Қар 27, 2021 22:18 Asia/Almaty
  • Иран: Сираф қаласы (134)

Сираф (Siraf) – Бушер облысындағы көне қала.

Сираф Бушер облысының көрнекті тарихи жерлерінің бірі саналады. Қала архитектурасы ерекше. Масулеге ұқсайды. Сираф айлағы – Иранның көне айлақтарының бірі. Бір кездері жұмысы қайнап тұрған айлақ болған. Африка, Еуропа және Азиямен сауда‑саттық осы айлақ арқылы жүзеге асырылатын. Бұл ауданнан түрлі нақыштар салынған қыш ыдыстар, маталар мен әшекей бұйымдардың табылуы бағзы заманнан бері сауда қарым-қатынасының қарқынды жүріп тұрғанын көрсетеді.   

Сираф айлағы
Сираф айлағының 2500 жылдық тарихы бар.
Сираф айлағы
Сираф айлағы
Сираф айлағындағы көне зират
Төбелердің үстінде қолдан кесілгендей тастар бар. 
Бұл зиратта түрлі дін өкілдері жерленген, сондықтан оны "Өркениеттер зираты" деп атайды. 
Шамси жыл санағы бойынша 327 және 496 жылдары болған жер сілкінісі салдарынан Сираф айлағы толық қирады. 
Сираф айлағы тұрғындарының танымал тағамдары - қуырылған балық пен асшаян палауы. 
Сираф айлағынан балық, асшаян, құрма мен түрлі қолөнер бұйымдарын сәлем-сауқат ретінде алып кетуге болады. 
Сираф айлағы Сасанилер заманы мен Ислам дәуірінің бас кезінде Батыс Азиядағы ең маңызды айлақтардың бірі болған. 
Бағзы заманда Сираф айлағында римдіктер, гректер мен қытайлар тұрған. 
Сираф айлағында х.ш.ж.с.б. 4 ғасырда танымал тіл маманы Сибуйе өмір сүрген. Кесенесі осы қалада орналасқан. 
 Көне тарихи ескерткіштер мен телегей теңіз туристердің Сираф айлағына көптеп келуіне себеп болып отыр.