Жетекшілік хадисы 18
Құран – адамды тәрбиелейтін, оларды дұрыс жолға нұсқап, дүние мен ақыреттегі бақыттарын қамтамасыз етіп, адамдарды ғибадат жасап, Аллаға құлшылық етуге шақыратын кітап.
Бұл қасиетті кітаптың ұлылығы адамның шектеулі болуын дұрыс түсінуіне байланысты. Құранның ұлылығының әртүрлі тұрғыларын түсіну үшін илаһи ғылымдарды және осы қасиетті кітаптың сырларын жеткізетін исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің әулетіне бет бұруымыз керек. Сол кезде олардың тағылымдарының аясында Құранның айьындылығын түсінуге болады. Пайғамбардың рауаяттарының бірінен: «Құран – Алланың дастарханы. Сол себепті мүмкіндіктеріне қарай оның қонақжайлығынан пайдаланыңдар. Құран –жарқыраған нұр және пайдалы дәрмен. Оны пайлдалыңдар. Өйткені, Алла Тағала онымен таныстырып, сіздерге абырой сыйлайды»,- деп оқимыз. Имам Әли (ғ.с.) да бұл туралы: «Құран Кәрімді оқу иманның нығаюына себеп болады»,- деген болатын. Құран Кәрім – жол нұсқайтын илаһи кітап және АЛла Елшісінің мәңгі мұғжизасы саналады. «Құран» сөзінің мағынасы – қырағат ету, оқу. Сол себепті бұл илаһи кітаптың мағынасын түсіну үшін жасалатын бірінші қадам – оны оқу. Өйткені, оның түсініп, бұйрықтарын іс жүзінде орындау үшін илаһи нұқсауға бет бұрамыз. Сол себепті дүние мен ақыреттегі бақытқа жету үшін Алланың кітабін оқу туралы Құран аяттары мен пайғамбар әулетінің хадистерінде қуатталған. Құран Кәрімнің «Мүзамел» сүресінің соңғы аятында: «...Шамаларың келгенше Құранды оқыңдар»,-деп насихатталған. Исламның ұлық пайғамбарының рауаяттарының бірінде: «Ең тақуа адамдар Құранды көбірек оқитындар»,- деп айтылған. Имам Садық (ғ.с.)-ның хадистерінің бірінде: «Мүмін адамның Құранды түсінбестен немесе түсінуге талпыныс жасамастан бұрын қайтыс болмағаны жөн»,- деген болатын. Адам ұлы тұлғаның алдына келген кезде өте әдепті және өзін тәртіпке келтіріп келеді. Құранды қырағат ету – Құран Кәрім және оның Иесі, яғни Жаратушының алдына келу. Өйткені, Құран оқу – шын мәнінде А..мен сұхбаттасу. Алла Елшісінің хадистерінің бірінде: «Жаратушымен сырласқысы келген әр адам Құран оқиды»,- деп айтылған. Басқа жақтан Құран оқитын қари өзін Жаратушымен сұхбаттасып тұрмын деп санайды. Сондықтан, біз Алламен сұхбаттасып, сырласқан кезде, Оның мейірімділігі мен махаббатына ие болу үшін барлық шарттар мен әдептерді сақтауымыз керек. Құран Алланың сөзі болғандықтан аталмыш қасиетті кітапты оқудың басқа кітаптарды оқудан айырмашылығы бар. Сол себепті қари әдеп сақтауы қажет. Мұндай әдептердің бірі пәктік пен тазалық. Өйткені «Вақие» сүресінің 79-шы аятында: «Таза адамдардан басқалар оған (Құранға) қол тигізбеңдер»,- деп айтылған. Осыған орай адам Құранға қол тигізгісі келсе вузу алуы керек. Сондай-ақ, жалпы Құран оқудың алдында адамның вузу алғаны мұстахаб саналады.Ауыздың тазалығын сақтау – Құранды оқудан бұрын көңіл бөлінетін келесі насихаттардың бірі. Исламның ұлық пайғамбарының ерекшеліктерінің біріне хазіреттің ғибадатын орындауы кезінде, әсіресе Құран мен түнгі намаз оқыған кезде тістерін мисуакпен тазалауы жатады. Хазірет мұсылмандарға тістерін тазалауды насихатайды. Исламның пайғамбары күндердің бірінде мұсылмандарға Құранның жолын таза ұстауды насихаттайды. Хазіреттен: «Алла Елшісі! Құранның жолы қайда?»- деп сұрағанда: «Құранның жолы – ауыздарың, сондықтан оны таза ұстаңдар» дейді. «Қалай?»- деп сұрағанда «мисуакпен»,- деп жауап берген.Әр істі орындау дайындықты қажет етеді. Сондықтан Құранның кеңістігіне кіру үшін адам дайындалуы керек. Бұл дайындық дұға арқылы болуы мүмкін. Құранды бастау туралы пәк имамдардың көптеген дұғалары кездеседі. Біз имам Садық (ғ.с.)-ның: «Иә, Алла! Мына Құранның Мұхаммад бен Абдолла (с.ғ.с.)-ға жіберген және пайғамбардың ауызымен айтылған Өзіңнің сөзін екендігіне куәлік етемін. Иә, Алла! Өзіңнен Құран оқуды ғибадат, оны қырағат етуімді зікірге себеп деп, аяттары туралы ойлануымды сабақ деп санауыңды сұраймын. Мені Құраннан ақыл-кеңес үйреніп, күнәдан алыстайтын адамдардың қатарына қоса гөр. Иә, Алла! Өзіңнің дініңнің бұйрықтарын аяттардан үйреніп, олардың ахкамы туралы ойлануыма көмектесе гөр»,- деген дұғасын ұсынамыз. Алла «Наһл» сүресінің 98-ші аятында: «Құран оқыған кезде шайтаннан алыстап, Жаратушыны пана тұт»,- деген. Алланың пана тұту – Жаратушының Өзінің қарилеріне айтқан кеңесі. Исламның ұлық пайғамбары қырағаттан бұрын «шайтаннан алыстап, Бір Алланы пана тұтамын» деген сөйлемді қайталайтын. Бірақ, пана тұту шынайы болса әсер етеді. Алла бізге пана беріп, бізді Құранмен тәрбиелеп өзгертеді. Құран Кәрім исламның ұлық пайғамбарына: «Жаратушыңның атымен оқы»,- деп бұйырады. («Әлақ» сүресі, 1-ші аяты). Құранның «Тәубе» сүресінен басқа барлық сүресі «Бисмилләһир раһманир рахим» деп басталады. Негізінде «Бисмилләһ» - әр істің және әр сөздің басында айтылатын мұсылмандардың қасиетті ұраны. Құранды оқуға қатысты келесі маңызды мәселе Құран кітабының өзін оқу насихатталған. Имам Садық (ғ.с.)-ның серіктерінің бірі Исхақ бен Амор: «Мен Құранды жатқа білемін. Оны жатқа оқиын ба, әлде кітаптың өзінен оқығаным жақсырақ пе?»- деп сұрағанында, имам Садық (ғ.с.): «Оны оқы және жазылғанға мұқият қара. Өйткені, кітаптағы жазуға қараудың өзі – ғибадат»,- деп жауап берген.