Сәу 20, 2016 16:45 Asia/Almaty

Рауаяттар мен Құран аяттарында «пәк жүрек» туралы көп айтылған.

Пәк жүректің маңыздылығын Құран Кәрімде оның «қиямет күні құтқаратын жалғыз қор» деп аталуы анықтайды. «Шұғара» сүресінің 88-89-ші аяттарынан: «Ол күні мал да, балалар да пайда бермейді. Бірақ кім Аллаға нағыз жүрекпен келсе ғана (пайда береді)»,- деп оқимыз. Мүлік пен перзент – бұл дүниедегі өмірдің зейнеті мен қоры, бірақ мәңгілік өмірде тек пәк жүрек ғана адамның бақытына себеп болады. Имам Садық (ғ.с.)-нан осы аятқа байланысты: «Пәк жүрек не?»- деп сұрағанда: «Пәк жүрек Өзінің Жаратушысымен кездесетін жүрек әрі бұл жүректе Алладан басқаға орын жоқ»,- деп жауап берді. Жүрекке берілген анықтамадан рух, нәпсі, ақыл және басқа сөздерді кездестіруге болады. Құранның үлкен тәпсіршісі ғұлама Табатабаи жүректі жақсы көру, жек көру, қорқыту, үміт пен армандау, алаңдау және тағы да басқа сезімдер сынды ғамалдар мен қылықтарды көрсететін адамның жаны деп санайды. Исламдық рауаяттарда жүректің жақтастары, оның саулығы, оны ластайтын және олармен күресетін жолдар туралы айтылған. Олардың барлығы исламның бәрінен бұрын ой-пікір, наным-сенім және ахлақтың негіздерін маңызды санайтынын көрсетеді. Адамның барлық бағдарламалары содан тамырланады. Осыған орай имам Садық (ғ.с.) жүректерді топтарға бөліп: «Жүректер төрт түрлі: иманы бар, алайда қайшылықа ие жүрек; теріс қараған жүрек; еш нәрсені қабылдамайтын жабық жүрек және А..дан басқа еш нәрсесі жоқ нұрлы жүректер»,- деді. Содан соң: «Нұрлы жүрек – мүміннің жүрегі. Алла Тағала оған нығмет сыйлаған сайын ол шүкіршілік етеді; қиындық көрген сайын сабыр сақтайды. Ал теріс қараған жүрек мүшіріктердің жүрегі. Иманы бар, алайда қайшылыққа ие жүрек хақ пен жалғандыққа немқұрайдылық білдіретін адамның жүрегі. Ол егер хақтың жағында орналасса, хақты қолдайды, ал егер жалғандықтың жағында орналасса, жалғандықты қолдайды. Бірақ, жабылған жүрек – мүшіріктердің жүрегі»,- деді. Пәк жүрек – кек, қызғаныш және осыған ұқсас жағымсыз қылықтары жоқ жүрек. Мұндай жүрек А.ның нұрының белгісі. Мұндай жүректе күмән мен шіркке орын болмайды. Исламның ұлық пайғамбары бұл туралы: «Адамның жүрегі пәк болған кезде денесі де тазарады. Керісінше, жүрегі лас болса, денесі де лас болады»,- деген. Расында жүрек пен рухтың дерті ең қатерлі сырқатқа жатады. Өйткені адамның жүрегі шіріген кезде денесі де шіриді. Рухтың дерті обыр сынды адамның денесіне түсіп, дененің әртүрлі мүшелеріне тамырын жайып, соңында адамды жеңеді. Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Жүректің денеге қатысы имамның халыққа қатысы сынды. Сол себепті жүректің саулығы бүкіл дененің саулығына себеп болса, оның дертке шалдығу денесінің бүкіл мүшелерінің кеселге ұшырауына соқтырады»,- деп айтқан болатын. Рауаяттардың бірінде: «Бір күні исламның ұлық пайғамбары өзінің сахабаларының арасында отырып, бір жаққа қарап: «Қазір осы жолдан жәннәтқа баратын адам келеді»»,- дейді. Көп ұзамай айтқан жолдан ансарлардың бірі келіп, сәлемдеседі. Келесі күні, сондай-ақ, үшінші күні де Пайғамбар (с.ғ.с.) өз сөзін қайталағанда сол адам қайтадан келеді. Үшінші күні Алла Елшісі орнынан тұрып, жиыннан кеткен кезде Абдолла деген ансарлық оған: «Әкем екеуіміздің арамызда қайшылық туды. Мен оның қасына үш күн бармаймын деп серт бердім. Егер келіссеңіз, бұл үш күнді сіздің қасыңызда өткіземін»,- дедім. Ер адам: «Еш кедергі жоқ»,- деді. Абдолла: «Үш күн оның қасында қалып, оның ғамалын бақыладым. Бұл үш күнде ғибадатын орындау үшін тұрған адамды көрмедім. Тек кейбір уақытта күн шыққан соң таңғы парызын орындайтын. Бірақ осы мерзімде одан жақсылықтан басқа еш нәрсе естімедім. Үш күн өтті. Кетерде оған ақиқатты айтып: «Мен бұл кезде ерекше артық ғамал көрмедім, мұндай жағдайда не нәрсе сізге нұр береді?» деп сұрадым. Ер адам: «Менің ғамалым өзің көрген ғамал болды. Жүрегімде ешбір мұсылманға кегім жоқ және Алланың басқаларға сыйлаған сыйлары мен нығметтерін қызғанбаймын»,- деді. Абдолла: «Жүректің пәктігі сені осындай мәртебеге жеткізді. Біздің мұндай күшіміз жоқ»,- деді.