Сәу 23, 2016 18:50 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 9

Даналар мен илаһи үлемдердің ерекше көңіл бөліп, қуаттаған мәселелерінің біріне ғалымдар отырыстарына қатысу жатады.

 Лұқман хакім перзентіне берген ақыл-кеңестерінің бірінде: «Ұлым! Ғалымдардың жиындарына қатыс, олармен қатар отыр. Өйткені А..Т.. аспаннан жауған жаңбырмен жерді жаңғыртқандай, хикметтің аясында жүректерді жаңдандырады»,-деген болатын. Осыған орай бүгінгі бағдарламада ғалымдармен бірге жиындарға қатысуға байланысты хадистерге тоқталамыз. А.. елшісінің көзқарасынша жақсылармен бірге жиынға қатысу өте маңызды. Осы мәселе хазіреттің көптеген хадистері мен рауаяттарында айқын көрсетілген. Хазірет жақсылармен қарым-қатынасты болуды ғибадат деп санайды. Хадистердің бірінде былай деп айтылған. «Ансарлық ер адам А...елшісінің қасына келіп: «Уа, А..елшісі! Егер жерде жерлеуді күтіп мәйіт жатса, ал басқа жақтан ғалымдардың отырысы да басталып жатса менің қай жерде болғаным дұрыс?»-деген сұрақ қояды. А..елшісі: «Егер мәйітті жерлейтін басқа адамдар болса, жаназа шығарып, адамды жерлеу рәсімінен және мыңдаған науқастың көңілін сұрап барудан, мыңдаған түнгі намаз бен мыңдаған күн ұстаған оразадан және мұқтажға берген мың садақадан, сондай-ақ мың мұстахаб қажылық пен А.. жолында мүлкі мен жанын қиятын мың жиһадтан гөрі ғалымдардың отырысына қатысу бек артық. А... бағынып, Оған ғибадат жасаудың іліммен байланысты екенін, сонымен қатар дүние мен ақыреттің жақсылығының да білімге қатыстылығын және дүние мен ақыртеттегі жамандықтың надандықпен байланысты екенін білмейсің бе?»-деп жауап берді. Жақсы адамдар мен ғалымдардың арасында отыру адамды дұрыс жолға нұсқап, жүректерді нұрландырады, хабарсыз адамды рухани құндылықтарға қарай ынталандырады. Осыған орай исламның қасиетті діні және исламның ұлық пайғамбары мен хазірет әулетінің өмірбаяны әрқашан ғалымдар мен діни үлемдерді құрметтеуді қуаттайды. А..Елшісі: «Ғалымдарға қарай жүрген адамның маған қарай жүргені. Ғалымды зиярат етуге барған адам мені зиярат еткендей болады. Сондай-ақ, ғалымдармен бірге отыратын адамдар менімен бірге отырғандай, ал менімен отырған адам Ж..мен отырғандай болады»,-деп айтқан. Иманның жоғары сатысына ие ғалымдар көбінесе басқаларға ықпал етіп, олармен өзінің ойлау және сенім ерекшелігімен бөліседі. Имам Саджад (ғ.с.) осы туралы: «Жақсылармен бірге болу адамды жақсылық жасауға қарай жігерлендіреді. Ғалымдармен пікір алмасу адамның көзқарасын кеңейтеді»,-деген болатын. Хадистердің бірінде имам Әли (ғ.с.): «Ғалымдармен бірге болатын адам құрметке ие болады. Уақытын жаман адамдармен өткізген кезде төмендеп, өзі де жамандыққа бет бұрады»,-деген. Сонымен қатар хазірет: «Іліміңді өрістетіп, нәпсіңді тазарту үшін ғалымдармен жиынға қатыс»,-деген. Шынайы ғалым жоғары орынға ие. Оның А..ның алдындағы беделі пайғамбарлардан кейінгі сатыда. Олар қияметте пайғамбарлар сынды А..ның рұқсатымен шапағат ете алады. Олар пайғамбарлардың мұрагерлері, сол себепті олардың жүздеріне қарау ғибадат саналады. Ғылымына сай амал ететін ғалым онымен бірге отыруға лайықты. Хакім Лұқман перзентіне насихат айтқан кезде: «Балам! Ғалымдармен қарым-қатынас орнатып, олардың үйлеріне барып, оларды зиярат етіп тұр. Олармен қарым-қатынас жасап, олардың сөздерін тыңдасаң өзің де олардың бірі боларсың»,-деген болатын. Жиналыстарына қатысып, олардан білім алатын және тіпті оларға қарау ғибадат саналатын ғалымдар қандай ғалым? Бұл сұраққа «Шәксіз, адамды ақиқаттан алыстататын ғалымның онымен қарым-қатынас орнатуға лайық емес» деп жауап беру қажет. Имам Садық (ғ.с.) хазірет Исаның апостолдарына айтқан сөзіне сілтеме жасап: «Апостолдар хазірет Исадан кіммен қарым-қатынас орнатып, дос болулары керектігін сұрайды. Хазірет Иса: «Көргенде Құдайды еске түсіретін, сөздері білімдеріңе білім қосатын, ғамалдары ақырет туралы ойлануға жігерлендіретін адаммен дос болыңдар»,-деп жауап берген»,-деп айтқан болатын. Имам Мұса Казем (ғ.с.) да осы туралы: «Кез-келген ғалыммен қарым-қатынас орнатып, кез-келген ғалымның жиналыстарына қатыспаңдар. Тек сендерді бес нәрседен жирендіріп, басқа бес нәрсеге асық болуға шақыратын ғалыммен бірге болыңдар. Сендерді күмәннен сенімге, тәкаппарлықтан қарапайымдылыққа, екіжүзділіктен ықыласқа, дұшпандықтан жақсылық жасауға, дүниеқұмарлықтан сопылыққа шақыратындармен бірге отырыңдар»,-деген болатын.