Ақп 20, 2022 17:48 Asia/Almaty
  • Құранда аталған әйелдер (12)

Құран Кәрім пәктік пен тазалықты қоғамның қауіпсіздігі мен саулығының қасиетті мекені етіп, оның маңыздылығында Юсуф пайғамбардың (ғ.с.) қиссасын атап өтеді. Бұл хикаяда әйелді нәпсі ауасы баурап алады, ол теріс жолға түседі, бірақ Юсуф пайғамбардың (ғ.с.) дұрыс және саналы әрекеттерінің нәтижесінде мақсатына жете алмайды.

Пәктік - әрбір адамның ең құнды адамгершілік қасиеттерінің бірі және әсіресе әйел адамның адамгершілік және тұлғалық көрсеткіші. Алайда, бүгінгі күні адам баласының шешімін таппаған мәселелерінің бірі – қоғам денсаулығына қауіп төндіретін моральдық ауытқулардың болуы және сонымен бірге оның маңыздылығының назардан тыс қалуы. Исламның ұлық пайғамбары: «Сіздердің ең жақсы әйелдеріңіз - пәк әйелдер»,- деген. Хазіреттің Мекке әйелдерімен келісімшарт баптарының бірі әйелдердің пәктіктің сақшысы болуы болды. Пайғамбардың (с.ғ.с.) әйелге ерекше мән беруі әйелдердің махаббат пен сүйіспеншілік пен тәндік нәзіктіктен ләззат алуынан деп айтуға болады. Отбасы орталығы тұрақты болу үшін Алла Тағала олардың өмірін мейірім мен сезімге толтырды.

 

Құран Кәрім пәктік пен тазалықты қоғамның қауіпсіздігі мен саулығының қасиетті мекені етіп, оның маңыздылығында Юсуф пайғамбардың (ғ.с.) қиссасын атап өтеді. Бұл хикаяда әйелді нәпсі ауасы баурап алады, ол теріс жолға түседі, бірақ Юсуф пайғамбардың (ғ.с.) дұрыс және саналы әрекеттерінің нәтижесінде мақсатына жете алмайды.

Құранда ізгі әйелдердің орны игі, жоғары және теңдессіз ерлердің орнымен тең. Бірақ бұл кітап әркім сабақ алуы және адасу жолына түспеуі үшін күнәһар адамдардың, мейлі еркек болсын, мейлі әйел болсын оқиғасын әртүрлі жолмен ескертеді. Зулейханың ғибратты хикаясы өз заманының пайғамбары Юсуфтың (ғ.с.) өте әдемі мінез-құлқымен бірге «Юсуф» сүресінде баяндалған. Алла оны ең жақсы оқиға деп атады.

Юсуф пайғамбар хазірет Яқубтың көркем адамгершілік қасиеттері бар ұлдарының бірі. Ол байсалды, иманды, сыпайы, көрікті болып, әкесінің көзайымына айналды. Бірақ ағалары оны қызғанып, онымен ойнаймыз деген сылтаумен оны құдыққа лақтырып жіберіп, әкесі Яқубтан алыстатқысы келді. Хазірет Юсуф тасталған құдықтың жанынан керуен өтті. Кеуіеннің адамдарының бірі су алу үшін шелекті құдыққа лақтырғанда, Юсуф оған асылып, сыртқа шықты. Хазірет Юсуф құл базарында сатылып, Мысыр басшысы балалары болмағандықтан, оны сатып алып, әйелі Зулейхаға тапсырды. Хазірет Юсуф  сол үйде өсті, Алла оған білім мен хикмет берді. Мысырдың  патшайымы Зулейха хазірет Юсуфты балалық шағында асырап алып, қолында өсірді. Бірақ хазірет Юсуф жастық шағынан өтіп, кәмелеттік жасқа жетуімен және  ерге тән кемелдіктерінің көрінуімен Зулейханың қызығушылығы өзгерді. Хазірет Юсуф ұзын бойлы, қалың қолы, кең әрі әдемі жүзі, қарапайымдылығы, жан тазалығы және басқа да құнды қасиеттері оны кез келген әйелдің идеалына айналдырған.  

 

أفضَلُ العِبادَةِ العَفافُ

Мысыр басшысының сүйікті әйелі Зулейха Юсуфты (ғ.с.) күнәға итермелеу үшін барлық жағдайды жасап, оған ешбір жолды қалдырмаған жағдайда, ол Зулейхаға: «Алла сақтасын, Алладан пана сұраймын»,- деп жауап берді. Сөйтіп, хазірет Юсуф Алланың жәрдемімен, оған деген иманымен Зулейханың заңсыз өтінішін үзілді-кесілді қабылдамады және оған ешқашан бағынбайтынын түсіндірді. Сондай-ақ, баршаға қиын жағдайда шайтан мен шайтан  мінезділердің азғыруларынан құтылудың жалғыз жолы – Алладан пана сұрау екенін үйретті. Өйткені Алланың еркіне ештеңе қарсы тұра алмайды.

