресінің 85-ші аятында: «Кім жақсылықты қолдаса (халыққа жақсылық жасаса және қоғамның мәселесін шешсе), оған одан несібе бар. Ал және кім жамандыққа болысса (жамандық жасаса және халыққа зиян келтірсе), оған да одан бір тиесі бар»,- деп айтқан болатын. Арағайындық әртүрлі істерге қатысты орын алады. Арағайындық кінәсіз жәбір көрген адамды қорғау немесе достар, қоғам мүшелері арасындағы қайшылықтарды шешу үшін жасалуы мүмкін. Аллаға иман келтіріп, Оған құлшылық етіп, қияметке сенім арту негіздеріне сүйеніп құрылған, оның барлық мүшелері пайғамбар мен Алланың қасиетті кітабын қабылдайтын қоғамда адамдар бір-біріне бауыр және пікірлес болады. Құран бұл мәселені қуаттап, мұсылмандардан өз бауырларымен тату өмір сүруді талап етеді. («Худжерат» сүресінің 10-шы аяты). Егер әр себеппен жүректерде кек пайда болып, шайтан дұшпандық тудырып, бір-бірімізден бөлуге әрекет еткенімен бауырластығымызды пайдаланып, арамызды ажыратуға рұқсат етпеуге міндеттіміз. Сол себепті ақылымыз бен қырағылымыздың арқасында жүректеріміздегі достық қарым-қатынасты сақтауымыз керек. Имам Казем (ғ.с.) бұл туралы: «Халықтың арасындағы өзгертушілер қандай бақытты. Олар қиямет күнін жақындататындар»,- деген. Исламның ұлық пайғамбары да бұл туралы: «Намаз, ораза мен садақадан (зекет) басымдырақ нәрсемен таныстырайын ба? Ол халықты татуластыру болып табылады. Расында халықтың арасындағы қарым-қатынастың сууы халықтың арасында дінді тамырымен жояды»,- деп айтқан еді. Пайғамбар тыныштық пен намазды азайтуға болмайды»,- деген. Исламда өтірік ең жаман іс саналады. Өтірік –адамның екіжүзділігі мен имансыздығының белгісі. Мұндай болғанымен адамдар арасындағы қайшылықтарды шешу үшін қажет жағдайда өтірік айту айып емес. Бұл мәселе исламның адамдардың арасындағы қайшылықтар мен қоғамдағы мәселелерді шешуді маңызды санайтынын көрсетеді. Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы: «Расында Алла өзгеріске себеп болатын өтірікті жақсы көріп, бұзақылыққа соқтыратын өтірікті дұшпан санайды»,- деген. Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінен: «Өзгертуші адам өтірікші емес»,- деп оқимыз. Парсы әдебиетіндегі мақалдардың бірінде: «Ізгі ниетпен айтылған өтірік бүлік тудыратын шындықтан артық»,- деп айтылған. Имам Садық (ғ.с.) басқа бір сөзінде: «Сөздің үш түрі бар: шындық, өтірік және халықты өзгертетін сөз»,- деген. Хазіреттен: «Адамдарды өзгертуші деген не?»- деп сұрағанда: «Біреуден басқа туралы сөз естіп, егер сол адам оны естігенд ренжитін болса, көрген кезде «пәленшеден сен туралы жақсы сөз естідім» деп айт»,- деп жауап береді. Мұндай жағдайларда өтірік айту ақыл мен қырағылықты қажет етеді. Әр адам оны дұрыс іске асыра алмайды. Істердің егжей-тегжейіне көңіл бөлмей, қайшылықтардың тамырын тереңдету қандай өкінішті. Сол себепті ізгі ниетпен өтірік айту баршаға насихатталмайды. Алайда бүлік тудыратын шындықты айтпау баршаның қолынан келеді. Бұл екі адамды татуластыратын жол. Көбінде адамдардың арасындағы қайшылықтарға себеп болатын мәселенің бірі қаржы мәселесі болып табылады. Имам Садық (ғ.с.) мұсылмандар арасындағы бауырластықты өте маңызды санап, өзінің серіктерінің бірі Мофзал бен Умарға екі мұсылманның арасында қаржы мәселесіне қатысты қайшылық пайда болса, мәселені шешу үшін оның қаржысынан жұмсауға бұйырды. Бұл жердегі біздің куәміз – қажылық кереуенінің басшысы Әбу Хейнафе. Әбу Хейнафе былай деп нақыл етті: «Күйеу балам екеуіміз мұра туралы дауласып отырғанда бізді Мүфзал көріп, айтысымыздың себебін сұрады. Біздің мәселемізді естіген соң, үйіне ертіп апарып, қайшылық тудырған қаржыны төледі. Содан соң: «Бұл менің ақшам емес. Имам Садық (ғ.с.) оны маған беріп «араларында қайшылық туған екі серігімді көрген кезде менің қаржымнан оларға төле» деген. Мен сендерге хазіреттің қаржысынан төледім»,- деп түсіндіреді. Имам Садық (ғ.с.) келесі бір сөзінде: «Алла Тағала жақсы көретін садақа – халықтың арасында қайшылық туып, қарым-қатынастары суығандарды жақындататын садақа»,- деген болатын.