Сәу 20, 2016 14:51 Asia/Almaty

Исламдық мәдениетте қонақ – Алланың сүйіктісі, Жаратушы тарапынан жіберілген береке әрі сый.

 Күндердің бірінде Алланың елшісі өзінің сахабаларына: «Алла Тағала қалаған кезде жамағатқа жақсылық жасап, оларға құнды сый жібереді»,- деген олар: «Қандай сый?»- деп сұрайды: Хазірет: «Ол сый – қонақ. Қонақ өзімен бірге ырзық пен құт әкеліп, оны күткен жанұяның күнәсін өзімен бірге әкетеді»,- деп жауап береді. Осы салада имам Садық (ғ.с.) да қызық оқиғаны есіне алатын. Бір күні Хусейн бен Наим деген серігінен: «Діни бауырларыңды жақсы көресің бе?»- деп сұрайды. Ол: «Иә»,- деп жауап берді. Имам: «Алланың достарын жақсы көргенін дұрыс. Алламен ант етемін, егер оларды жақсы көрмесең сенің пайдаң олардың ешбіреуіне жетпейді. Расында, оларды үйіңе шақырасың ба?» деп сұрайды. Хусейн бен Наим: «Иә, еш уақытта қасымда кемінде екі-үш бауырым болмаса, ас ішпеймін»,- дейді. Хазірет: «Олардың сенің алдындағы басымдылықтары сенің олардың алдындағы басымдылықтарыңнан артық екенін біл»,- дегенді естіген Хусейн, таңғалып: «Құрбаның болайын, мен оларды тамақтандырып, олардың ықтиярына атымды беремін. Сонда қалай, олар менен артық па?»- деп сұрайды. Имам: «Иә, өйткені олар сенің үйіңе келген кезде сенің өзің мен жанұяңа кешірім әкеледі. Кетерлерінде сенің өзің мен жанұяңның күнәсін өзімен бірге алып кетеді»,- деп түсіндіреді. Қонақжайлылық – исламда қуатталған салт-дәстүрлердің бірі. Ол адамдар арасындағы достықты кеңейтеді. Қонақ өмірді көңілдендіріп, қоғамға қуаныш сыйлап, біріктіре түседі. Сол себепті мұсылмандар мүмкіндіктеріне қарай басқаларды қонаққа шақырады, сондай-ақ, оларды біреулер шақырса, жолдың қашықтығы немесе қиындығына қарамастан шақыруды қабылдайды. Исламның ұлық пайғамбары: «Мені естігендер мен естімегендерге айтыңдар: тіпті баратын жер 15 шақырым қашықтықта болса да мұсылман бауырларыңның шақыруын қабылдаңдар. Өйткені бұл ғамал имандарыңның бір бөлігі»,- деген болса, имам Джафар Садық (ғ.с.): «Мүмін мүмін бауырының шақыруын қабылдауы керек»,- деп айтқан болатын. Қонақжайлылық достық қарым-қатынастың ең жақсы көрінісі болуымен қатар, ішкі болмыстың бірлігі мен тыныштығының белгісі саналады. Имам Садық (ғ.с.): «Ердің басқаға деген махаббаты мұсылман бауырының тамағынан ішіп-жеген кезде жақсы көрінетін болады»,- деген болатын. Мүмін бауырдың шақыруын қабылдамау әділетсіздік және оның құқығын таптау болып табылады. Мүмін бауырдың құқығын сақтау уәжіп саналады. Бұл құқық туралы қияметте адамнан сұралады. Алланың Елшісі: «Егер біреу діндес бауырын асқа шақырған кезде шақыруды қабылдамаса ол адам шақырған адамның құқығын сақтамаған болып саналады" деген екен. Қонақжайлылық және дастархан жайып, қонақты күту пайғамбарлар мен илаһи әулиелердің салт-дәстүрлерінің қатарына жатады. Пайғамбарлардың барлық бұл әдемі сипатқа ие болды. Хазірет Ибрахим (ғ.с.) туралы ол хазіреттің тамақтанғысы келген кезде тамақты бірге ішетін адам іздейтіндігі айтылған. Сол себепті хазірет «қонақтардың әкесі» деген лақап атқа ие болды. Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с) да атасы хазірет Ибрахим (ғ.с.) сынды қонақжай болып, достық қарым-қатынастар орнату арқылы халықтың құлағына уаһи тағылымдарын жеткізді. Пайғамбардың немересі имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) да үйінде әртүрлі адамдарды қонақ етіп күтетін. Олардың арасынан бөгделерді, үйсіз-күйсіз адамдар мен жолаушыларды, жетімдер мен мақұрымдарды көруге болатын еді. Қонақжайлылық – ахлақи және діни міндет. Бірақ қарым-қатынастарды көбейтіп, қонақ күту үшін әртүрлі салтанатты шараларды азайту сынды мәселелерге көңіл бөлген жөн. Хадистердің бірінде: «Имам Әли (ғ.с.)-ның серіктерінің бірі Харес бен Абдолла Хамедани хазіреттің қасына келіп: «Уа, Әли! Менің үйіме келіп, тамақтанып, мені қуант»,- дегенде имам: «Мен келеді деп өзіңді шаршатпасаң және жанұяңды қиналтып, олардың тамағы азаймаса келемін»,- дегенде Харес қабылдап, имам Әли (ғ.с.) оның үйіне барып, түскі тамағынан ауыз тиген екен. Қонақ күту үй иесі мен жанұясын қиындыққа ұшыратпауы қажет, сондай-ақ мүмкіндігіне қарай қонақты күту қажет. Имам Садық (ғ.с.): «Діни бауырың келген кезде үйіңде бар асты оның алдына қой. Ал егер оны ресми шақырған болсаң, жақсылап күтуге күш сал»,- деп айтқан.