Жел 25, 2021 18:08 Asia/Almaty
  • Иран: Си-е тир көшесі (139)

Си-е тир көшесі – Теһранның ең көне көшелерінің бірі. Оның атауы бұрын "Қавам ус-Салтане" болған.

Х.ш.ж.с.б. 1331 жылы 30 тирде (1952 жыл 21 шілде) Теһран халқы көтеріліс жасады. Сол себепті көшеге осы оқиға атауы берілді. Көше бойында Фируз Баһрам мектебі, аташкаде – зороастристік отқа табыну орны, армяндардың хазірет Мариям шіркеуі, хазірет Петрос шіркеуі, еврейлердің Хаим синагогасы және мұсылмандардың мешіті орналасқан. Си-е тир көшесі мен Джумһури көшелерінің қиылысы түрлі діндер орталығы саналады. Бұл көшеде мұражайлар мен тарихи ғимараттарды тамашалап, кафелерде демалып, көше тағамдарынан дәм татуға болады.

Си-е тир көшесі
60 жылдық тарихы бар Иранның ұлттық тарих мен археология мұражайы көшенің бас жағында орналасқан. 
Бұл мұражай осы саладағы басты мекеме саналады.
Көшеге тас төселген. Кейбір бөліктері өте көне.
Хаим синагогасы Си-е тир көшесінде орналасқан.
Хаим синагогасының тарихы бір ғасырдан асады. Ол хаим мәдениетін жазушы Солейман Хаим тарапынан салынған.
Бұл көшеде түрлі діндердің ғибадатханасы қатар орналасқан.
Си-е тир көшесіндегі Қасиетті Мариям шіркеуі
Си-е тир көшесіндегі 125 жылдық тарихы бар мешіт
Қасиетті Петрос (інжіл) шіркеуі Қаджарлар заманына тиесілі.
Діндер қиылысындағы Адриан ғибадатханасы
Адриан ғибадатханасы Қаджарлар заманына тиесілі.
30 тирдегі тарихи оқиғалар Қавам өмір сүрген мына ғимараттың алдында орын алды.
Бұл – Теһрандағы ең көне әрі маңызды көшелердің бірі.
Си-е тир көшесі оңтүстікте Имам Хомейни даңғылынан басталып, солтүстікте Джумһури көшесімен қиылысып,  Мирза Кучекхан көшесімен аяқталады.
Фируз Баһрам мектебі – Теһранның ең көне әрі алғашқы зороастристік мектептерінің бірі.
Теһранның қақ ортасындағы Си-е тир көшесі бұл күндері туристердің жаяу қыдыруына арналған көшеге айналды.
Кешке бұл көше ерекше құлпырып кетеді.
Бірнеше жылдан бері көшенің бас жағы көше тағамдарын сататын жерге айналған.
Туристер осы тарихи көшені аралап болғаннан кейін көше тағамдарынан дәм татады.