Имам Хомейнидің мектебінде (38)
Имам Хомейни намазды Аллаға жақындау бағытындағы мистикалық сапар, барлық илаһи пайғамбарлардың шақыру мақсаты болған таухидтің көрінісі деп санаған.
Ислам революциясының негізін қалаушының діни және мистикалық болмысын және оның теология және практикалық мистицизм салаларындағы теориясы мен тәжірибесін ескере отырып, имам Хомейнидің ұлы заңгер және теолог, шиіттер әлемі қабылдаған еліктеу ғұлама, бірегей мистик, сонымен қатар заманымыздың ұлы философы ретіндегі ойлары мен практикасына тоқталамыз. Имам Хомейни тек ұлы діни заңгер және исламтанушы ғана емес, сонымен қатар барлық мүміндер мен ақиқат жолын іздеушілерге практикалық алаңда үлгі бола білген тұлға.
Имам Хомейни тұрғысынан діни рәсімдер мен ғибадаттарды талқылауға кірісу үшін намаз тақырыбын таңдадық. Өйткені Ислам дінінде намаздың мәртебесі жоғары және Құран Кәрімнің аяттарында қайта-қайта айтылған. Сондай-ақ дұрыс рауаяттар мен хадистерде намаздің діннің тірегі екені баса айтылған. Алланың алдында намаз қабыл болса, басқа ғибадаттар да қабыл болады. Ал намаз қабылданбаған жағдайда, басқа амалдар мен ғибадаттар қабыл болмайды. Имам Хомейни дүние жүзіндегі көптеген адамдардың көз алдында көрнекті заңгер және саясаткер ретінде танымал болғанымен, ақиқат жолындағы мистикалық ойлары мен мінез-құлықы да бұл кісіні маңызды етті. Намазға келетін болсақ, имам Хомейни намаздың фиқһтық және көрінетін өлшемдеріне азды-көпті мән беріп, оның өлшемдерін түсіндірсе де, намазға деген негізгі көзқарасы мистикалық көзқарас болып табылады.
Имам намазды Аллаға жақындау бағытындағы мистикалық сапар, барлық илаһи пайғамбарлардың шақыру мақсаты болған таухидтің көрінісі деп санаған. Имам Хомейни хазірет Адам мен Хауа ананың көктен түсу оқиғасына сілтеме жасай отырып, намазды Алланың адамға берген сыйы және оның көмегімен олар бұрынғы жоғары дәрежелеріне қайта оралады деп білді. Имам Хомейни: «Адам мен Хауа (оларға Алланың сәлемі болсын) Алланың алдынан жер әлеміне түскеннен кейін, мейірімді Алла Адам мен Хауа ананы еске алу мүмкіндікті беріп, Жаратушыға жақындайтын мекенге дейін жүруін қамтамасыз етті. Алла Тағала өз Пайғамбарын (с.ғ.с.) Миғражға апарып, оған ақиқатты ашқанындай, хазірет Адам мен оның барлық перзенттеріне намаз арқылы Өзіне жақындауға жол ашты»,- деді. Имам Хомейни ғибадат етушінің намазын ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) миғражға дейінгі сапарымен салыстыра отырып, бұл сапардың нұры ретінде намазды атады.
