Қаң 12, 2022 19:51 Asia/Almaty
  • Құраннан үйренейік (7)

«Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!»

 

 صراط الذین انعمت علیهم غیر المغضوب علیهم و لا الضّالّین 

«Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!» 

«Фатиха» сүресінің 7-ші аятынан: «Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!»- деп оқимыз. Өмір жолын таңдауда адам баласы үш топқа бөлінеді. Бір топ Алланың жолын таңдап, жеке және қоғамдық өмірлерін Алланың кітабында баяндаған заңдары мен нұсқауларына негіздейтін адамдар тобы. Бұл топтар әрқашан ерекше илаһи нығмет пен рақымға иеленеді. Екінші топ бірінші топқа қарама-қайшы келетіндер, олар ақиқатты білсе де, Алладан бас тартып, Тәңірден басқаға бет бұратындар және өздерінің нәпсілері мен   достарының, туыстарының, қоғамның заңсыз қалауларын Алланың қалауына артық көр. Олардың іс-әрекеттері бірте-бірте  «тікелей жолдан» алыстап, Аллаға қарай бет бұрып, Оның ерекше рақымына бөленудін орнына, олар қатыгездік пен бақытсыздыққа түседі және Алланың қаһарымен бетпе-бет келеді. Бұл аятта бұл топты «ашуға ұшырағандар» деп атанды. Үшінші топ белгілі бір жолы жоқ, абдырағандар. Бұл аят бойынша «адасқандар». Олар күнде бір жолмен жүреді, бірақ ешқайда жете алмайды.

Намазда «уа, Алла, бізге тура жолды, пайғамбарлар, әулиелер, пәк адамдардың және әрқашан Сенің ерекше рақымыңа ие болатындардың жолын көрсете гөр. Сондай-ақ пендешіліктен бет бұрып, ашуына ұшырағандардың және күн сайын өзгеретіндердің жолынан алыстат» деп сұраймыз. Міне, осы жерде «ашуға ұшырағандар және адасқандар кімдер?» деген сұрақ туындайды. Бұған жауап ретінде Құранда көптеген жеке адамдар мен топтар осылай таныстырылғанын айтуымыз керек, біз бұл жерде нақты мысал ретінде олардың біреуіне тоқталамыз.

Перғауынның тұсында өмір сүріп, Мұса пайғамбар арқылы құтқарылғандары туралы Құранда баяндалған Исраил ұрпақтары бір кездері Алланың әмірлеріне мойынсұнғаны үшін Жаратушының рақымына бөленіп, Алла оларды өз заманындағы адамдардан жоғары етті. «Бақара» сүресінің 47-ші аятында: «Әй Израил ұрпақтары! Сендерге берген нығметімді, әм әлемге артық еткенімді еске алыңдар»,- деп айтылды. Бірақ дәл осы Исраил халқы іс-әрекеттері мен мінез-құлқы үшін Алланың қаһарына ұшырады. Бұл жайында Құранда  «Алланың ашуына ұшарағандар», – делінген. Өйткені «сөзді өзгерткен» еврей ғалымдары Таураттың илаһи заңдарын бұрмалаған.  Олардың өсім алушылары және  саудагерлері мен байлары өсімқорлық пен харам мәмілелерге бет бұрды.

Қалың жұртшылық та тұрмысын жақсартуға дағдыланып, діні мен отанын қорғаудан бас тартты. Олар хазірет Мұсаға: «Әй Мұса! Олар ол жерде тұрғанда біз оған тіпті кірмейміз. Өзің және Раббың барып соғысыңдар. Әрине біз мұнда отырамыз»,- деді.

«Фатиха» сүресінің соңғы аятынан алатын сабағымыз: біріншіден, тікелей жолды таңдауда біз үлгіні білуіміз керек. Алла оларды «Ниса» сүресінің 69-аятында таныстырып: «Ал және кім Аллаға, пайғамбарға бой ұсынса, міне солар; Алла нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһиттер және игілермен бірге болады»,- деді. Тағы бір сабақ, адамға Алладан келгеннің бәрі нығмет, бірақ өзіміз жаман істеріміз арқылы илаһи қаһарға ұшыраймыз.  

 

Тегтер