Қаң 09, 2022 19:36 Asia/Almaty
  • Иранның мұражайлары (12)

Теһрандағы Саадабад мұражай сарайы (1)

 

Саадабад Теһран тарихи кешені - Теһранның солтүстігінде және Альборз тауының етегінде орналасқан Ирандағы ең әдемі сарайлардың бірі.

Саадабад  80 гектардан жерде орналасқан, бірақ ол басынан бері мұндай үлкен емес еді. Қазіргі сарайдың бір бөлігі Қаджар патшаларының тұсында салынған, бұл олардың жазғы резиденциясы болған. Бірінші Пехлеви дәуірінде айналадағы бақтар мен сарайлар сатып алынды және бұл кешеннің ауданы жылдар өткен сайын кеңейтілді. Қазіргі уақытта Саадабад сарайында 18 сарай бар, олардың көпшілігі мұражай ретінде пайдаланылады және халық оларды тамашалай алады. Бұл кешеннің сарайларының ішінде Ахмад Шах сарайы, Жасыл сарай, Ақ сарай, Қара сарай, Шамс сарайы, Карбас сарайы, т.б. атап кетуге болады.

Жасыл мұражай сарайы

Бұл кешендегі ең әдемі сарайлардың бірі «Жасыл мұражай сарайы» деп аталады, оның алғашқы ғимараты әйгілі Қаджар жер иесінен сатып алынған қайта құрылғанынан 1928 жылдан бері бірінші Пехлеви жазғы сарайы ретінде пайдаланылды. Бұл сарайдың сыртында Занджан кеніштерінен алынған өте әдемі жасыл тастар қолданылған. Жасыл сарай екі қабаттан тұрады, оның іргетасы 1203 шаршы метрді құрайды және онда ирандық өнердің барлық түрлері қолданылады, соның ішінде айна, ою, алтын жалату, инкрустация және т.б. Бұл сарайдың ең әдемі залдарының бірі өте әдемі айналармен безендірілген «Айна залы» деп аталады.

Шамс сарайы

Бұл кешендегі басқа әдемі зәулім сарайларға қазіргі уақытта «Патша киім мұражайы» ретінде пайдаланылатын «Шамс сарайы» жатады. Бұл мұражайда Қаджар мен Пехлеви патшаларының киімдері қойылған әртүрлі залдар бар. Залдардың бірінде Пехлеви қалпағы, Шапу қалпағы және костюмі кіретін бірінші Пехлевидің киімдері қойылған. Киімнің бұл түрін пайдалану Батыс елдерінен үлгі алу арқылы сол кезде Иранда кең таралған.

Умидвар айындары мұражайы

Теһрандағы Саадабадтың тағы бір сарайы Умидвар ағайындары мұражайына арналған. Иса Умидвар 1929 жылы және Абдулла 1932 жылы Теһранда дүниеге келген. Саяхаттауды жақсы көретін Умидвар ағайындар үш жыл елдерді зерттеген соң 1954 жылы он жылдық саяхатын әуелі мотоциклмен, сосын көлікпен бастады. Олардың саяхатының нәтижесін осы мұражайдан көруге болады. Умидвар ағайындылар мұражайында үш галерея бар, олардың екеуі   ағайындылардың сыйға тартқан туындыларды көрсетеді. Үшінші галерея – фильм көрсету бөлмесі, онда ағайынды екі адам түсірген саяхат фильмі мен слайдтар көрсетіледі.

 

Тегтер