Имам Хомейни намаздың ақиқатын нәпсі үйінен Аллаға қарай сапар және намаз оқумен шектелмей, оның ақиқатын түсінген жөн деп санайды. Имам Хомейни хазірет имам Садеқтың (ғ.с.) өзінен намаздың шектері туралы сұраған адамға «Намазда төрт мың шек бар, оның біреуін де орындай алмайсың» жауап берген хадисіне назар аудартады. Имам Хомейни бұл рауаятты түсіндіре отырып, имам Садеқ (ғ.с.) сөздерінің намаздың ішкі мағнасы және шектері бар екенін білдіретінін атап көрсетеді. Өйткені имам Садеқ (ғ.с.) айтқан осы төрт мың шек намаз оқудың сыртқы шеңбері болса, хазірет ешқашан адамға олардың біреуін орындай алмайсың деп айтпас еді. Әрине кез келген адам сыртқы әдепті сақтап, намаз оқи алады, сондықтан имам Садеқтың (ғ.с.) сөздері намаздың ішкі ақиқатына назар аудартады. Имам Хомейни намаздың әдебі туралы өз көзқарасын түсіндіру арқылы өзін ақиқатқа жеткеннен кейін адам намаз оқуды қажет етпейді деп сенген кейбір сопылардың адасқан көзқарастарымен немесе үнсіз намазға сенген кейбір мистиктердің пікірлерінен алыстап, бұл көзқарастырады теріске шығарды.
Имам Хомейни Алла Тағалаға иман келтірушілердің басшысы ретінде ардақты Пайғамбарды (с.ғ.с.) құлшылықтың сыртқы және ішкі жарамдылығының өлшемі және үлгісі деп санады. Пайғамбардың басынан өткен оқиғадан басқа кез келген жағдай шайтанның ісі болып саналады, сондықтан пенденің болмысында қалып, өзін емдеп, адасу жолынан шығуы керектігін көрсетеді. Имам Хомейнидің намазы оның осыған байланысты көзқарастарының практикалық үлгісі болып табылады. Барлық ғұламалар мен мистиктер осы ұлы мистиктің тақуалығы мен ішкі тазалығын әрдайым ерекше атап өткен. Аятолла Араки, шииттердің әйгілі ғұламаларының бірі имам Хомейни туралы: «Оның құрбандығы мен тақуалығы және жанкештілігіндей қасиеттерге ие адам көрген емеспін»,- деген.
Имам Хомейни қай кезде де, қандай жағдайда да намаз оқуды басты іс деп санайтын. Имаммен тығыз қарым-қатынаста болғандар бұл кісінің парыз намазды барлық нәрселерден жоғары деп білгенін айтады. Имамның ұлы сейед Ахмад былай деп есіне алатын: «Иран шахы қашып кеткен күні біз Парижде Нофль-ле-Шатода болдық. Франция полициясы Нофль-ле-Шатоның бүкіл көшелерін жауып, жылдың ең үлкен оқиғасының жаңалықтарын тарату және имамның ұстанымын әлемге жеткізу үшін әртүрлі елдердің журналистері жиналды. Имам бірнеше минут әңгімелесіп, өз ойын айтты. Бірде менен: «Түс намазы уақыты болды ма?» деп сұрады. Мен уақыттың келгенін айтым. Имам уақыты келсімен намазын оқу үшін сөзін аяқтады. Яғни бүкіл әлем бойынша миллиондаған халық теледидарды көріп отырған жерде, имам сөзін тоқтатып, намаз оқуға асықты». Имам Хомейни намазды уақыты келсімен оқуымен бірге, намазға тұрған кезде бүкіл мәселелерден алыстап, тек намаз туралы ойлаған. Атефе Ашрақи, имамның немерелерінің бірі: «Соғыстың алғашқы кезінде кенет зениттік атысты естідік. Біз зениттік қарудың дыбысын білмегендіктен, бомба жарылды деп ойладық. Біз алаңдап имамның бөлмесіне бардық, бірақ имам мүлде дыбыс естімегендей намаз оқып, құлшылық етіп жатты. Бұл кісі біздің келгенімізге көңіл бөлмеді»,- деді. Намаз оқуға ерекше көңіл бөлуімен бірге түнгі намаздар мен нәпіл намаздарды оқыған. Туыстары имамның елу жыл бойы тіпті ұшақта да, аурухана төсегінде де түнгі намазын қалдырмағанын айтатын. Ауруханаға жатқан кезде де қасындағылардың біріне оны азан мен намазға оятуды сұрайтын.