Сәу 23, 2016 17:33 Asia/Almaty

Құран Кәрім тақуалыққа көп мән береді. «Мүдасер» сүресінің 56-шы аятында «Алла қаламайынша, олар үгіт ала алмайды»,- деп жазылған.

Исламның ұлық пайғамбарының қажылық кезінде Мина жерінде түйенің үстінде отырып халыққа қарап айтқан хадистерінің бірінде: «Уа, халайық! Біліңдер, Жаратушыларың жалғыз және әкелерің де біреу. Араб араб еместен артық емес, сондай-ақ, араб емес арабтан артық емес. Қара түсті ақ түстіден немесе ақ түсті қара түстіден артық емес. Артықшылық тек тақуалыққа байланысты»,- деп айтқан болатын. Содан соң жиналған адамдардан айтқан сөзін бұл жерде болмағандарға жеткізуді сұрады. Хазіреттің келесі хадистерінің бірінде: «Алла Тағала жанұяларыңның жағдайы мен шежірелеріңе, түрлерің мен мүліктеріңе қарамайды. Бірақ жүректеріңе қарайды. Әділ жүрекке ие адамға Жаратушы мейірімділігі мен махаббатын сыйлайды. Сендердің барлығың хазірет Адамның баласысыңдар. Ең тақуаларың Алланың алдында сүйіктірек»,- деп ескерілген. Раббымыз Құранда имандыларға үлкен сый беріліп, олардың кешірілетіндіктерін және Өзінің рақымдылығына ие болатындықтары туралы хабарлайды. Құран Кәрімнің жеткізетін келесі маңызды мәселесі илаһи тақуалыққа жету мен Аллаға бағынудың пайғамбарлардың мақсаты және міндеті болуына қатысты. Мәселен, «Шұғыра» сүресінің 105-108-ші аяттарынан: «Хазірет Нұхтың елі де пайғамбарларды жасынға айналдырды. Сол уақытта олардың туысы Нұх: “Қорықпайсыңдар ма?”,- деді. “Рас, мен сендер үшін сенімді бір Елшімін.” “Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар»,- деп оқимыз. Құран тақуалықты ақыреттің ең жақсы қоры деп атап: «Негізінде азықтың жақсысы –тақуалық. Әй, ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар»,- дейді. («Бақаре» сүресі 197-ші аят). Хазірет Әли (ғ.с.) осы туралы: «Тақуа болуға талпыныңдар Алла Тағала сіздер үшін хақ жолын анықтап, оны жарық сақтады. Сондықтан бұл өткінші дүниеде ақыреттегі мәңгілік өмір үшін қор жинаңдар. Бұл дүниеден кетіп, қияметке дайындалыңдар. Сіздер жолда қалып, (қияметке қарай) қозғалуға бұйрықтың қашан берілетін білмейтін керуен сындысыңдар»,- деп айтқан болатын. Бұл дүниедегі қиындықтар мен ауыртпалықтардан алыстап, құтқарылу және істерді жеңілдету – илаһи тақуалықтың әсерлерінің бірі. Абузар Ғафуридің хадистерінің бірінде былай айтылған: «Исламның ұлық пайғамбары: «Мен егер барлық адамдар соған сай ғамал етсе, олардың мәселелерін шешу үшін жеткілікті аятты білемін»,- деп, содан соң «Талақ» сүресінің 2-ші аятын оқыған: «Аллаға, ақырет күніне иман келтіргендер үшін насихат етіледі. Кім Алладан қорықса оған бір шығар жол пайда қылады». Әрине бұл аят адамға талпынба деп айтпайды. Имам Садық (ғ.с.): «Бұл аят Алла тарапынан жіберілген кезде кейбіреулер өздерінің алдарындағы есіктерді жауып, ғибадатқа бет бұрып, «Жаратушы біздің ырзығымызды беруге уәде берді» дегенде бұл хабар пайғамбардың құлағына да жетеді. Ол мұны айтқан адамдарға өз адамын жіберіп, сол арқылы «Мұндай жасаған адамдардың дұғалары қабыл болмайды. Еңбек пен талпыныстың тақуалығымен бірге жүретіндер қандай бақытты» деген сөзін жеткізді. Имам Әли (ғ.с.)-ның тақуа туралы көркем әрі мәңгілік сөзі бар. Хазірет тақуалықты күнә және ластықпен салыстырып: «Біліңдер, күнәлар жаман атқа мінген күнәһарлар сынды. Олар адамды тозақ отына түсіреді. Алайда, тақуалық – иесіне бағынатын жуас ат сынды. Адам оларға отырып, жүгенін өз қолына алып, жәннәтқа дейін жетеді»,- деген. Расында, тақуалық нәпсіні бақылап, жүректерді жәннәтқа жеткізеді. Тақуасыздық деген шаһуатқа бағыну және оны бақылауға ала алмау.Басқа бір сөзінде хазірет Әли (ғ.с.): «Алланың пенделері! Тақуалықтың мықты әрі шын екенін біліңдер. Бірақ, күнә – осал әрі қоршау. Ішіндегілерін қорғай алмайды. Одан пана іздеген адам қауіпсіз емес. Адам тек тақуалықтың арқасында ғана күнәдан қашып құтыла алады»,- деп айтқан. Лұқман хәкім перзентіне: «Балам! Дүние – халықтың көбі батып кететін терең теңіз. Сен бұл дүниедегі өз кемеңе Аллаға деген иман мен Аллаға тәуекел етуіңді мінгіз. Егер бұл теңізден құтқарылсаң, Алланың берекесіне жетесің. Егер батып кетсең, оған күнәларың кінәлі»,- деді. Күнәдән алыстап, ахлақтық тағылымдарға көңіл бөлу тақуалықтың адамға тигізетін әсерін әшкерелеп, нәтижесінде адамның жүрегі мен жанында нұр пайда болады. Тақуалықтың нұры көбейген сайын имандылықтың да нұры көбейеді.