Жел 27, 2021 18:07 Asia/Almaty
  • Құраннан үйренейік (6)

(Уа, Алла) Бізді тура жолға сала көр!

 

«Фатиха» сүресінің 6-шы аятында: «Бізді тура жолға сала көр!»- деп айтылды.

 

Біз Оның алдында қолымызды созып: «(Уа, Алла) Бізді тура жолға сала көр!»- деп сұраймыз.

Адам өмірінің түрлі жолдары бар. Оның жеке қажеттіліктеріне негізделген жол, қоғам мен халықтың жүріп өткен жолы, әкелеріміз бен ата-бабаларымыздың өмір жолы, зұлым басшылардың халыққа салған жолы, табысқа жету және әлемнің көріністерінен ләззат алу жолы немесе оқшаулану және әлеуметтік жұмыстардан бас тарту жолы. Осынау әртүрлі жолдар мен әдістердің арасында адам баласына дұрыс жолды табу үшін нұсқау қажет емес пе? Алла Тағала адамға тура жол көрсету үшін пайғамбарлар мен илаһи кітаптарды жіберді. Егер Пайғамбар (с.ғ.с.) мен оның әулетінің шынайы ізбасарлары мен Құран Кәрімді ұстанатын болса, адам баласы дұрыс жолға нұсқалады. Сондықтан біз әрбір намазда Алладан бізге  анық жолын  көрсетуін сұраймыз. Яғни ешқандай ауытқу мен азғындық жоқ және адамды Өзіңе жетелейтін жол. Түзу жол – орта жол, тура жол – барлық мәселеде ұстамдылық білдіретін жол. Біреулер наным қағидаларын қабылдауда бұрмаланады, кейбіреулер адамның өз тағдырын өзі шешуге ерік-жігері жоқ сияқты барлық жұмыстарды  бәрін Аллаға жатқызады. Ал басқалар болса, Жаратушының қатысуын қабылдамай, өздерін барлық істерде   құдіретті деп санайды.

Кейбір кәпірлер илаһи басшыларды қарапайым адамдар немесе тіпті төмен және жынды деп таныстырды, ал кейбір мүміндер Иса сияқты пайғамбарларды Алланың дәрежесіне көтерді. Мұндай ойлар мен әрекеттер Пайғамбар (с.ғ.с.) мен оның Әһли Бәйтінің (ғ.с.) үлгі  болған тура жолдан ауытқудың белгісі. Құран Кәрім де ғибадат, шаруашылық және қоғам істерінде ұстамдылыққа шақырады. «Ағраф» сүресінің 31-ші аятында: «Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер»,  «Исра» сүресінің 110-шы аятында: «Намазда жариялап та, құпиялап та оқыма да осының арасындағы жолды ұста», «Фұрқан» сүресінің 67-ші аятында: «Олар мал сарып қылғанда, ысрап та қылмай, сараңдық та істемей, осы орталықта тұрады»,- деп айтылды. Ислам діні ата-анаға жақсылық туралы көп өсиет еткенімен, «Егер екеуі білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуға зорласа, Оларға бағынба!»- деп айтады. («Лұқман» сүресі  15-ші аят). Құран тек ғибадат пен қоғамнан оқшаулануды көздейтіндердің немесе тек халыққа қызмет етуді құлшылық санайтындардың қасына намаз бен зекетті қатар қойып: «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ (Алланың құзырына) иілушілермен бірге иіліңдер»,- деп («Бақара», 43-ші аят), оларды Жаратушымен және адамдармен қарым-қатынас жасаудың бір түрі деп біледі.

«Фатиха» сүресінің 6-шы аятынан алатын сабағымыз: Бақытқа жеткізетін жол – тура жол. Өйткені, оның күн сайын өзгеретін адамзат жолдардан айырмашылығы, ол тұрақты. Екінші жағынан, екі нүкте арасындағы ең қысқа қашықтық – түзу. Ол тек бір жол, оның ешбір қисықтығы жоқ. Ол ең қысқа уақытта   адамды қауіпсіз жолдан баратын жерге жетелейді. Қорыта айтқанда, жол таңдауда да, тура жолда қалуда да Алладан жәрдем сұрау керек. Өйткені біз әрқашан адасуымыз мүмкін. Егер осыған дейін өмір жолынан таймаған болсақ, қалған өмірімізде аман-есен өтетін шығармыз деп ойламаумыз керек. Иманды ғұмыр кешіп, ақшаға, лауазымға жеткенде Алланы ұмытқан қаншама адам болды?

 

Тегтер