Сәу 23, 2016 18:15 Asia/Almaty

Барлық илаһи діндерде намаз ғибадаттың ең жоғарғы үлгісі ретінде баяндалған.

Намаз – исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазірет әулетінің көптеген хадистерінде айтылған мәселе. Намаз ғибадаттардың арасында ең жоғары әрі ең маңызды орынға ие. Ғибадат не ауызбен, не ғамалмен орындалады. Намазда екеуі де кездеседі. Намазға тұрып, «Хамд» пен басқа бір сүрені оқыған кезде немесе рүкұғ пен сәжде және ташахудты орындаған кезде зікір айтып, ауызбен ғибадат жасаймыз. Бірақ намазда тұру, рүкұғта енкею және сәжде жасаған кезде мандайды жерге қою ғибадатты ғамалмен жасау болып саналады. Сол себепті исламның ұлық пайғамбары: «Намаз – исламның бастамасы», -деген екен. Сондай-ақ, белгілі хадистердің бірінде хазірет Әли (ғ.с.)-ның өмірінің соңғы сәтінде: «Иә, Алла! Намаз – өзіңнің дінінің тірегі»,- деген болатын. Имам Бақер (ғ.с.): «Намаз – діннің тірегі. Ол тіккен шатырдың тірегіндей. Егер мықты болса, қазықтары мен арқандары да мықты болады. Егер тірек қисық болса, олардың ешбіреуі берік болмайды»,- деген болатын. Сол себепті Алла мен пенделері арасында намаз арқылы қарым-қатынас орнатылатын болса басқа ғамалдар өздерінің әсерлерінен айрылады. Намаз адамның басқа ғамалдарына рух пен құндылық сыйлайды. Өйткені намаз жеке адамның ықыласын жаңғыртады. Имам Садық (ғ.с.)-ның хадистерінің бірінен: «Қиямет күні пенделерден сұралатын бірінші нәрсе намаз болады. Егер намазы қабыл болса, басқа ғамалдары да қабыл болады. Керісінше, егер намазы қабыл болмаса, басқа ғамалдары да қабыл болмайды»,- деп оқимыз. Мұндай сөздердің дәлелі намаздың адам мен Жаратушысының қарым-қатынас орнататын ең жақсы жол болуына байланысты болар. Егер ол дұрыс орындалса, адам Аллаға жақындап, ықыласпен орындаған ғибадаты басқа ғамалдардың да қабыл болуына себеп болады.

 «Анкабут» сүресінің 45-ші аятынан: «...Намаз адамды жамандықтан алыстатады..»,- деп оқимыз. Намаз адамға ақырет туралы еске салып, күнә мен тәкаппарлықтан алыстауға әсер етеді. Намазхан тәкбір айтып, Алланы ең жоғары санап, Оның нығыметтерін есіне алып, Оны мадақтайды. Намаз оқитын адамның жүрегі мен рухы Хаққа қарай бет алып, пәктікке қарай бет алады. Құран Кәрімнің аятының жалғасында: «Алланы еске алу – ең жоғары әрі ең жақсы ғамал»,- деп айтылған. Алланың аятының бұл бөлімінде адамның көңілін Алланы еске алу әр жақсылық пен әр бақыттың негізі деген ең маңызды мәселеге аударады. Шын мәнінде, Құдайды еске алып, зікір айту күнәдан алыстау үшін негізгі себеп болады. Әр намаз жамандықтан абай болуға шақырады. Рауаяттардың бірінде Мәдине жастарының бірі Алла Елшісімен намаз оқитын, бірақ күнә да жасайтын деп айтылған. Бұл сөз пайғамбардың құлағына жетеді. Алла Елшісі: «Бір күні намазы оны күнәлардан құтқарады»,- дейді. Көп ұзамай әлгі жас жігіт тәубеге келеді. Намаздың дұрыс болуына себеп болатын кейбір жағдайлар сынды оның кемел болуына себеп болатын мәселелер де бар. Намаз кемел болу үшін оның мәтінімен бірге тазалығы да маңызды. Өйткені намаз оқитын мекен, намаз оқитын адамның киімі, аяғының астындағы кілемі, тіпті ғұсыл алатын жері, сонымен қатар ғұсыл немесе вузу алатын суы да ұрланбаған немесе тартып алынбаған болулары керек. Намаз оқитын адам зұлымдық, риба, қымбат сату және харам мүліктен алыс болғаны жөн. Сол себепті тәулік бойы намазды 5 рет қайталау басқалардың құқықтарын сақтауға шақырады. Имам Садық (ғ.с.): «Намазының қабыл болғанын немесе қабыл болмағанын білгісі келген адам намазының жамандықтан әрі ластықтан алыс болғанына көңіл бөлуі керек. Яғни, олардан алыстаған мөлшерде намазы да қабыл болады»,- деген болатын.