Иран: Упарт жайлауы (141)
Қаң 08, 2022 16:26 Asia/Almaty
Иранның солтүстігінде Семнан мен Мазандеран облыстары арасында таңғажайып табиғатқа ие Упарт (Owpart) жайлауы орналасқан.
Бұл аймақта бұлттардың қозғалысына тосқауыл болатын биік қабырғадай бір тау бар. Оны «Упарт қабырғасы» деп атайды. Бұл жерде жергілікті халық өз малын бағады. Ауылдың әдемі үйлері, көк орай шалғын алқаптар мен сылдырлап аққан бұлақтарға толы таулар көрген жанның көзін қызықтырады.
Тегтер