Сәу 20, 2016 16:41 Asia/Almaty

Тілектестік ахлақтың жақсы әрі жағымды сипаттарының бірі болып саналады. Ол басқаларға қатысты күмәнденіп, жаман ойлауға керісінше болашаққа сеніммен қарау басқалардың іс-қимылдарын жақсылыққа балау дегенді білдіреді.

 Тілектестік бірнеше түрге бөлінеді. Солардың бірі - Аллаға сенім арту. Алла Тағала барлық жақсылықтар мен кемелдіктердің қайнары болғандықтан пенделерінің әрқашан Оның көмегі мен кешірімінен үміттенгендері дұрыс. Алла Елшісі: «Тек Бір Өзіңе құлшылық ететін Алламен ант етемін. Ешбір мүмінге, егер ол Аллаға иман келтірмесе немесе Одан үміт етпесе дүние мен ақыреттің жақсылығы сый етілмейді. Алла - Жомарт және барлық жақсылық Оның қолында. Ол мүмін пендесінің Оған күмән келтіргеніне ұялады. Сол себепті Аллаға сенім артып, Оған қарай асығыңдар»,- деген. Исламның ұлық пайғамбары келесі хадисінде осы мәселеге тоқталып: «Қиямет күні өзіне зұлымдық жасаған (күнә жасаған) пендені іс-әрекетіне есеп беруі үшін Алланың алдына әкеледі. Жаратушы: «Саған бағыну туралы бұйрық бермедім бе? Маған бағынудан бас тартпауды ескертпедім бе?»- деп сұрайды. Пендесі: «Иә, Жаратушым, бірақ нәпсім мені жеңді. Содан соң жасаған күнәм мені азаптады»,- деп жауап береді. Алла Тағала: «Оны тозаққа қарай апарыңдар (ол күнәһар)»- деп бұйырады. Пенде: «Иә, Алла, менің Өзіңе деген ойым мұндай болмады»,- дегенде Алла: «Сенің Маған деген ойың қандай болды?» деп сұрайды. Пенде: «Мен Өзіңе қатысты тек жақсы ойладым. Сен менің күнәлерімді кешіріп, рақымыңа бөлейсің деп ойладым» дегенде Алла Тағала: «Оны жәннәтқа қарай апарыңдар»,- деп бұйрығын өзгертеді. Ахлақ ғалымдарының көзқарасы бойынша, Ислам дінінің Аллаға жақындататын жолдарының бірі Алладан үмітті болу. Өйткені Алла Тағала бір түйірді таудай етіп, пендесінің кішкентай, бірақ ақ ниетімен жасаған ғамалы үшін оны мақсатына жеткізеді. Осыған орай Аллаға сенім артудың нәтижесінің бірі мәңгілік жәннәтқа жол табу. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Ойы түзу болған әр адам жәннәтқа жетеді»,- деген. Пайғамбар Алла Тағаланың: «Сый алу үшін жасаған ғибадаттарыңа сүйенбендер, өйткені қанша талпынып, өздеріңді қинасаңдар да құлшылық етушілердің міндетін орындай алмайсындар. Бірақ, егер Менің рақымдылығыма сенім артып, үмітті болсаңдар рақымдылығыма бөленесіңдер. Өйткені, Мен Мейірімді әрі Рақымды деген атқа иемін»,- деп айтқанын еске салады. Аллаға сенім арту – адамның білімі мен иманының тамыры. Имам Әли (ғ.с.): «Аллаға сенім арту – мықты қорған, оны тек мүмін пенде ғана пана тұтады»,- деген болатын. Аллаға сенім арту мүміннің қасиеті болғандықтан иман нәпсіге сенім артуға көмектеседі. Алла Елшісінің рауаяты бойынша, қиямет күні Ұлы Алланың рақымдылығынан үмітсіз қалғандардың беттері қара болады. Исламның ұлық пайғамбары имам Әли (ғ.с.)-ға: "Әли! Қорқақ адаммен ақылдаспа, өйткені ол сені мақсатыңа жеткізбейді. Сараң адаммен ақылдаспа, өйткені ол жаман істі жақсы етіп көрсетеді. Уа, Әли! Қорқыныш, сараңдық және өкініш табиғи қылық болып табылады. Олар Аллаға деген сенімсіздіктен тамырланады",- деген. Аллаға сенім арту – адамның илаһи көмексіз нәтижеге жете алмайтын талпыныстарын көрсететін қасиет. Сол себепті пәк имамдар бұл қасиетті Алладан тілейтін. Имам Казем (ғ.с.)-ның серіктерінің бірі: «Меккеде Имам Казем (ғ.с.)-ның ту сыртында тұрған кезіде хазірет: «Уа, Алла! Күмәнданған кезімде бір Өзіңнен жақсылық тілеп, Бір Өзіңе тәуекел етемін»,- деп қайталай берді»,- деп есіне алатын.