Иран: Паминар ауылы (143)
Қаң 22, 2022 14:38 Asia/Almaty
Паминар ауылы Дезфул қаласынан 40 км қашықтықта орналасқан.
Загрос тауының етегінде Дез бөгеніне (Шейхун көлі) жақын жерде орналасқан ауылда түрлі табиғи тартымдылықтармен қоса, танымал қамал мен зират бар. Туристер осы көрнекті жерлерді көруге көптеп келеді. Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі - мал жəне егін шаруашылығы. Пақала мен Паминар ауылдары тұрғындарының көбі Дез бөгенінде балық аулаумен айналысады.
Тегтер