Жетекшілік хадисы 17
«Юнес» сүресінің 57-ші аятынан: «Әй адамдар! Сендерге Раббыларың тарапынан бір үгіт, жүректегілерге бір шипа, сенушілер үшін тура жол және рахмет (түрінде Құран) келді»,- деп оқимыз.
Алла Тағала бұл аятта Құран Кәрімнің ықпалы туралы айтады. Бұл қасиетті кітап басында барша халықты ақыл-кеңестерімен жақсылық пен бақытқа қарай шақырады. Содан соң мүміндердің жүректерін жақсартатын және оларды дұрыс жолға нұсқайтын Құранның шипа сыйлайтын мәселелерін баяндайды. Өздеріңіз білетіндей психикалық және ахлақтық аурулар адамның физикалық тұрғыдағы ауруларына ұқсас. Екі аурудың да қатты және осал түрі бар. Мұның екеуі де басқаларға жұғады. Екеуін де емдеу үшін дәрігер мен маман қажет. Сол себепті аталмыш аурулардың тамырын емдеу үшін аурудың себебін табу қажет. Исламның ұлық пайғамбары Құранды шипа деп атап, хадистердің бірінде : «Құран – шипа және берекеге толы дәрі-дәрмек. Ол оған жабысқан және оның айтқанымен жүретін адамның құтқарушысы»,- деп айтқан болатын. Имам Әли (ғ.с.) Құранды барлық дерттердің дәрмені санаған. Хазіреттің «Наһдж ул-Балағенің» 176-шы құтпасында: «Құрансыз ешбір құдырет жоқтай, Құранға ие адам кедей емес. Науқастар бұл қасиетті кітаптан шипа тілеп, қиындықтарын шешуге көмек сұрайды. Өйткені бұл кітапта кәпірлік, адасу мен күнә сынды аурулардың емі бар»,- деп айтылған. Имам Хасан Мұджтаба (ғ.с.) бұл туралы: «Расында Құранда жүрек ауруларының емі мен айқын шырақтары бар. Сол себепті Жаратушы нұрды сыйлап, Құранға жақындауға көмектеседі. Құран негізі бойынша, ойлану - қырағы адамның өмірінің критерийі. Адамдар қараңғыда нұрдың көмегімен өз жолын табады»,- деген болатын. Имам Реза (ғ.с.) осы тұрғысында: «Құран – кез-келген дерттің дәрмені»,- деп айтқан. Алла «Исра» сүресінің 82-ші аятында: «Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі»,- деп айтқан болатын. Құранның үлкен тәпсіршісі ғұлама Табатабаи бұл аяттың тәпсірінде: «Құранның шипа болуы, біріншіден, жүректерді бұрмаланушылықтардан тазартып, құндылықтарға орын дайындауына байланысты»,- деп жазды. Ол Құранның рақымдылығы адамды өзінің болмысы мен бұл жолда табанды болуына көмектесуінде деп санайды. Шын мәнініде Құран адамдардың жүрек ауруларын емдеп, дұрыс жолдағы табандылыққа себеп болады. Өйткені адамның иммунитеті күнәларға қарсы тұрып, келесі рет күнәнің себептерімен кезіккен кезде көбірек қарсыласып, осалдығын азырақ көрсетеді. Бұдан бұрын айтқанымыздай, Алла Елшісі Құранды одан айрылмайтын адамның қорғаушысы және оның айтқанын орындайтын адамның құтқарушысы деп атаған болатын. Алла Тағала «Бақаре» сүресінің бастапқы аяттарында: «Бұл Кітаптың ақиқатты айтатындығына ешбір күмән тумайды және ол тақуаларды дұрыс жолға нұсқаушы»,- деп айтқан. Сол себепті Құран тек мүміндер үшін ғана шипа және рақымдылық. «Исра» сүресінің 82-ші аятында Құран мүміндер үшін шипа мен рақымдылық деп аталғандай, залымдар үшін тек өкінішті көбейтеді деп қуатталған. Өйткені олар ойланбай, Құран мен ақиқатты қабылдамай, нәтижесінде өздеріне зиян келтірді. Бірақ бар ықыласымен ақиқатты іздейтін адам илаһи сөзден артық жол көрсетушіні таппайды. Имам Әли (ғ.с.)-ның сөздерінің бірінде: «Құран алдамайды. Сондықтан, ол – ақыл-кеңес беруші, адасудан құтқаратын жол нұсқаушы, сонымен қатар еш уақытта өтірік айтпайтын ақпарат хатшы. Құранға жақындаған адам адаспайды. Құранға ие адам мұқтаж болмайды. Сол себепті дәрменді тек Құраннан іздеңдер, қиындықтармен кезіккен кезде Құраннан ғана көмек сұраңдар. Құранмен дос болып, Аллаға бет бұрыңдар, Құранның арқасында Алланың жаратқан пендесінен еш нәрсе сұрамаңдар. Өйткені Аллаға жақындау үшін Құраннан артық құрал табылмайды»,- деп айтылған. Адам шынайы кемелдік пен мәңгі бақытқа жету үшін хабардар әрі жанашыр жол нұсқаушыны қажет етеді. Құран Кәрім Алла тарапынан өмір сүруге қажетті толық бағдарламаны ұсынып, бақытты болудың жолын көрсету мақсатында жіберілген. Адамдар оның насихаттарын орындау арқылы ақиқат пен бақыттың жолына түсе алады. Имам Саджад (ғ.с.) "Құран – ақиқаттың қайнары" деп қуаттап: «Расында Алла Тағала ислам үмбеті үшін қиямет күніне дейін қажетті нәрселердің барлығы туралы пайғамбарына жіберген кітабында баяндады»,- деп айтқан болатын.