Сәу 20, 2016 15:10 Asia/Almaty

Адам – ойланатын жаратылыс. Ол таңдау мүмкіндігіне ие болып, хақ пен жалғандықтың, дұрыс пен бұзақылықтың жолын ажыратып, өзін кемелдікке немесе қорлыққа жеткізе алады.

 Алла Тағала адамды даму мен кемелдіктің жоғары деңгейіне жеткізгісі келіп, оларды сынақтан өткізеді. Имам Әли (ғ.с.) илаһи сынақтың философиясы туралы: «Жаратушы пенделерінің көңіл-күйінен олардың өздерінен көбірек хабардар, бірақ оларды сынақтан өткізіп, олардың жақсылық немесе жамандыққа баратындарын анықтап, берілетін сыйлары немесе тағайындалатын жазаларын айқындайды»,- деген болатын. Сынақ – Алланың мәңгілік сүннеті. Ол адамды жігері мен ықтиярынан айырғанша жалғасады. Илаһи сынақ барша халыққа қатысты сүннет. Имам Әли (ғ.с.) «Күмән келтіретін адамдар еш уақытта сынаққа түспейді» деген уәжді анықтау үшін: «Ешбір адам «Уа, Алла! Сынақтан қашып, Өзіңді пана тұтамын» деп айтпайды. Өйткені, барлық адамдар сынақтан өтеді. Бірақ, егер кімде-кім Алланы пана тұтайын десе Одан ауыр сынақтардан өткізуді сұрайды»,- деді. Илаһи сынақтар адамдарға қатысты. Кейбір адамдар үшін сынақ ауыр, қиындықтарға толы болса, басқалар үшін оңай болады. Исламдық хадистерде адамның Аллаға деген иманы көбірек болса, оның бұл дүниедегі илаһи сынақтары да ауырырақ болып, нәтижесінде ол көбірек дамуға қол жеткізеді. Сол себепті иманның ең жоғары сатысына жеткен пайғамбарлар мен илаһи әулиелер ең қиын сынақтармен бетпе-бет келді. Қарапайым адамдар мұндай сынақтардан өте алмайды. Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Жаратылғандардың арасында ең ауыр қиындықтармен біріншіден, пайғамбарлар мен әулиелер, содан соң cоларға ұқсас адамдар кезігеді. Адам өзінің жақсылықтарына сай сынаққа түседі. Діні дұрыс және жақсылық жасайтын адамдардың кезігетін ауыртпалықтары да күштірек болады. Өйткені, бұл дүние мүміндер үшін сый немесе кәпірлер үшін азап ретінде жаратылмаған. Діні дұрыс емес және істері осал адамдардың қиындықтары да көп болмайды»,- деген болатын. Хазірет келесі бір хадисінде: «Мүмін - таразының табағы сынды. Оның иманы күшейген сайын қиындықтары мен сынағы да көбейе бастайды»,- деді. Адамдар өмірдің әртүрлі қиындықтарымен бетпе-бет келген кезде әртүрлі реакция көрсетеді. Кейбір адамдар ең ауыр проблемамен кезігіп, ең қиын сынақтан өткен кезде да оларға мойымай, өзінің илаһи міндеттерін орындайды. Бірақ кейбіреулер тіпті ең кішкентей қиындыққа да төзе алмайды. Алланың адамды сынақтан өткізетін жолының бірі оны дүниенің мүлкінен мақұрым етуі болып табылады. Кедей және мұқтаж адам қиындықпен кезіккен кезде өз дінін қорғайды ма деп сынаққа алынса, бай адам өз байлығын дұрыс әрі адам Алла жолында жұмсайды ма деген сынаққа түседі. Имам Әли (ғ.с.) әртүрлі илаһи сынақтар туралы: «Алла адамның ырзығын кедейлік пен мұқтаждыққа, денсаулығын дене түршіктірер оқиғалармен байланысты етті. Сондай-ақ, қуаныш пен шаттықты уайым-қайғыға жақындатып, өмірдің басы мен соңын айқындады. Өмірді кейде ұзақ, кейде қысқа етті. Яғни, сынақтан өтуге уақыт берді»,- деп айтқан болатын. Джиһад және өмірді қию – үлкен сынақ. Өйткені адамның ең қымбат мүлкі – өзінің жаны. Сондай-ақ, науқастану, психикалық және көңіл-күй мәселелер илаһи сынақтар саналады. Исламдық хадистерде мүміннің науқасқа шалдығуы мен дерті оның күнәләрының кешірілуі болып саналады. Имам Садық (ғ.с.): "Жәннатта дене кемістіктері бар адамдар ғана орналасатын, басқалардың қолы оған жетпейтін орын бар"деген. Илаһи сынақтан сәтті өткізетін маңызды жолдардың бірі қиындықтардың алдында сабыр сақтау саналады. Құран Кәрім «Бақара» сүресінің 155-ші аятынан: «Әрине сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммад с.ғ.с. сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр!»- деп оқимыз. Сабырлық әр қиындық пен әр сынақтың алдындағы мүміндердің жоғары ерекшелігі ретінде еске алынады. Имам Әли (ғ.с.): «Сынақ пен қиындықтар ауыр болған сайын оның сыйы мен сауабы да көбірек болады»,- деп айтқан. Илаһи сынақтартардан сәтті өтуден көмектесетін келесі мәселе басқалардың өмірінен сабақ алу болып табылады. Алла Тағала Құранның көптеген аяттарында бұрынғы адамдарды еске алып, олардан ғибрат алу туралы айтқан. Имам Әли (ғ.с.) да бұрынғылардан тақуалықты үйреніп, ғибрат алуды насихаттайды: «Алланың пенделері! Дүниенің уайым-қайғысы мен сауықтарына аса көңіл бөлмеңдер, өйткені бұл дүниенің мәңгілік емес екенін білесіңдер. Өздеріңді дүниеден алыс ұстаңдар. Бұрынғылардың бастарынан өткергендері, яғни олардың дене мүшелерінің бір-бірінен бөлінгендері, көздері мен құлақтарынан, барлық нығметтер мен тұрмыстарынан айрылғандары, перзенттерінен жырақта қалып, олардан айрылып, жұбайларының мейірімінен кенде қалғандары сендер үшін ғибрат болсын».