Жетекшілік хадисі 31
Ықылас – ғибадат пен діни міндеттер қабыл болу үшін қажет ең маңызды шарттардың бірі.
Ықылас деген ғамалдар тек Алланың ризалығы үшін ғана орындалып, тек Оның ризалығын ғана талап ету дегенді білдіреді. Халықтың мәселелерін шешу кезіндегі ең маңызды шарт ниеттің пәк болып, істі тек Алла үшін орындау болып табылады. Сол себепті атақ, екіжүзділік немесе пайда үшін жасалған іс дұрыс емес. Алла үшін жасалған істердің белгісі болады. Істеген ісі туралы айтып, халыққа жария етуді жақсы көрмеу осындай істің белгілерінің бірі. Имам Садық (ғ.с.): «Ақ ниетпен жасалған іс – адамның тек Алланың мадағына ғана ие болғысы келетін іс»,- деген болатын. Исламның ұлық пайғамбары қасиетті хадисінде Жаратушының атынан: «Мен ең жақсы серікпін. Ғамалында мені серік ететін әр адамның ісін сергіме тапсырамын. Тек мен үшін орындалған істерді ғана қабылдаймын»,- деген. Халықтың арасында абырой мен құрметке ие болу қоғамдық өмірдің қажеттіліктерінің бірі саналады. Сол себепті Ислам діні мүміннің абырой мен беделін сақтауды маңызды санап, мүміннің өзіне абыройын сақтау туралы бұйырып, басқаларға да мүміннің абыройын сақтауды насихаттайды. Рауаяттардың бірінде: «Бір күні бір мұсылман ер адам Мәдинеде басқа бір адамға қарыздар болып, қарызын өтей алмайды. Қарыз алған адам қарызды өтеуді талап етеді. Берешек адам исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хусейн (ғ.с.)-ға келеді. Келген адам еш нәрсе айтпастан-ақ имам оның не үшін келгенін түсініп, ер адам келген мақсатын айтып ұялмасын, оның абыройы төгілмесін деп, одан қалауын жазып беруді сұрайды. Ер адам: «Иә, Аба Абдолла! Мен бір адамға 500 динар қарыздармын. Ол қарызын қайтаруымды сұрайды. Маған ақша тапқанша уақыт берсін деп, онымен сөйлесіңізші»,- деп жазды. Имам Хусейн (ғ.с.) хатты оқып, үйіне барып, ішінде бір мың динар бар қалта әкеліп: «Мыңа ақшаның 500 динарымен қаразыңды өте. Келесі 500 динармен тұрмысыңды жақсарт. Еш уақытта мына үш адамнан басқа ешкімнің алдында қалауыңды айтпа: біріншісі – мүмін, діндар адам. Дін – оның қорғаны. Екіншісі – жомарт адам. Үшінші адам текті отбасыдан шыққан болсын. Мұндай адамдар сенің мұқтаждығыңа бола абыройдан айрылуыңды қаламайтыныңды білетіндіктен сенің беделіңді сақтап, көмектеседі»,- деген болатын. Басқаларға көмектескен кезде жасаған ісіңнің құнын міндетсіп, төмендетпеу керек. Исламдық рауаяттарда егер жақсы іс жасасаң оны ұмыт, міндетсіп, оның құнын жоғалтпа деп айтылған. Алла Тағала Құран Кәрімнің «Бақара» сүресінің 264-ші аятында: «Әй, мүміндер! Аллаға, ақирет күніне сенбей, адамдарға көрсету үшін мал сарып қылған кісідей, садақаларыңды міндет қылу, ренжітумен жоймаңдар. Міне, соның мысалы: үстінде топырағы бар тас сияқты. Оған қатты нөсер жауса, (топырағын шайып) тас күйінде қалдырды. Олардың еңбектері еш болады. Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды»,- деп ақыл-кеңес береді. Міндетсу нөсер жауын сынды жақсы ғамалдарды жуып-шайып кетеді. Халыққа көмектесіп, олардың мәселесін шешу саласындағы насихаттардың бірі аталмыш істерді орындауға асығу болып табылады. Жұмыс жасаған кезде асығу дұрыс емес. Бірақ мәселені шешуге асығу бірнеше тұрғыдан маңызды. Өйткені, жақсылық жасайтын уақыт болмай қалуы мүмкін. Имам Садық (ғ.с.): «Әкем имам Бақер (ғ.с.) «Жақсылық жасау туралы шешім қабылдасаң, асық. Өйткені келешекте не күтіп тұрғанын білмейсің» деген»,- деп есіне алатын. Сондай-ақ, Алла Елшісі: «Жақсылықтың есігі ашылған кезде, оны бағалау қажет. Өйткені оның қай кезде жабылатынын білмейсің»,- деп айтқан. Имам Әли (ғ.с.) пайғамбардың ерекшеліктері туралы былай деген: «Хазірет еш уақытта ешкімнің қалауына теріс жауап берген емес. Баршаның қалауын орындады. Егер көмектескісі келмесе немесе көмектесе алмаса үнсіз қалатын немесе өз аузымен жауап қайтаратын». Имам Бақер (ғ.с.): «Егер мұқтаж адам оның қалауының қандай қиындық тудыратынын білгенде еш уақытта ешкімнен еш нәрсе сұрамайтын еді. Ал егер одан бірнәрсе сұраған адам сұраушыны үмітсіз қайтаруда қандай сырдың бар екенін блгенде (қандай сауаптан айрылатынын білгенде) еш уақытта кісіні үмітсіз жібермейтін еді»,- деген болатын.