Жетекшілік хадисы 30
Адамның негізгі материалдық қажеттілігіне су мен азық-түлік жатады.
Исламдық аяттар мен рауаяттарда бұл екі қажеттілікті қамтамасыз ету басқалардан қажеттірек деп көрсетілген. Өйткені су мен азық-түліксіз адамның өмірі қатерге тіреледі. Имам Садық (ғ.с.): «Мүмінді тамақтандырып, оны тойдыратын адамның қандай сыйға ие болатынын Жаратушыдан басқа ешкім, не Оның ең жақын періштесі, не жіберген пайғамбары білмейді»,- деп айтқан болатын. Имам Саджад (ғ.с.): «Аш мүмінге тамақ берген адамға Аллла Тағала жәннәтің жемістерінен ауыз тигіздіреді; шөлдеген адамның шөлін басқан адамға жәннәттің сусынынан ішкізеді»,- деді. Киім де адамның қажеттіліктерінің бірі. Киім адамды суық пен ыстықтан сақтап, адамның қоғамдық абыройына себеп болады. Сол себепті мұқтаждардың материалдық өміріндегі осы қажеттілігін қамтамасыз етуге талпынатын адам Алланың алдында арнайы орынға ие болады. Имам Саджад (ғ.с.) бұл туралы: «Аш адамды тамақтандырған адамға Жаратушы жәннәттің жемістерінен дәм татырып, шөлдеген адамға су берген адамды жәннәттің мөлдір бұлағынан ауыз тидіріп, жалаңаш адамды киіндірген адамды Алла Тағала жәннәттің киімінен киіндіреді»,- деп айтқан болатын. Исламдағы жақсы ғамалдардың бірі – қарыз беру. Қарыз беру – халықтың мәселесін шешетін ең жақсы жолдардың бірі. А..ның елшісі бұл ғамалдың жақсылығы туралы: «Мұсылман бауырына қарыз берген адам әр дерхемінің орнына Ахад, Резван және Сина тауларының салмағындай жақсылыққа ие болады. Егер қарызды қайтаруға сабыр етсе, Сират көпірінен азапсыз өтеді»,- деген. Сонымен бірге хазірет өмірге қажетті құралдарды қарызға беруден тартынатын адамдарды айыптап: «Егер адам бұлай жасаса, Алла Тағала қиямет күні оған жақсылығын сыйламай, оны өзіне тапсырады»,- деді. Сондай-ақ, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.): «Мұсылман бауыры қажет етіп тұрғанда көмектесетін мүмкіндігі болып тұрып, оны жасамаған адамға Алла Тағала жәннәттің иісін харам етті»,- деді. Мәселені шешетін келесі маңызды жолдардың бірі басқаның қарыздарын өтеу болып табылады. Имам Джафар Садық (ғ.с.): «Алланың алдындағы ең сүйікті ғамалдардың бірі мүмінді тамақтандыру немесе қарызын өтеу арқылы қуантатын ғамал болып саналады»,- деген болатын. Күндердің бірінде имам Хусейн (ғ.с.) Асаме бен Зейд деген науқастанып жатқан адамды көруге барады. Асаме уайымға салынып, қайғыға батқан еді. Имам оның уаймының себебін сұрағанда ол: «Қарыздармын. 60 мың дерхам қарызым мені уайымға батырды»,- деп жауап береді. Имам Хусейн (ғ.с.) оған: «Уайымдама, мен сенің қарыздарыңды өтеймін»,- дегенде: «Берешегімді өтеместен бұрын дүние саламыын деп қорқамын»,- дейді. Имам: «Мен сен бұл дүниеден кетпестен бұрын қарыздарыңды өтеймін»,- деп уәде береді. Имам Хусейн (ғ.с.) уәдесін орындап, Асаме өлместен бұрын оның барлық қарызын өтеді. Исламның ұлық пайғамбары мен хазірет әулетінің келесі ақыл-кеңесі қарыздар адамның жағдайын жеңілдетуге қатысты. Хаммад бен Осман деген адам: «Күндердің бірінде имам Садық (ғ.с.)-ның қасында болдым. Сол кезде серіктерінің бірі кіріп келді. Имам Садық (ғ.с.) оған: «Неге бауырың саған наразылық білдіруде?»- деп сұрайды. «Оның наразылығы менің өз хақымды одан толық алғаныма қатысты»,- деп жауап береді серігі. Сонда имам: «Хақыңды толық алып, жаман іс жасамадың ба?" дейді. Алла Тағала Құранда «Рағыд» сүресінің 21-ші аятында: «Олар Алланың жалғастырылуын әмір еткен нәрсесін жалғастырып, Раббыларынан қорқа отырып, есебінің жаман болуынан қауіптенгендер»,- деп айтылған. Әрине қарыздар адамның да уақытында қарызын өтеуге талпыныс жасағаны жөн. Басқаның мәселесін шешу үшін абыройды пайдалану мәселені шешетін жолдардың бірі саналады. Қоғамда немесе әр топ пен әр тапта бір адам қоғамдық табыс пен ерекше беделге ие болса, ол өзінің абыройы мен жағдайын басқаларға көмектесіп, басқалардың мәселелерін шешу үшін пайдалана алады. Имам Әли (ғ.с.): «Алла Тағала мүліктеріңді сыйлауды сендерге уәжіп еткендей, абыройларыңның зекетін де уәжіп етті»,- деген. Расында адам мүлкінің бір бөлігін мұқтаждарға жұмсауға міндетті болғаны сынды абыройы мен деңгейін де жәбірленгендерді қорғау үшін пайдалануға міндетті.