Сәу 23, 2016 18:54 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 8

Құран Кәрімнің «Маджәделе» сүресінің 11-ші аятында: «Алла Тағала иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді»,-деп айтылған.

А..Т... бұл аятта ілім мен білім иелерін басқа жаратылыстарынан артық көреді. Осы аятпен бірге басқа аяттар және пайғамбар мен хазірет әулетінің көптеген рауаяттарында ғалымдардың маңыздылығы туралы айтылған. Осыған орай бүгінгі бағдарламада ғалымдардың жақтастарының хадистеріне тоқталамыз. Әрине А..ның алдында үлемдердің дәрежесі басқа адамдардың деңгейіндей емес екендігіне күмән тумайды. Рауаяттарда үлемдердің дәрежелерінің жоғары болуы туралы «Маджәделе» сүресінің 11-ші аяты түсірілгеннен кейін пайғамбардың сахабасы Абузардың осы туралы хазіретке сұрақ қойғаны туралы айтылған. Пайғамбар: «Әй, Абузар! Білім меңгерем дегендерді А..Т..., періштелер мен пайғамбарлар жақсы көреді. Ғылым іздеп, үйінен шыққан адамға Ж... Бадр шайқасының шәһидтерінің сауабындай сый береді. Сол себепті білім-ғылымды жақсы көретін адамға жәннәт уәжіп болып, оның таңы мен түні А..ризалығына ие болады»,-деп жауап береді. Содан соң пайғамбар: «Бұл артықшылықтардың барлығы Құранның осы аятына сәйкес»,-деді. Ислам дінінде үлемнің мақамы өте жоғары, тек пайғамбарлар мен әулиелер ғана олардан жоғары саналады. Хазірет Әли (ғ.с.) осы мәселе туралы: «Кімде-кім білім-ғылым жолында жүрген кезде қайтыс болса, оны мен пайғамбарлардың арасында тек бір дәрежеде ғана қашықтық болады»,-деп айтқан болатын. Құран мәдениетінде үлем, данышпан деп үлкен білімнен хабардар сауатты адамдарды айтпайды, қырағылық пен түсінудің жоғары деңгейіне ие және өздерін танып, ойлары мен амалдары хақ пен рухани негіздерге сүйенетін адамдарды айтады. Исламның басындағы әйгілі хадисшы және пайғамбардың сахабаларының бірі Джабер бен Абдолла Ансаридің рауаяттарының бірінде пайғамбардың: «Үлем деп ойланып, ой-пікірін пайдаланып сөйлейтін және А..ға бағынатын, сондай-ақ, А..ны ренжітетін істерден тартынатын адам»,-деп айтқаны туралы баяндалған. А..Т... үлемдерді қоғамдағы басқа адамдардан жоғары деп таныстырып, оларды адамдардың басшысы етіп сайлап, «Зумр» сүресінің 9-шы аятында басқа адамдармен салыстырғандағы олардың ерекшеліктеріне тоқталып: «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?»-дейді. Исламның ұлық пайғамбары үлемнің ғибадат жасайтын адамнан жоғары болуы туралы: «Үлемнің сопыдан артықшылығы күннің көзінің жұлдыздардан артықшылығындай, сопының сопы еместерден артықшылығы айдың жұлдыздардан жоғары болуындай»,-деген болатын. А..Елшісінің көзқарасынша, үлем күні-түні Ж...ға ғибадат ететін сопыдан артық. Әрине, сопының да ғамалы илаһи әрі үлкен ғамал. Оның ғибадаты Құранның айтуынша, «адамның жаратылысының мақсаты». Алайда ғибадаттың рухы білім болғандықтан, үлем сопыдан артық саналады. Үлемнің сопыдан артық болуы оның білім шырағын пайдалануымен қатар, сопының тек өзін ғана ойлауына, ал ғалымның басқалар туралы ойлануына байланысты. Сопы тек өзін құтқаруды ойласа үлем халықты құтқаруды ойлайды. А..ның соңғы пайғамбары келесі мәселеге көркем тоқталып: «Мұхаммадтың жаны қолында Ж...мен ант етемін. Данышпаны бар әр дін Ібіліс үшін мыңдаған сопыдан қиын. Өйткені сопы өзін ойлайды, ал данышпандар басқалар туралы ойлайды»,-деген болатын. 

Келесі бір хадисында хазірет: «Үлемнің сопыдан артық болуының себебі шайтан халықтың арасына бедғат таратады, үлемдер соны түсініп, халыққа да хабарлайды. Бірақ сопы өзінің ғибадатымен айналысып, бедғаттарға көңіл бөлмейді және оларды танымайды»,-деген. Ұстаз бен тәрбиешіні құрметтеп, олардың алдында қарапайым болу ахлақтың жақсылығын көрсетеді. Шын мәнінде тәлім-тәрбие беретін жерде орналасқан адам қадірлі. Үлем халықтың жағдайын ойлап, олардың бақыты үшін талпыныстар жасап, қиямет күні басқаларға шапағат ету мүмкіндігіне ие болады. А..Елшісі осы туралы: «Данышпан мен сопы қиямет күні жауап берген кезде, сопыға: «Жәннәтқа кіріп, жасаған ғибадатыңа қарай жәннәттің нығметтерінен пайдалан», ал данышпан-үлемге: «Мына жерде тұрып, шапағат еткің келген адамға көмектес. Сенің шапағатың қабыл болады»,-делінеді. Осылайша үлем пайғамбарлардың орнында тұрады.