Жетекшілік хадисы 11
Хазірет Әли (ғ.с.)-ның көркем сөздерінің бірінен: «Маған бір әріп үйреткен адам мені өзінің құлы етті»,-деп оқимыз.
Бүгінгі бағдарламада мұғалім және оның маңызы туралы хадистерге тоқталмыз. Мұғалім тәлім-тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатып, адамдарды кемелдіке қарай жігерлендіреді. Шын мәнінде адамдардың дамуы мен жетістіктерінің барлығы мұғалімге борыштар. Ілім біріншіден, пайғамбарлар мен әулиелерге, содан соң барып басқаларға таралған А.. Т..ның нығметтері саналады. Пайғамбарлар мен әулиелер бұл нығметке шүкіршілік білдіріп, басқаларды оқытуға кіріскен. А..Т.. «Жұма» сүресінің 2-ші аятында: «Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен, оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға; кітап, даналық үйрететін бір пайғамбар жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді»,-деп айтады. Адамзаттың ең ұлы мұғалімі – А..елшісі өзінің осы қасиетін мақтан тұтып: «Мен үйрету үшін жіберілгем»,-деген екен. Сол себепті исламдағы мұғалімнің орны рухани байлықпен байланысты. Исламның әйгілі тұлғалары да бұл мәселені қуаттайды. Мұғалімнің беделінің жоғарылығы сондай имам Хасан Аскари (ғ.с.): «Наданды дұрыс жолға нұсқап, оған исламды үйрететін адам Ұлы А..ның қасына барғанда пайғамбар әулетінің қасында болады»,-деген болатын. Исламдық мәдениетте мұғалімнің еңбегі өте маңызды. Өйткені оның жұмысы қоғамға, халыққа, тіпті әлемге әсер етеді. «Мәида» сүресінің 32-ші аятынан: «Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең» деп оқимыз. Аяттың сыртқы көзге көрінетін мағынасы материалдық өлім мен өмір болғанымен, одан маңыздырағы рухани өмір мен өлім болып табылады. Адасушылық пен надандықтан құтқару адамға өмір сыйлау болып саналады. Сол себепті жеке адамды тәрбиелеп, дұрыс жолға нұсқау адамзаттың барлық адамдарын тірілтумен тең. Ал бір адамды адастыру барлық адамдарды жоюмен бір. Рауаяттардың бірінде бір адам имам Саджадға (ғ.с.) қасына келіп, әкесін өлтірген адамның үстінен шағым түсіріп, қысас жасағысы келетінін айтты. Имам Саджад (ғ.с.) одан: «Қысастың орнына құн алатындай бұл адам саған қызмет етпеді ме?»-деп сұрайды. «Бірнеше күн маған мұғалім болды. Бірақ ол үшін қысастан бас тарпаймын»,-деді адам. Хазірет: «Не деп тұрсың? Білім берудің құны қысастан жоғары»,-дегенде әлгі адам қысастан бас тартады. Мұғалімнің дәрежесі жоғары. Одан жоғары дәреже жоқ. Мұғалімдер пайғамбарлардың мұрагерлері саналады. Имам Садық (ғ.с.): «Ғалымдар – пайғамбарлардың мұрагерлері»,-деп айтқан болатын. Мұғалім мен ұстаздың орнының жоғарылығы сондай А..елшісі имам Әли (ғ.с.)-ға: «Иә, Әли, егер бір адам өзіңнің арқаңда А..ның көмегімен дұрыс жолға нұсқайтын мүмкіндік пен құқыққа ие болса, қызыл түсті көп түйенің иесі болғаннан көп артық»,-деген. (Қызыл түсті түйе сол кезде араб әлемінің ең құнды тауары саналды). Пайғамбардың келесі хадисінде: «Сіздер кешірімділердің кешірімдісі кім екені туралы хабардарсыздар ма? Кешірімділердің кешірімдісі А..Т... және мен – хазірет Адамның ең кешірімді перзентімін. Менен кейін сендердің араларыңдағы ең кешірімділері біліммен қаруланып, оны басқаларға тарататын адам. Мұндай адам қиямет күні үмбет түрінде көтеріледі. Үмбет деген түсінік мұғалімдердің адамзат қоғамына тағылым-тәрбиелерін таратқан сайын әсерлерінің кеңейіп, шәкірттерінің саны да көбейеді. Имам Әли (ғ.с.) әр қоғам мен әр тап үшін мұғалімді құрметтеуді қажет деп, мұсылмандарға атқарған қызметтеріне қарай мұғалімдерді әкесіндей көруге кеңес берген. Осы салада хазірет: «Тіпті патша болсаңдар да әкелерің мен мұғалімдеріңді ұмытпаңдар»,-деген болатын. Хазірет Зейн әл-Абедин (ғ.с.) қоғамдағы әртүрлі таптардың құқықтарына тоқталып, мұғалімдерді қоғамның ең жақсы табы деп санап, достары мен жақтастарына мұғалімдер мен ұстаздардың құқықтарын сақтау туралы ақыл-кеңес беріп, өзінің «Құқық» жинағында: «Мұғаліміңе тағзым етіп, жиналыстарда құрметтеп, оның сөздерің тыңда»,-деп айтқан. Рауаяттардың бірінде: «Мәдинеде Абдулрахман Салами деген мұғалім имам Хусейн (ғ.с.)-ның перзенттерінің біріне «Хамд» сүресін үйретеді. Баласы әкесінің қасына келіп, сүрені оқып бергеннен кейін имам Хусейн (ғ.с.) қуанып, мұғалімді шақырып, оған бір мың динар сыйлайды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ға сыйдың көп болуы туралы айтылған кезде хазірет: «Бұл сыйдың құны қандай, «Хамд» сүресін үйренудің құны қандай?»-деп жауап береді.