Сәу 20, 2016 14:40 Asia/Almaty

Әр мұсылман ең жақсы ғибадаттардан хабардар болып, соларға сай ғамал етіп, Алланың ризалығына ие болатын ең жақын жолмен қадам басқысы келеді.

 Мейірімді Жаратушы олардың жақсылық жасап, Өзіне жақындағанын пенделерінен көбірек күтеді. Сол себепті өзі сайлаған достары арқылы пенделерін ең жақсы ғибадаттар және ең жақын жолдармен таныстырып, оларға дұрыс жолды көрсетті. Исламның ұлық пайғамбары мен хазірет әулетінің хадистері мен рауаяттарында мүміннің қажеттіліктерін қамтамасыз ету ең жақсы ғамалдар деп көрсетілген. Кейбір рауаяттарда аталмыш іс Алланың жолында мың пендені азат етіп, соғыс майданына мың жауынгерді жабдықтап, аттандырудан артық деп көрсетілген. Имам Садық (ғ.с.): «Илаһи сыйға ие болу ниетімен мүміннің қажеттіліктерін қамтамасыз ету жолында қадам басып, бұл жолда табысқа жетсе, Алла Тағала қажылық пен умраның (кіші қажылық) және екі айда: ораза мен харам айларда Әл-Харам мешітінде ораза тұтып, ғибадат жасау үшін жіберетін сыйларындай сыйды оған жазады. Ал, егер кімде-кім дәл осы ниетпен ғамал етіп, бірақ нәтижеге жете алмаса, Алла Тағала ол үшін қабыл болған қажылықтың сауабын жазады»,- деп айтқан болатын. Исламда маңызды бағаланатын барлық жақсы ғамалдарды орындау еш уақытта басқа діни міндеттің орнын толтырмайды. Сол себепті ешбір адам халыққа қызмет еттім деп сылтауратып, уәжіптерін орындаудан босатылмайды. Ислам дінінде әр нәрсе жақсылық саналады, тек олардың басымдылықтарына көңіл бөлу керек. Имам Садық (ғ.с.): «Ең жақсы ғамал – әлемнің Жаратушысын тану. Содан соң намаз, зекет, ораза, қажылық және біздің әулетіміз туралы білу. Діни бауырларға жақсылық жасау да ең жақсы жұмыс»,- деген. Халықтың мәселелерін шешетін адам Алла мен Оның пенделерінің ризалығына, әрі дүние мен ақыреттің жақсылығына ие болады. Исламның ұлық пайғамбары: «Ең жақсы адам халыққа пайдалы адам»,- деген болатын. Хазірет Иса да бесікте жатып: «Алла Тағала мені қайда болсам да мүбәрәк етті»,- деген болатын. Имам Садық (ғ.с.) бұл аяттың тәпсірінде: «Мүбәрәк, яғни өте пайдалы»,- деген анықтама берді. Сондықтан халыққа пайда келтіру адамның мүбәрәк болуына себеп болады. Исламда мұсылманның мәселесін шешу Алланы және Оның Елшісін қуанту болып саналады. Әйгілі хадисте Алла Тағаланың иманды жүректерде орын алатыны туралы айтылған. Басқа жақтан «Құдси» хадисінде Алланың атынан: «Халық – менің жанұям. Сол себепті менің алдымдағы олардың ең сүйіктісі –менің жанұям үшін ең мейірімдісі және олардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ең көп талпыныс жасайтындар»,- деп айтылған. Бұл екі хадис кімде-кім халыққа ыстық лебіз бен шаттық сыйласа сол Алланың ризалығына ие болып, ең ізгі ғамалдарды сый еткен болып табылады деген хабарды жеткізеді. Алла Елшісі: «Мүмінді қуантқан адамның мені қуантқаны, ал мені қуантқан адамның Жаратушыны қуантқаны»,- деген болатын. Жаратушыны қуанту, яғни Оның ризалығына ие болу. Бұл ғамал Оның ерекше рақымының түсуіне себеп болады. Адамдардың барлығы илаһи нығметтерді пайдаланады. Бірақ кейбіреулер өздерінің ғамалдарына қарай Алланың ерекше рақымдылығына ие болады. Исламның ұлық пайғамбары: «Мұсылман бауырына құрметпен сөйлеп, қиындықтарын шешетін адам бұл істерін орындап отырған кезде Алланың рақымдылығына бөленеді»,- деп айтқан болатын. Басқа адамдарға көмектесудің әсерінің біріне күнәләрдің кешірілуі жатады. Әрине, өмірімізде барлығымыздың күнә жасауымыз мүмкін. Тәубе және өкіну – күнәләрдің салдарларынан құтылатын ең жақсы жол. Жақсылық жасау да күнәләрдің кешірілуіне әсер етеді. Алла Тағала «Һуд» сүресінің 114-ші аятында: «Шынында жақсылықтар жамандықтарды жояды»,- деп айтқан. Алланың пенделеріне көмектесуден артық қандай жақсылық бар? Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Үлкен күнәләрді өтейтін жол – мұқтаждардың даусын естіп, оларға көмектесу»,- деген. Имам Садық (ғ.с.): «Жақсылық жасау үшін бір-біріңмен сайысқа түсіңдер. Жәннәтта өмірде тек жақсы әрі жағымды іс жасағандар ғана өтетін есік бар, сондай-ақ, Алланың пендесі діни бауырының қажеттілігін қамтамасыз етуді мақсат етіп қадам басқан кезде Алла оның иығына екі періштені отырғызады. Олардың біреуі оң жақтан, екіншісі сол жақтан адамның күнәләрін кешіруді сұрап, қажеттіліктерін шешу үшін дұға тілейді»,- деген.