Хазірет Юсуф илаһи пайғамбарлардың бірі болды. Жастық шағынан оның Аллаға деген иманы ерекше байқалып, болмысы илаһи махаббатқа толы еді. Бірақ Зулейха өз жолын талап етті. «Юсуф» сүресінің 25-29 аяттары, хазірет Юсуфтың қашып кетуі және Зулейханың артынан қууы туралы былай деді: «Екеуі есікке жүгірді де әйел, оның жейдесін арт жағынан жыртып алып қалды. Екеуі есік алдында әйелдің қожайынына кездесіп қалып, әйел еріне: “Сенің жұбайыңа жамандық ойлаған біреудің жазасы сөзсіз абақты немесе жан түршігерлік азап” деді. Юсуф (ғ.с.): “Ол, көңілімді өзіне тарпақшы болды” деді. Әйел жағынан бір айғақ: “Егер Юсуфтың жейдесі алдынан жыртылса, әйел шын айтты да ол, өтірікшілерден болады”. “Оның жейдесі артынан жыртылса, онда әйел өтірік айтты да Ол, шыншылдардан” деп куәлік берді… Сонда оның жейдесінің арт жағынан жыртылғанын көрген ері: “Міне бұл, әйелдер, сендердің қулықтарың. Расында сендердің амалдарың үлкен” деді. Юсуф, мұны қоя сал! Ханым, сен күнәң үшін жарылқану тіле! Расында сен қателесушілерденсің!”-(деді).  

Зерттегеннен кейін Мысыр басшысы ақыры әйелінің сөзінің сатқындық және өтірік екенін түсінді. Бірақ бұл оқиға әшкере болып, беделі түсіп қала ма деп қорқып, оны жасыруды жөн көрді. Ол хазірет Юсуфке: «Юсуф,  бұл оқиға туралы ештеңе айтпа» және әйеліне: «Күнәң үшін тәубе ет, өйткені сен күнәкарсың»,- деді. Бірақ ақыры құпия сарайдың сыртына таралды. Бұл туралы «Юсуф» сүресінің 30-шы аятында: «Қаладағы қатындар: “Бастықтың әйелі жігітінен көңілі қыпты. Расында біз оны ашық адасушы көреміз” деп өсектеді»,- деп айтылды.

Әйелдерінің сөздерін естіген Мысыр басшысының әйелі бір шешім ойлап, оларды қонаққа шақырды. Зулейха оларды жәйлі орындарға отырғызып, жеміс-жидек жеуге шақырды. Ол әрқайсысына пышақ берді (жемістерді кесу үшін). Содан соң әйелдер оны айыптамау үшін ол Юсуфке осы жиналысқа кіруді бұйырды. «Зулейха, қатындардың өзіне сөгіс бергендіктерін естігенде; оларға шақыру жіберіп, олар үшін сүйеніп отыратын диван әзірледі де әрбіреуіне пышақ беріп, Юсыпқа: “Шық, оларға көрін!”,-деді. (Жеміс кесіп отырған қатындар,) оны көрген сәтте, бір түрлі ірі бағалап (естері шығып), өз қолдарын турады. Қатындар: “Ой Алла! Мынау адам емес; бұл біртүрлі құрметті періште-ақ қой” десті». («Юсуф» сүресі, 31-ші аят).  Осылайша Мысыр басшысының әйелі олардың көз алдында Юсуфке деген сүйіспеншілігін ақтады. Ол сол жиында  кінәсін мойындады: «Иә, мен оны өз басымды пайдалану үшін шақырдым, бірақ ол өзін ұстады»,- деді.  Содан соң: «Егер Юсуф менің бұйырғанымды орындамаса, оның міндетті түрде түрмеге жабылып, түрмеде қорлық көреді»,- деп жариялады. Зулейха оларға “Ал міне, мені өсектегендерің осы. Расында оның көңілін мен қаладым. Сонда да абырой сақтады. Және де ол, әмірімді орындамаса, әлбетте абақтыға салынып, қор болушылардан болады” деді. («Юсуф» сүресі, 32-ші аят). Хазірет Юсуфке жан-жақтан қиындықтар туындаған жағдайда ол батыл шешім қабылдады. Ол нәпсіқұмар әйелдермен сөйлеспей, Аллаға жалбарынды. (Хазірет Юсуф): «Раббым! Бұлардың, мені істеуге шақырған істерінен маған зындан сүйкімдірек. Егер бұл қатындардың сұмдықтарын менен бұрмасаң, оларға бейімдеп надандардан боламын” деп тіледі. («Юсуф» сүресі, 33-ші аят). Алла Тағала хазірет Юсуфтың дұғасын қабыл етіп, әйелдердің айла-шарғысын одан қайтарды, ақыры Юсуфтың пәктігі мен сүйікті мысырлық әйелдің пәктігі дәлелденді.

Бұл әңгіменің бойында өте нәзік тұстар көтеріліп, олардың әрқайсысы тағылымды. Олардың ішінде ең маңыздысы, адам иман мен тақуалық жолына түсу арқылы нәпсіні өз бақылауына  ала алады және өмір жолын  Юсуф пайғамбар сынды жүріп өте алады. Тәндік қалаулар мен нәпсі сонша, егер шек сақталмаса,   бақыланбаса, адамның хайуандық өлшемі адам өзінің адамдық парызын ұмыттатындай күшті болады. Зулейха құдіретті әйел болғанымен, өзінің шынайы және адамдық құндылығын ойлаудың орнына, нәпсісіне еріп, нәтижесінде адасу жолына түсті. Бірқатар тарихи жазбаларға қарағанда, Зулейха күйеуі Путифар қайтыс болып, Мысыр басшысы хазірет Юсуф болған кезде бірте-бірте кедей және дәрменсіз күйге түседі, жастығын мен сұлулығынан айырылды. Ол хазірет Юсуф жоқта көп азап шекті, қателіктерін өтеп, таухидке бет бұрды.

 

 

 

 

Тегтер