Қаң 15, 2022 04:12 Asia/Almaty
  • Иран: «Муавен-ул-Молк» ғимараты (142)

«Муавен-ул-Молк» текиесі х.ш.ж.с.б. 1281 жылы Хұсейн хан Моин-ур-Раейа тарапынан имам Хұсейннің (ғ.) шәһид болған күнін еске алып, аза тұту және Кербала оқиғасын ұлықтау үшін Керманшах қаласында салынып, 1282 жылы қолданысқа берілді.

«Муавен-ул-Молк» текиесі әдемі қыш тақташаларымен танымал. Мамандар оны сирек кездесетін ғимарат деп атайды. Текие – Қаджарлар заманынан қалған көрнекті ғимараттардың бірі.

«Муавен-ул-Молк» текиесі
Текиенің ауласына кіру үшін 17 баспалдақпен төмен түсу керек.   
Кешен үш бөлімнен тұрады. Ортасында Хұсейние және Зейнабие, түпкі жағында Аббасие деген бөлімдер бар.
Хұсейниенің батыс бұрышы
Бұл текие ең үздік өнерпаздардың әріптестігімен жеке қаражатқа салынған.
Хұсейниенің әдемі төбесі
Текиенің қыш тақташаларында Ашура оқиғалары, Құран дастандары және діни сенімдерге қатысты суреттер салынған.  
Кешеннің қыш тақташалары – сәулет өнері мен қыш тақташа жапсыру өнерінің синтезінен туындаған теңдессіз көрініс.
Хұсейниенің кіреберіс бөлмесінің төбесі
Кейбіреулердің сенімінше, қыш тақташаларын әрлеуде жүз пайыз табиғи түстер қолданылған.  
Аббасиенің солтүстік бұрышы

 

Халықтың сенімінше, бұл қыш тақташада имам Резаның (ғ.) аяқ ізі бедерленген. Алайда шын мәнінде ол Нишапурдағы имам Резаның (ғ.) аяқ ізінен көшіріліп алынған.
Мысыр билеушісінің хазірет Юсефті сатып алғаны бедерленген сурет
«Муавен-ул-Молк» ғимаратының архитектуралық жобасы мақтауға тұрарлық.