Сәу 23, 2016 17:12 Asia/Almaty

Дұға тілеп, Алланы мадақтау – әлемнің Жаратушысының, әлемнің Иесінің алдында қажеттіліктерімізді айту.

Дұға – Алланың назарын аудартатын және дұға тілеуші адамға қарай илаһи рақымдылықты бұратын құрал. Сол себепті Алла Тағала «Фұрқан» сүресінің 77-ші аятында: «Егер құлшылықтарың болмаса, Раббым, сендерге не үшін назар аударсың?»- дейді. Алланың барлық жаратылысына, әсіресе адамға сыйлайтын нығметтері мен жақсылықтары өте көп. Оның рақымдылық дастарханы мен мейірімділігі баршаға арналған. Сол себепті хазірет Дауытқа: «Халқыңа айт: неге Менімен дос болмайды? Мен дос болуға лайықпын! Мен рақымдылығы таусылмас А..мын. Пенделерімнің жүректерін біліммен нұрландырдым. Мен Мені жақсы көретіндердің Досымын; Менімен сырласатындардың Сырласушысымын; Мені естерінен шығармайтындардың Қамқоршысымын»,- деп айтқан болатын. Исламның ұлық пайғамбары: «Әрине, дұға – ғибадат»,- деген болатын. Дұға – жүректерді оятып, хабар жеткізуші. Адамның жүрегі мен рухы дұға арқылы Алламен жақын қарым-қатынас орнатып, бір тамшы сынды Оның шексіз мұхитына қосылады. Имам Садық (ғ.с.): «Алладан қажеттіліктеріңді сұрау үшін, біріншіден Оны мадақтап, пайғамбары мен хазіреттің әулетіне сәлем мен салауат жолдаңдар. Содан соң күнәләріңді мойындап, тәубе етіңдер. Содан кейін барып, дұға тілеңдер»,- деген болатын. Рауаяттарда дұғаның қабыл болып, адамның дұғада сұраған нәрселеріне жетуі үшін көптеген әрі әртүрлі шарттар айтылған. Дұға орындалу үшін біріншіден, адам сыртқы және ішкі ластықтардан таза әрі пәк болуы керек. Исламның ұлық пайғамбары рауаяттарының бірінде: «Дұғасы қабыл болсын деген адам тамағы мен кәсібін тазартуы қажет»,- деп айтқан болатын. Дұғаның қабыл болып, орындалуына әсер ететін келесі мәселе пайғамбарға салауат айту болып табылады. Дұғаға дейін және одан кейін салауат айту қажет. Хазірет Әли (ғ.с.) өзінің осы туралы сөздерінің бірінде: «Сүбхан Алладан бір нәрсе сұрардан бұрын исламның ұлық пайғамбарына сәлем мен салауат айт, содан соң барып қажетіңді сұра. Өйткені Алла Тағала екі нәрсенің бірін орындап, бірін орындамай қалдырмайды»,- деген.Дұғаның орындалуына әсер ететін келесі мәселе дұғаның жамағатпен жасалуы болып саналады. Халық бірлесіп, қарапайым түрде Жаратушының алдында қолдарын жайғанда олардың дұғалары орындалады. Дұға жасаушылардың қатарында көптеген мұқтаждар мен жүректерін кірбің шалғандар да бар. Олардың дұғалары Рақымдылық Иесінің көзіне түсіп, илаһи кешірімге ие болады. Пайғамбар: «40 адам дұғаларының қабыл болып, орындалуын қаласа жиналып, бірге дұға жасағандары жөн»,- деп айтқан. Имам Садық (ғ.с.) да жамағатпен жасалған дұға туралы: «Әкем (имам Бақер) уайымға салынған сайын әйелдер мен балаларды жинап, дұға тілегенде олар: «Әмин»,- дейтін. Иман, әділ ғамал, аманат және әділет дұғаның орындауының келесі шарттарына жатады. Алланың алдындағы уәделеріне берік емес адам дұғаларының қабыл болатынын күтпеуі керек. Бір адам хазірет Әли (ғ.с.)-ға келіп: «Алла Тағала: дұға тілеңдер, Мен орындаймын деген, бірақ менің дұғаларым неге орындалмайды?»- деп сұрайды. Имам Әли (ғ.с.): «Сенің жүрегің мен ойың бірнеше жерде қиянат жасады. Сол себепті дұғаларың қабыл болмайды. Оның біреуіне сен Оның кітабын оқып, бірақ оған сай ғамал етпеуің жатады. Келесісіне, Алланың азабынан қорқамын деп, бірақ әрқашан күнә жасаған сайын олардың сені азапқа жақындатуы жатады. Сонымен бірге жәннәт пен илаһи сыйлықтарды жақсы көремін дейсің, бірақ әрқашан олардан алыстататын іс жасайсың. Олай болса, барлық есіктерді өзің жауып қойып, неліктен дұғаларың қабыл болады деп күтесің? Тақуа болып, ғамалдарыңды өзгертіп, болмысыңды тазартып, жақсылыққа жақындап, жамандықтан алыстасаң, дұғаларың қабыл болады»,- деп жауап берді.