Сәу 23, 2016 17:38 Asia/Almaty

Құран Кәрім – Алла Тағала, пайғамбарлар мен илаһи әулиелердің ерекшеліктерін, ғайып әлемнің сырын, адамзат қоғамын билейтін сүннеттерді, адам мен оның ғамалдарын және өткен және алдағы ұрпақтарға қатысты жасырын хабарлармен таныстыратын кітап.

 Сондай-ақ, аталмыш қасиетті кітап адамзатқа бақытына жетуі үшін қажетті қоғамдық, құқықтық, экономикалық және саяси жүйелерді ұсынады. Осының барлығымен бірге Құран Кәрімнің адамды Ұлы Жаратушыға жақындатуы оған күнделікті қарапайым ойлардан жоғары дәреженің сыйланғанын көрсетеді. Бұл кітап адамның тәні мен рухына береке сыйлап, ерекше әсер етеді. Имам Әли (ғ.с.): «Алла Тағала өз сөзінде барлық нәрсені айқындады, бірақ халық көрмейді»,- деген болатын. Сол себепті исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің әулеті халықты Құранның тағылымдарымен таныстырып, халық үшін бұл илаһи кітаптың айбындылығын түсінуге жағдай жасады. Яғни, мәңгілік бақытқа жету үшін оның өмірлік маңызды тағылымдарын пайдалануға мүмкіндік тудырды.  

 Құран Кәрім ерекше айбынға ие. Өйткені оның айтушысы – Ұлы Раббымыз, оны жеткізуші – Жебірейіл, алушысы әрі оқырманы – соңғы пайғамбар, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) және бұл илаһи кітаптың тәпсіршілері мен мұғалімдері – пайғамбар әулеті. Яғни, Құранға қатысты адамдардың барлығы теңдессіз тұлғалар болып табылады. Бұл қасиетті әрі ұлы кітаптың міндеті адамдарды дұрыс жолға нұсқау саналады. Құран Кәрім өзінің бұл міндетін адамзаттың алдында кездескен барлық жағдайда және барлық заманда, тіпті зорлық-зомбылыққа толы, тіпті қоғамда ешбір нұр байқалмаған, қауіпті кезеңдерде де орындады. Құран ғана адамды бақыт пен кемелдік жолына нұсқап, жарық шырақ сынды дұрыс жолға бағыттай алады. Исламның ұлық пайғамбары: «Түннің қара торы сынды бүліктер өздерінді шырмаған кезде Құранға бет бұрыңдар. Құранға бетін бұрған әр адамға ол жәннәтқа қарай жол көрсетеді. Керісінше, одан теріс айналған адам тозаққа түседі. Құран – ең жақсы жолға қарай жол нұсқаушы»,- деген болатын. Құран Кәрім – зұлымдыққа жол бермейтін нұр. Сол себепті кімде-кім Құранның тағылымдарын үйренуге бет бұрып, сол үшін Құранның өзі және хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазірет әулетінің тәсілін пайдаланса, міндетті түрде дұрыс жолға түсіп, еш уақытта адаспайды. Осыған орай имам Әли (ғ.с.): «Алла Тағала . дұрыс жолға нұсқайтын кітабін (Құран Кәрімді) түсіріп, соның ішінде жақсылықтар мен жамандықтарды анықтады. Сондықтан жақсылықтардың жолына түсіп, дұрыс жолды табыңдар, жамандықтардан алыстаңдар»,- деген болатын. Құран Кәрімнің ұлы тұрғыларының бірі оның исламның ұлық пайғамбарына дейінгі барлық пайғамбарларының илаһи кітаптарындағы білімдерінен жоғары болуына қатысты. Құран ол кітаптардың ішіндегі ең кемелдісі және еш уақытта бұл илаһи кітаптың мәтіні бұрынғы илаһи кітаптарға қайшы келмейді. Құран өзіне дейінгі илаһи кітаптардың ахкам және басқа да мәселелерін толықтырды. Исламның ұлық пайғамбары: «Таураттың орнына маған ұзақ сүрелер және Інжілдің орнына шамамен жүз аяты бар сүрелерді жіберді. Құранның өзі илаһи кітаптарға куәлік етеді»,- деген болатын. Имам Әли (ғ.с.) «Надж ул-Балағе» кітабында Құран туралы: «Құранның сырты әдемі, ішкі болмысы терең, ғажайыптары сарқылмайды. Оның сыры таусылмайды және надандықтың қаранғылықтары тек Құранның арқасында ғана шешіледі»,- деп айтқан болатын. Құранның сыртқы және ішкі тұрғысы бар. Құранның сыртқы бейнесі – оның қоғамдық бейнесі. Оның ішкі болмысы – Құранның арнайы бейнесі. Оның сыртқы бейнесі бұтағы сынды, ішкі бейнесі негізі мен тамыры сиқты. Имам Бақер (ғ.с.) Құранның ішкі болмысы туралы пайғамбардың сахабаларының бірі Джабер бен Абдолла Ансариге: «Джабер! Құранның ішкі болмысы бар және ішкі болмысының болмысы бар. Уа, Джабер! Құранды адамзаттың ақылымен тәпсірлеу мүмкін емес. Өйткені, біріншіден, аят бір мәселеге қатысты, оның соңы басқа мәселеге қатысты болуы мүмкін. Құран көптеген мәселелерге қатысты бір-бірімен байланысты»,- деген. Имам Зейн Әл-Абедин (ғ.с.) бұл туралы: «Ұлы А..ның кітабы төрт мәселені, атап айтқанда ғибрат, белгілер, мейірімділік және ақиқат сынды мәселелерді қарастырады. Ғибрат – халықтың қоғамдық түсінігі. Белгілер – таңдаулы адамдардың, мейірімділік – илаһи әулиелердің ерекшелігі, ақиқат – илаһи пайғамбарлардың қасиеттері»,- деген болатын.