Жетекшілік хадисы 10
Бүгінгі бағдарламада ғылым мен амалдың бірге жүру қажеттілігіне тоқталамыз.
Исламның ұлық пайғамбары мен пәк имамдардың ғалымдарды бағалап, оларға құрмет көрсетуіне қарамастан, егер бұл ғалымдардың сөздері амалдарымен бір болмаса, жеміссіз ағашқа тең болады. Ғалым қоғам үшін ғылыми амалымен бірге жүрсе ғана пайдалы. Өкінішке орай, жеке наданмен салыстырғанда қоғам үшін зияндары көбірек ғалымдар да кездеседі. Ислам дінінде ғалымдарға ерекше көңіл бөлінеді. А..Т... олардың қадамын береке және ғибадат деп санайды. Әрине мұндай көңіл бөлу білімдері жақсы амалдарымен бірге халыққа бақыт пен жақсылыққа жетудің жолын көрсететін ғалымдардың сипаттары болып саналады. Исламның ұлық пайғамбары: «Үмбетімде екі тобым бар, егер олар дұрыс өзгерсе, үмбетім де дұрыс жолға қарай өзгереді. Егер олар бұрыс жолға түссе, үмбетім де бұрыс жолға түседі»,-деген. Хазіреттен: «Уа, А.. елшісі, бұл екі топ кім?»-деп сұрағанда пайғамбар «Ғалымдар мен басшылар»,-деп жауап береді. Білім мен амал тығыз қарым-қатынасқа ие. Білім – дұрыс амалдың бастамасы, ал ғамал білімнің іске асуына себеп болады. Исламның ұлық пайғамбары «Әр адам білгеніне сай амал етсе, А..Т... оны білмейтін нәрсесіне мұрагер етеді» деген екен. Бұл сөз адамның білгеніне сай амал етуі ол үшін білмейтін нәрселердің белгілі болуына себеп болып, А..ның оның жүрегіне хикметтің дәрілерін ашатынын анықтайды. Діни мәдениетте ғамалсыз ғалым науқас адамның дәрігерге келіп, ем нұсқаларын алып, бірақ нұсқалардағы емді қолданудың орнына басқаларды үйретіп, соңында емделмей, өзі өліп қалатын адам сынды. Имам Әли (ғ.с.)-ның хадистерінің бірінде: «Әй, халық! Мәліметтен хабардар болғанда, соған сәйкес амал етіңдер. Сонда дұрыс жолға түсесіңдер. Өйткені біліміне қайшы амал еткен ғалым еш уақытта надандығын түсінбейтін надан сынды» деді. Келесі бір сөзінде: «Білім ғамалмен бірге жүреді. Бір нәрсені білген адам соған сай амал етуі керек. Білім айқайлап, амалды шақырады. Егер ол оң жауап бермесе, ол жерден қоныс аударады»,-деген болатын. Кейбір ғалымдар ғылыми түсініктерді жаттап алады немесе Құран мен аяттарды жадында сақтағанымен өз ілімінен бейқам қалып, оны пайдаланбайды. Ілім олардың тек тілінде қалып, еш нәрсеге әсер етпейді. Имам Әли (ғ.с.) өзінің нұрлы сөздерінің бірінен: «Ғалым оның сөзінің дұрыстығын ғамалы растайтын адам»,-деп оқимыз. Имам Садық (ғ.с.)-ның хадистерінің бірінде: «Ғалым оның сөзін ғамалы растайтын адам. Ғамалы сөзінің дұрыстығын дәлелдемесе, ол адам ғалым емес»,-деген болатын. Ғалымдар көбінесе ілімін ғамалымен жарнама етеді. Келесі бір хадисында имам Садық (ғ.с.): «Халықты жақсылыққа сөзбен емес амалдарыңмен шақырыңдар»,-деген болатын. Адамдарды дұрыс жолға нұсқау және оларға сабақ берудің ең әсерлі жолдарының бірі ұстаздың өз біліміне қарай амал етуі саналады. Мұндай амал шәкірттің өзінің үйреніп жатқанын ұстаздың ғамалдарынан көріп, үлгі алуына себеп болады. Имам Садық (ғ.с.): «Амал етпейтін ғалымның сөздері жаңбыр жауған кезде Меккедегі Сафа тауынан ағып кететін су сынды тындарманның жүрегінде қалмайды»,-деген болатын. Әрине білім меңгерудің көптеген қиындықтары бар. Бірақ бұл қиындықтар білімнің берекесімен салыстырғанда ешнәрсе емес. Имам Әли (ғ.с.) осы туралы: «Білімнің екі түрі кездеседі. Біреуі тілдің ұшында қалады, яғни оның пайдасы жоқ. Қияметте білім иесіне «Неге біліміңді кәдеге жаратпадың?» деген сұрақ қойылады. Білімнің екінші түрі адамның жүрегіндегі ілім. Ол іске асырылса иесі үшін пайдалы»,-деген. Бұл мәлімет жоғары маңызға ие. А..Т... «Жұма» сүресінің 5-ші аятында білімін іске асырмайтын ғалымды кітаптарды тасымалдайтын, бірақ солардың еш пайдасын көрмейтін малмен салыстырады. Білім амалдың сапасына да маңызды әсерін тигізеді. Хабардар және білім негізі бойынша орындалған ғамал надан жағдайда орындаған істер жоғары. Сол себепті А..ның алдында ғамалдың қабыл болуынын шарты оны біліп, түсініп орындау болып табылады. Яғни амалсыз білім қабыл болмайды. Имам Бақер (ғ.с.): «Ешбір ғамал білімсіз қабыл болмайды. Жүзеге асырылмайтын білімге орын жоқ. Білім адамды амалға жігерлендіреді. Білімсіз адам үшін ғамал да жоқ»,-деп айтқан. Бұл хадис ілім мен ғамалдың бірге жүруін қуаттайды. Әйгілі ғалым имам Хомейни өзінің білімін ең жақсы түрде пайдаланды. Ол: «Білім жалғыз болса, әсер етпейді, керісінше кейде зиян келтіреді. Ғамалсыз білім нәтиже бермейді. Білім мен ғамал – адамды адамгершілікке жеткізетін екі қанат»,-деген болатын.